Айлық есептік көрсеткіш



бет3/8
Дата19.04.2022
өлшемі38,5 Kb.
#31462
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
глоссарий

Еркін экономикалық аймақ — шетелдік және ұлтгық кәсіпкерлер үшін ерекше жеңілдікті экономикалық жағдай қодданылатын ерікті экономикалық аймақ.

Ерікті зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңдарында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы.

Жай вексель - вексель беруші борышқордың қаражатты алушыға немесе оның бұйрығына белгіленген ақша сомасын белгілі бір уақытта және белгілі бір орында төлеу жөніндегі ешнәрсеге негізделмеген жай міндеттемесі бар жазбаша құжат.

Жалпы табыс — кәсіпорынның, фирманың өнім, тауарлар өндіру мен сату, қызметтер көрсету нәтижесінде алынған, ақшалай есептелген жиынтық табысы; тауарларды сатудан түскен түсім-ақша түсімі мен оларды өндіруге жүмсалған материалдық шығын арасыпдағы айырма ретінде айқындалады.

Жалпы ұлттық өнім — кеңінен таралған макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі, ол елдің бір жыл бойына өндірілген түпкі (дайын) өнімінің (өнімнің, тауарлардың, қызметтер көрсетудің) рыноктық бағамен есептелген құны болып табылады. ЖҰӨ-ге осы елге тиесілі өндіріс факторларын пайдалана отырып ел ішінде де, шет елде де жасалған өнімнің құны кіреді. ЖҰӨ қосылған құндарды жиынтықтау әдісімен, шығындар ағыны және кірістер ағыны әдістерімен есептелуі мүмкін.

Жалпы ішкі өнім - аса маңызды микроэкономикалық, жалпылама көрсеткіштердің бірі, ол осы елдегі де, сондай-ақ басқа елдердегі де өндіріс факторларын пайдалана отырып, ел ішінде бір жыл бойына жасалған түпкі өнімнің (өнімнің тауарлардың, қыз-меттер көрсетудің) рыноктық бағамен есептелген жиынтық құнын білдіреді.

Жобалық қаржыландыру - мүлікті түзу және беру, сондай-ақ түзілген мүлікті пайдалану процесінде қызметтер көрсету және (немесе) тауарлар шығару және (немесе) жұмыстарды орындау үшін күтілетін жүйелі қаржылық төлемдер қамтамасыз етуі болып табылатын, талап ету құқығын беру арқылы ұзақ мерзімді жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру тәсілі

Зейнетақы активтерi - зейнетақы төлемдерiн, аударымдарын қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға, сондай-ақ заңда көзделген өзге де мақсаттарға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары

Инвестициялар — лизинг шартын жасаған кезден бастап ли­зинг заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді үлғайту.

Инвестициялык жоба — жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңғыртуға инвестициялар көздейтін іс-шаралар кешені.

Инвестор - Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар.

Инкассалық жарлықтар- төлеушілердің шоттарынан атқару және соған теңелген құжаттар негізінде олардың ықтиярынсыз ақша қаражаттарын талассыз шығарып тастау.

Камералдық бақылау — салық төлеушілер берген салық есептемесін және басқа да құжаттарды зерделеу мен талдау негізінде тікелей салық органы жүзеге асыратын бақылау. Камерал­дық бақылау тікелей салық органының орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.

Капиталдандыру - Акционерлік компания шығарған барлық бағалы қағаздардың капиталға айналдырылған жалпы сомасы Капиталдандыру облигацияларды, басқа да борыштық міндеттемелерді, артықшылықты акциялар мен жай акцияларды, сақтық капиталды қамтиды. Облигациялар мен борыштық міндеттемелер әдетте эмитенттің компаниясының кітаптарына өздерінің атаулы құны бойынша енгізіледі. Артықшылықты акциялар немесе жай акциялар атаулы құны бойынша немесе жарияланған құны бойынша жазылуы мүмкін. Жарияланған құн компанияның директорлары қабылдаған еркін шама болуы немесе компания бағалы қағаздарын шығарған сәтте оларды сатудан алған сома болуы мүмкін.

Кастодиан — бағалы қағаздар рыногының каржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжатты қаржы құрал-дарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып оларды сақтауды жүзеге асыратын кәсіби қатысушы болып табылады. Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті зандарға және шартқа сәйкес кастодиандық қызмет пен сейфтік операцияларға лицензиялары бар банктер жүзеге асырады. Кастодианға кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шартқа сәйкес клиент берген ақша мен қаржы құралдары бұл қызметтің объектілері болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет