271
Айтыс II том
Әжек:
Сирағы мылтығымның қу тал болды,
Атқаным сілеусін деп, сусар болды.
Бұл
сапар жолым менің болады екен,
Іздеген сұрағанға душар болды.
Шәріпжамал:
Сөйлей бер, жеке батыр, сөзіңді енді,
Сыртыңнан естуші едім, көзім көрді.
Болғанда
сіз іздеген, біз – сұраған,
Тойында Жәмиланың кезім келді.
Әжек:
Сөйлейін, олай десең, алғы биден,
Кімдер кеп, кім өтпеген бұл дүниеден?
Шәріпжамал, көрмесек те, есенбісің,
Шырайлы жұрт қараған жақсы күймен?
Достарыңызбен бөлісу: