360
Қазақ өнерінің антологиясы
Тілінен жағы бұрын сөйлеп барад,
Жақсы еді осы ақының таз болмаса?
Сейдәлі:
Әй, Ділдә, сен де тазсың,
жеңгең де таз,
Қышиды таздың басы көргенде таз.
Өзіңді өзің айтып, жұртқа жайдың,
Таз болса, қыз болады шерменде таз.
Сау болсаң, орамалың қолыңа алшы?
Алады бас киімін өлгенде таз.
Үйіңде әкең де таз,
шешең де таз,
Әкеңнің кенже інісі, жеңгең де таз,
Үйіне сол жеңгеңнің бара қалсақ,
Отының басы толған әпенде таз.
Қатыны Құрымбайдың Үрім де – таз,
Өзінің жалғыз қызы Дүрім де – таз.
Айтасың
салық қылып оның несін,
Шығады екі үйіңнің бірінен таз.
Бәрі таз Қолбарақтың төрт баласы,
Гулеген шыбын болад ел арасы.
Ішінде отыз екі таз бар екен,
Бәрінен мынау пұшық отағасы.
Құдайдың шүкір етемін бергеніне,
Айналып, сөз өзіңе келгеніне.
Манадан айтпадым ба, Ділдә сұлу,
Шындасам, ере алмассың деп желгеніме.
Құйрығын жатқан жылан өзің басып,
Мінекей, тиді шарпу елдеріңе.
Ділдәның, сірә, бағы ашылмады,
Көрінді жағасынан жасырғаны.
Ду болды ұлы күлкі үйдің іші,
Бір шәйнек шай ішкенше басылмады.
Күлкімен отырғанда, бір шәйнек шай ішіліпті. Сейдәлі қалжың-
дап, Ділданы тағы қағытты.
Қайдасың, Ділдә сұлу, ұрандасым?
Абайла, сырттан дұспан сыр алмасын.