Айлық есептік көрсеткіш



бет5/8
Дата19.04.2022
өлшемі38,5 Kb.
#31462
1   2   3   4   5   6   7   8
Корпоративтік сектор (corporate sector) - Экономиканың пайда алу үшін жұмыс істейтін компаниялардан құралатын бөлігі. Экономиканың осы секторына мемлекеттік сектор, ұлт меншігіне айналдырылған салалар, жекеменшік тұлғалар мен ерікті ұйымдар, мысалы, Ұлыбританияда жеке секторға жататын қайырымдылық ұйымдар қарсы тұрады.

Көгілдір фишкалар - Өздері алатын табыстары мен төленетін дивидендтерінің жоғары көрсеткіштерімен, қызметінің орташадан жоғары деңгейімен өздерін танытқан, аты барынша белгілі ірі компаниялардың әдеттегі жай акциялары.

Кредитор— Қазақстан Республикасының бюджеттік және азаматтық заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беретін кредит шартының тарабы. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттеу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі кредитор болып табылады. Бюджеттік кредиттеу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан әрекет етеді.

Кредиттік шарт бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезінде тараптардың құқықтық қатынастарын белгілейтін, кредитор, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және қарыз алушы арасындағы келісім.

Күшін жою - Кұшін қайтару, үзу, тоқтату, күшінде жоқ деп тану.

Кірістерді бөлу нормативі - кірістерді әр түрлі деңгейлер бюджеттерінің арасында бөлудің пайыздық арақатынасы.

Қазақстан Республикасының резиденттері - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кұрылған, Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және (немесе) оның шегінен тыс жерлерде орналасқан олардың филиалдары мен өкілдіктері.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес — Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиімді пайдалану және оны қаржылық активтерге және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерді орналастыру жөнінде ұсыныстар талдап-жасайтын консультациялық-кеңесші орган.

Қазынашылық міндеттеме — ерікті негізде халық арасында таратылатын мемлекеттік бағалы қағаздардың түрі, ол иелерінің ақшалай қаражатты бюджетке аударғанын куәландырады және осы бағалы қағаздарды бүкіл иелену кезеңінде тіркелген табыс алуына құқық береді.

Қайта инвестициялау (reinvestment) - Инвестициялық операциялардан табыс түрінде алынған қаражатты қайтадан қосымша құю. Қайта инвестициялау қызметінің бағыттары инвестициялардың өздерінің бағыттарымен бірдей. Қолданылу саласы әдетте бағалы қағаздар болып табылатын қаржылық қайта инвестициялау мен нақты қайта инвестициялау - кәсіпорындардың негізгі және айналымдық капиталына, ғылымға және т.б. қаражат құю болып бөлінеді.

Қайта сақтандыру - Экономикалық қатынастар жүйесі, мұнда сақтандырушы тәуекелдіктерді сақтандыруға қабылдай отырып, олар бойынша жауапкершіліктің бір бөлігін алдын ала келісілген шарттар бойынша теңдестірілген сақтандыру қоржынын құру үшін және сақтандыру операцияларының орнықтылығын қамтамасыз ету үшін басқа сақтандырушыларға табыстайды.

Қайтарма облигация - Бұл облигацияны шығарған компания оны мерзімінен бұрын талап етіп ала алады.

Қайырымдылық көмек - жеке тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатымен және коммерциялық емес ұйымдарға олардың жарғылық қызметін қолдау мақсатымен өтеусіз негізде берілетін мүлік.

Қалтарыс экономика (black economy) - Бұл экономикалық қызмет туралы әлеуметтік қамсыздандыру органдарына, салық және басқа мемлекеттік органдарға хабарланбайды. Терминге әдейі төмендететін мән беріледі, өйткені қалтарыс экономикаға қатысу әдетте салық төлеуден және әлеуметтік қорларға ақша аударудан бұлтарумен байланысты, ал онда қамтылған адамдар әлеуметтік төлемақылар мен жеңілдіктер (social security benefits) алу құқығынан айырылады. Сонымен қатар, қалтарыс экономикада еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауға, жұмыс берушінің жауапкершілігіне, қамтылуға кепілдіктерге, шетелдік жұмыскерлер жалдауға және т.б. қатысты заңдар бұзылады. Қалтарыс экономикадағы қызмет туралы құжаттық расталған ақпараттың болмауы табыстар мен қамтылу туралы ресми статистикалық деректердің сенімділігін төмендетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет