Сарышолақ:
Қу тазша, біздің жолға түсе алмассың,
Өреңді бергенменен соза тартып,
Көтеремдей, бәрібір, күш алмассың,
Байлығы Тотаныңның бір-ақ қыстық,
Сыласын түсінерсің ішер астың.
Мен қыранмын топ жарған алыс самғап,
Қыранмен [ен] бірігіп, ұша алмассың.
Жыланды үш кессең де, кесірткелік,
Түртіп тұр өзіңді қай албастың?
Балақтан кіріп, өрмелеп,
Жағама келіп жармастың.
Заманым келсе, тозарсың,
Мен де көштен қалмаспын.
Сендей пақыр сөз білмес,
127
Айтыс II том
Бостан-босқа қармастың,
Кедейліктен басқа мінім жоқ,
Қиып түсер алмаспын.
Арым таза еліме,
Өзіңе ұқсап сүмеңдеп,
Жуындыға бармаспын.
Есесін Алла жеткерер,
Сыбағамнан қалмаспын.
Айыртілді жыланмен,
Келіп тұр ма арбасқың?
Түбін тартып қопарам,
Тотанда құр бір қалмасын.
Кердері Әубәкір жеңбеген,
Түсінсең, әріге бармассың.
Түбі бірге түртпесті,
Менімен келсе, сырласқың.
Қанша шайтан болсаң да,
Сұм дүниеде қалмассың.
Босқа ағаңа тиісіп,
Байлық үшін алжастың.
Қарауыл қой сөзіңе,
Әр ісіңді аңдасқын.
Айтаққа еріп сандалып,
Артын қума болмастың.
Асылыңды қазбалап,
Тотан, сен де оңбассың.
Тазыңды тый да, жөнге көш,
Мен айтқаннан танбаспын.
Абыройың шашылып,
Ауылыңды басар сел-тасқын.
Кектенді деп ойлама,
Дұрысқа қарай жол ашқын.
Араң кетер ажырап,
Күлкісі болып көп қастың,
Сені буған ақындық па, шабыт па,
Басыңды әлде тықтың ба,
Байлық атты қамытқа?
Құдайым өзі бермесе,
Жарымассың алып та.
Дүние-түлкі жеткізбес,
128
Қазақ өнерінің антологиясы
Үлгермессің шалып та.
Тотанның ана жиғаны,
Жеті әкеден қалып па?
Босқа сөйлеп аптықпай,
Алды-артыңды анықта,
Насырын шұқып үлкеннің,
Зияның тиер халыққа.
Қыранды қуып құр бекер,
Атыңды босқа арытпа.
Тотан берсе, бір жылқы,
Кетпессің одан жарып та.
Есікте жүрген Әбу құл,
Айтар сөзге жанықпа.
Безбенге сал, Құлыйжан,
Кейінгіні налытпа.
Сөз түсінсең терең деп,
Түсерсің әлі қалыпқа.
Барлық айтқан сөзімді,
Түптеп келіп, толықта.
Тотан жалғыз ел болмас,
Барлық байлық халықта.
Мұнан былай, жарқыным,
Жолықпасқа жолықпа.
Айтар сөзім көпшіл-ді,
Осы сөзді парықта.
Құлый:
Алдыңа келіп қалдым желеуменен,
Алтын да табылды құмды елеуменен.
Ағеке, кешірім қыл білместікті,
Өмірді қайрап едім,
Байлық атты егеуменен.
Бәріміз бірге тудық Қабақ-Тілеу,
Боз секілді қатар өскен селеуменен.
Ақиық топжарарым, алмасым-ай,
Өзіңді арқа тұтып, демеу көрем.
Сарышолақ:
Құлыйжан, айтаққа еріп арындадың,
Ол-дағы жастығың да жаңылғаның.
129
Айтыс II том
Кемшілік әркімде де болады ғой,
Әркімдер айтад тағы табылғанын.
Толқынға қарсы тұрған мен бір жартас,
Тағдыр білер кімнің бұрын алынбағын.
Дүние артың – қызық, алдың – жұмбақ,
Секілді бұлдыраған қалың сағым.
Сөзімді тұспалдаған түсіндің-ау,
Шыбықтай жаңа өскен саңылағым.
Біз келген мына өмірге аз күн қонақ,
Ішінде Қабақ-Тілеу жансын бағың.
Достарыңызбен бөлісу: |