Айтыс II том «КҮлтегін»


Нартайдың Дәмеге берген жауабы



Pdf көрінісі
бет105/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   181
Нартайдың Дәмеге берген жауабы:
Дәме қыз, шын қыласың жалғаныңды
Дабысыңды әркім сырттан аңғарулы. 
Елге мін, жерге сынды таққаныңнан — 
Ұятқа білмеймісің қалғаныңды? 
Айыпты ақылды адам аша ма екен? 
Шамасы байқап қалдым жан-жағыңды. 
Айтайын білгенімді мен де анықтап, 
Айтты деп, көңіліңе дық алма мұны. 
Дәмежан, ақыл шақыр, ашуды қой, 
Көп сөзді тоқтат енді, асырдың ғой. 
«Асауды жібере тарт!» –деп отырмын,
Ойланшы, қарқыныңнан басылдың ғой.
Айтыпты көп балалық мінезіңді,
Ағаңмын, аяғына басыңды қой. 
Бар шығар өз жұртыңа еркелігің, 
Елімнің мен де сендей тентегімін. 
Болмалық абыройсыз – айып ашып, 
Екеуміз ала алмаймыз ел теңдігін. 


269
Айтыс II том
Бір жылша құрмет қылған қонағыңмын
Қайтамын өз жұртыма ертең бір күн.
Дәме қыз, жаман емес, жақсы адамсың, 
Айыбын енді еліңнің ашпағайсың.
Бірінші зор айыбың бұл емес пе, 
Жылатсаң, бір момынның жас баласын?
Секілді кей мінезің құтырғандай
Сөйле сөз сабыр қылып, тыпырламай. 
«Өз атын көкек айтып шақырады», 
Қой, Дәме, сен де көкек сықылданбай.
Сен қыз – Сыр бойының қашқан қызы, 
Жақсы қыздың тұрмайсың басқан ізі. 
Көңілің күйеуіне толмаса егер, 
Қайтарып аламыз да ақшамызды. 
Ерді әйел кемітеді жарлы болса
Қойғандай ерісін деп тасқа мұзды.
Қайнына байы жас қыз хабар салар, 
«Балаң жас, қалаймын,– деп,– басқа ізді». 
Қызығып кейбір әйел бақ-дәулетке, 
Сүймейді бай болмаса басқамызды.
Ақ Дәме, әйел болсаң, бәрің бірсің, 
Айтылған бұл сөзіме өзің түсін. 
Әйелдің осы айтылған бірі болсаң, 
Сөзіңнің, сорлы Дәме, дәмі құрысын. 
Күндікке алтынмын деп отыр едің
Көрдің бе, әні, шықты енді мысың?
Жігітке қашқан да қыз, құшқан да қыз, 
Қыз көрсек, бәріміз де құшқандаймыз. 
Осы айып болса, егер өз басыңда
Қалдыңыз қашқан қызға ұқсап нағыз.
Бұл сөзге сонда Дәме тоқталады, 
Айтуға оған жауап жоқ болады. 
«Жүйрікке – томар» деген нақылдай-ақ, 
Бір атым ажалдыға оқ болады.


270
Қазақ өнерінің антологиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет