358
Қазақ өнерінің антологиясы
Қашаннан атың шыққан бір әйелсің,
Ұлы жүз, Арғын, Жаппас құн егессе.
Осынша бір қатынды тел өсіріп,
Япырм-ай, Әлім деген ел емес пе?
Әлі де
айтар сөзім толып жатыр,
Көре ғой қызығымды ерегес те...
Әйелді бір жігіт итермелеп, шығарып жібергенде, Ділда сөйлейді:
Ділдә:
Молдеке, шам көрсең де, осы сөзің,
Өзіңе білінбейді өз мінезің.
Әстемсіп
маған не деп сөз айтасың,
Келіп пе ең түзетуге сенің өзің?
Болады біреу тентек, біреу мақұл,
Пенденің Құдай сұрар әр мінезін.
Абайла, көпке тентек болып жүрме,
Шарпыды от-жалындай айтқан сөзің.
Сейдәлі:
Қыз бала, әне,
сондай менің сөзім,
Ежелден Құдай берген бір мінезім.
Кісіге қарап тұрған өзің тидің,
Сенің де мақұл емес бұл мінезің.
Ісіне өзі қылған өкінбейді,
Сөйледім мақұл етіп көптің сөзін.
Ділдә:
Молдеке, көп күн
болды келгеніңе,
Қайтарсың аман болсаң елдеріңе.
Құрбы деп құрбы ішінде айттым өлең
Мас болма мендей қызды көргеніңе.
Ашуым келе қойса, мен –
бір тұлпар,
Сөйлермін, қарамаспын өлгеніңе.
Сейдәлі:
Екі жыл болды мұнда келгеніме,
Мен сені қуанбаймын көргеніме.
Айтысып, енді сені жеңбей кетсем,