Қамтамасыз етілген облигация - Бұл облигация бойынша эмитенттің міндеттемелерін орындауы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес эмитенттің мүлкін кепілге салумен, кепілдемемен және басқа да тәсілдермен қамтамасыз етіледі.
Қаржы — ақша қаражатын, қаржы ресурстарын олардың жаса-луы мен қозғалысы, бөлінісі мен қайта бөлінісі тұрғысынан алып қарайтын, сондай-ақ шарушылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айырысуларға, ақша айналысына байланысты туындайтын экономикалық қатынастарды білдіретін қорытындылаушы экономикалық термин.
Қаржы агенттігі - Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы банк немесе ұйым, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәуілетті және сол мақсаттарда Қазақстан Республикасының қаржы нарығында және (немесе) халықаралық қаржы нарығында қарыз алуды жүзеге асырады.
Қаржы есептемесі — егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, нысаны мен көлемін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік мекемелердің қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және олардың қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат.
Қаржы есептемесін бақылау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің қаржылық есептемесін жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақтылығын бағалау.
Қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы қатынастары мен қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада — мемлекеттің қаржы мекемелерінің жүйесі.
Қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клиринг - Қаржы құралдарымен мәмілелер жасаудың нәтижесінде жүзеге асырылатын есеп айырысуларға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен міндеттемелерін есепке жатқызу.
Қаржы құралы - Қазақстан Республикасының аумағында айналымға жіберілген бағалы қағаздар (соның ішінде туынды бағалы қағаздар) және қаржы нарығының басқа да активтері.
Қаржы құралы - Қаржылық міндеттеменің кез келген түрі.
Қаржы менеджменті - кәсіпорында инвестицияларды қоса барлық қаржы процестерін қалыптастыру және реттеу, жоспарлау, шешімдер қабылдау, өкімдер әзірлеу және бақылау сатыларын қамтиды; демек, бұл ұғымның ауқымы тар мағынадағы қаржылық жоспарлау ұғымының ауқымынан кең. Стратегиялық қаржы менеджменті инвестицияларды және капитал құрылымын ұзақ мерзімді басқаруды қамтиды. Оралымды қаржы менеджменті өтімділікті қамтамасыз етуге жатады.
Қаржы министрлігі - кредиттік, валюталық, ақша, салық және кедендік саясаттармен өзара байланысты мемлекеттің бірыңғай қаржылық саясатының стратегиялық бағыттарын әзірлеу және іс жүзінде жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттің сыртқы экономикалық қаржылық саясатын әзірлеуді жүзеге асыратын орталық қаржылық экономикалық орган.
Қаржы нарығы - қаржы қызметтерін көрсету және тұтынуға, сондай-ақ қаржы құралдарының шығарылуы мен айналысына байланысты қарым- қатынастар жиынтығы.
Қаржыландыру - Ағымдағы шығындар мен күрделі жұмсалымдарды қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету кәсіпорынның (компанияның) немесе мемлекеттің меншік қаражаттарының, тартылған, қарыз қаражаттар мен басқаларының есебінен жүзеге асырылады.
Қаржыландыру — ұлттық шарушылықты дамытуға, әлеуметтік-мәдени шараларға, қорғанысқа және басқа қажеттерге жұмсалатын қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; кәсіпорындардың, бірлестіктердің меншікті қаражаты, мемлекеттік бюджеттен және басқа көздерден бөлінетін қаржы есебінен жүзеге асырылады.
Қаржылар 1 - материалдық категория ретінде – мемлекет меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығы.
Қаржылар 2 - экономикалық категория ретінде мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу, сондай-ақ пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Қаржылық бақылау – қаржылық қызмет қатысушыларының өз қаржылық міндеттемелерін орындауларын тексеру, жөніндегі мемлекеттік органдарының іс-әрекеті.