Нақтыланған бюджет — атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет.
Облигация - шығару кезінде айналыс мерзімі алдын ала белгіленген, оны шығару шарттарына сәйкес облигацияны шығарған тұлғадан ол бойынша сыйақы алу және оның айналыс мерзімінің аяқталуы бойынша облигацияның ақшалай немесе өзге де мүліктік балама түріндегі нақты құнын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Облигациялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретінде шығарылады.
Портфелдік инвестиция — қор рыногында конъюнктураның өзгеруіне қарай кейіннен сату үшін бағалы қағаздарды сатып алу; несиегерге тәуелсіз қарызгерге кредит беру. Портфелдік инвестицияның негізгі мақсаты – алып- сатарлықпен (қор рыногында ойнаудан) пайда алу немесе кредит бойынша пайыз алу.
Ревизия – кәсіпорындар мекемелердің қаржылық –шаруашылық қызметінің заңды түрде және мақсатқа сәйкес жүргізілуін алғашқы ақша құжаттары мен бухгалтерлік жазбаларды зерттеулерге негізделген тексеру.
Сақтандыру - сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Сақтық рыногы — сақтандыру бойынша қызметтер көрсету саласы,бұл қызметтерді сақтық компаниялары көрсетеді.
Сақтық ұйымы (сактандырушы) - уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарының жасалуы мен орындалуы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
Салықтар - жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатында. заң негізінде. сондайөақ заңда белгіленген мөлшерде және уақытта салық төлеушілердің бюджеттерге төлейтін қайтарылмайтын түрдегі. жекелей ақысыз негіздегі міндетті ақшалай төлемдері.
Салықтық бақылау - салық службасы органдарының салық заңнамасының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылауы.
Салықтық тексеру - салық службасының органдары жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы салық заңнамасының орындалуын тексеру. Ұйғарымда көрсетілген салық службасы органдарының лауазымды адамдары мен салық төлеуші салықтық тексерулеріне қатысушылар болып табылады.
Салықтық түсімдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетгі төлемдер.
Секвестр- бюджет қаражаттарын жұмсауға белгілі бір шектерде тиым салуды көздейтін арнайы тетік, ол бюджетті атқару кезінде бекітілген бюджетке түсетін түсімдер қысқартылған, соның нәтижесінде бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмайтын жағдайда енгізіледі.
Сыртқы қарыз — қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті емес, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резиденті болатын қарыз қатынастары.
Сыртқы сауда - Қазақстан Республикасынан тауарлар әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына тауарлар әкелумен байланысты сауда қызметі.
Тауар - айналымнан алынбаған, сатуға немесе айырбасқа арналған кез келген еңбек өнімі.
Трансферттер - бюджетке және Қазақстан Республикасының ұлттық қорына, сондай-ақ бюджеттен, соның ішінде жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының ұлттық қорынан бюджетке төленетін өтеусіз және қайтарылмайтын төлемдер.
Ұлттық қор - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері.
Хеджерлеу - коммерциялық және валюталық қатерден сақтандыру, оның мәні нақты тауарды ұқсас мерзімге сатумен бір мезгілде фьючерстік келісім шарттарды сатып алуда (сатуда) және тауарды нақты жеткізу мерзімі басталғаннан кейін кері операция жүргізуде. Хеджерлеуді пайдалана отырып, тауар иесі оның құнсыздануы салдарынан болатын шығасыдан сақтандырады, бірақ баға көтерілгенде ықтимал пайдадан бас тартпайды.
Эмиссиялық бағалы қағаздар — бір шығарылым шегінде осы шығарылым үшін бірдей жағдай негізінде орналастырылатын және айналымда болатын, біртекті белгілері мен реквизиттері бар бағалы қағаздар.
Эмиссиялық емес бағалы қағаздар - заңнамалық актілерде көрсетілген белгілерге сәйкес келмейтін бағалы қағаздар.
Эмитенттер — қодданылып жүрген заңдарға сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалар.