Аймбетова улбосын утегеновна


Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негіздері



бет8/16
Дата02.06.2023
өлшемі1,09 Mb.
#98194
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
АЙМБЕТОВА УЛБОСЫН УТЕГЕНОВНА диссертация

Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негіздері ретінде объективтілік, даму, нақтылық, қайшылық, тарихилық пен логикалықтың бірлігі принциптері алынған. Абстрактылықтан нақтылыққа өрлеу әдісі сияқты философиялық-методологиялық принциптер мен әдістерге сүйенеді. Жұмыста сонымен бірге мәдениет дамуының тарихи субъектілерінің өзара сұхбаттастығы, мәдениеттер және өркениеттер сұхбаты принципі басымды рөл атқарып, жүйелі қолданылады. Ғылыми зерттеуде қазіргі Қазақстандағы ұлтаралық қатынастардың даму жағдайлары зерделеніп, толеранттылық ұстанымының өзектілігі жіті зерттелген.
Біз, зерттеуімізде антропологиялық, аксиологиялық және герменевтикалық талдаудың және де өзара сұхбаттасу мен ынтымақтасудың мәдени кеңістігін айқара ашуға көмектесетін компаративистикалық қарастырудың мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланамыз. Диссертациялық зерттеудің теориялық негіздерін ұлтаралық қатынастар мәдениеті мәселелерінің топтамасын жан-жақты ашқан Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың, философтардың, мәдениеттанушылардың, саясаттанушылардың, әлеуметтанушылардың, тарихшы-этнографтардың және т.б., іргелі еңбектері құрайды. Мұнда әлеуметтік-гуманитарлық танымның адамгершілік, гуманизм, жалпы адамзаттық құндылықтардың басымдылығы, еркіндік және жауапкершілік сияқты теориялық-методологиялық ұстанымдары негіздемелік рөл атқарады.
Диссертациялық зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы: Диссертацияның қағидалары мен қорытындыларының теориялық және практикалық маңызы олардың ұлтаралық қатынастар мәдениеті мәселесінің бірқатар принципиалды тұстарын мәдениет философиясының, тарих философиясының, әлеуметтік философияның өзара байланысындағы әлеуеті тұрғысынан шешілуінде. Бұлар этносаралық қатынастармен, тұтас алғанда ұлттық проблематикамен және соның ішінде ұлтаралық қатынастар мәдениетімен байланысты мәселелерді болашақ зерттеулердің философиялық-методологиялық негіздері есебінде қолданыла және дамытыла алады. Олардың практикалық маңыздылығы бүкіл әлемде дерлік орын алып жатқан маңызды жағдаяттар мен жағдайларға, турасын айтқанда, этностар, ұлттар, этностық топтар мен құрамалардың өзара қатынастарының ХХІ ғ. басында мәдени, діни, ұлттық-этникалық, мемлекеттік бірегейлік туралы сұрақтарды, тіл, діл, наным-сенім, этногенез сияқты мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты ерекше өрістенуімен шарттыланған. Сонымен қатар «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын ары қарай жалғастыруда, еліміздің жоғары оқу орындарында ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыру және дамыту мәселесі бойынша дәріс беруде теориялық және практикалық көмегін тигізеді деген үміттеміз. Жұмыста келтірілген кейбір тұжырымдарды, философиялық және мәдениеттанулық пайымдауларды, түсіндірмелерді, салыстырмалық талдау нәтижелерін философия тарихы, тарих және мәдениет философиясы, мәдениеттану, этика, әдебиеттану және т.б. пәндерді оқытуда, жастарды руханилыққа, отаншылдыққа тәрбиелеуде пайдалануға болады. Диссертацияның ғылыми нәтижелері гуманитарлық саладағы пәнаралық байланысты нығайта түседі және олар еліміздегі этносаралық қатынасқа тиімді қызмет етеді деген ойдамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет