Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет164/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   181
Ешнияз бен Кенекес. Айтыстың қай жылы болғаны нақты емес. Алғаш рет 
«Айтыс» жинағына 1965 ж. (2-том, 210 –212-бб.) жарияланған. Қолжазбалық негізі 
ОҒК қолжазба қорында 270-бумада сақтаулы. Оны жинаушы Әбубәкір Диваев. 
Антологияға «Айтыс» жинағы (2-том, 1988, 157–158-бб.) бойынша берілді. 


379
Айтыс II том
СӨЗДІК
Азбан – бұрын үйірге, күйекке, келеге түсіп, кейіннен кестірілген еркек мал; 
айғыр.
Арсы (ғаршы) – мифтік сана бойынша, жеті қат көк үстіндегі тақ орны. Құдайға 
лайықты құрметті орын мағынасында. 
Асай-Мұсай – шығыс елдерінде дінге байланысты айтылатын Мұса 
пайғамбардың қасиетті таяғы; асатяқ. 
Аткелдейін – актілейін /акт/. Ескерту: Ноғайбай Сүлейменұлының айтысына 
қатысты осы сөзді филология ғылымдарының докторы, проф. Тұрсын Жұртбай дау- 
шарға қатысты куәға тартып жасалатын «ісқағаз», акті болуы керек деп түсіндірген. 
Әзәзіл – шайтан, Ібіліс қатарындағы қаскөй рух.
Әйкел − әйелдер мойнына тағатын алқа.
Әулекі − даңғаза, есерсоқ.
Әуірі – көңілдің құмары, желігі.
Баз, паз /п/ – қаршыға тектес асыл едім деген мағынада. 
Батбан – батпан.
Баһар /п/ − көктем маусымы.
Без билет, безбелет /о/ − безбилетный – билетсіз, бұл арада: жөнсіз жүрсің де-
ген мағынада.
Бейпоз − кейбір нұсқаларда бейбоз, жанпоз бұлбұлы екен делінеді.
Бейрәһім – рақымсыз.
Бейхая /а/ − ұятсыз.
Беке − жаман су, шалшық.
Бексұлы − вексель /неміс/ − ақшалық міндеттемесі бар құжат.
Бент – бәнд /п/ – бекіту, байлау мағынасында. 
Бидайық – астық тұқымдас көпжылдық жабайы өсімдік; бұл арада: қаршыға 
тұқымдас ең қыран құс. 
Бұлдырық – құр тұқымдас, сұр түсті қарабауыр кішкентай дала құсы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет