Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет89/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   181
Кәрібай:
Мұнда мен ләбіз қылдым, «Иә, Құдайлап», 
Шақырдым екі ұранды Боранбайлап. 
Түйіліп, бұл қашқынды бір ілейін,
Тас түлек – ақ иықтай көзім жайнап. 
Қондыбай Дүйсенбінің баласы, – деп,
Бір күні Найман сені алар байлап. 
Боқ-жының араласқан, пітіна құл, 
Қаларсың ат үстінде сорың қайнап. 
Сыймаған ел-жұртына сен бір безер,
Емес пе жалған десең, халқым – айғақ. 


227
Айтыс II том
Арғынның қаңғырғаны талай келген, 
Біреуі, мынау – Әсет, көзім көрген.
Бүтіндеп, Найманға кеп «ит көйлегін», 
Таңлақсыз «Жалғыз жүйрік – менмін! – деген!
Мың қойды өткіз судан серке болсаң, 
Былпылдақ жүз кісілік көрпе болсаң. 
Қазы шайнап, қаз мойынды сұлу жайлап, 
Өз еліңде жүрсең нетті ерке болсаң.
Әсет:
Ақынның ел таңдайды тамашасын, 
Ақылың – бойға қонған арашашың. 
Ежелден Арғынды артық жаратты Алла
Қалайша бәсеке қып таласасың?
Қол созған қара нарға, сен, бір қанден, 
Өзінің байқамайтын аласасын.
Арғынның ауылы алты болғанда, 
Толықсып малы мен бас толғанда. 
Шошайған Найман екен жалғыз ауыл, 
Шамасыз арлы-берлі толғануға. 
Найманға Арғынекең пана болған
Жығылып туысы бір болғанына.
Кәрібай:
Найманнан – Белгібай бай жалғыз туған, 
Ескі сөз естуім бар бұрынғыдан.
Жасы кіші болғанмен берекелі,
Келіп жүр Арғын жақтан көп қаңғырған.
Туыпты Белгібайдан тоғыз бала,
Бәріне пана болған Хақ Тағала.
Барлығын әлпештеген Назым еді 
Берген соң қадір Алла артық сана. 
Арғынның алты ұлына есе бермей,
Ел болып өз алдына жүрген дара.
Білетін үлкендерден ұққан едім,
Бір жері бұл сөзімнің емес шала. 


228
Қазақ өнерінің антологиясы
Әсет:
Арғыннан талай ақын шыққан кеше,
Ешбірі берген емес Найманға есе. 
Арысқа аты әйгілі бұлбұлдарым, 
Орынбай, Жанақпенен ақын Шөже.
Сен де жолда қаласың шаң астында
Абайлап, өз әліңді біл ендеше.
Құдай берген жел сөздің қазынасымын, 
Ешкім қарсы келмейді Әсет десе.
Әуелі сыйынамын бір жалғыз Хақ,
Екінші, қолда мені, жақсы аруақ.
Алмаған сөзден жүлде Сабырбайың 
Жеңіпті өмірінше біздің Жанақ.
Кәрібай:
Төреші бұл сөзіңе Арғын, Найман, 
Жеңілген ол Жанағың Нұрлыбайдан.
Бас қосқан жеті болыс ел, ер Тана бар, 
Бойында Қарамола жеңіліпті.
Айтысып Орынбайың Кеншінбайдан. 
Алмаған сөзден жүлде ақымақ Арғын 
Бейшара-ау, бейнет айдап келдің қайдан? 
Алдыңда ақын аға, Кәрібай отыр
Ғибрат қып үлгі алсаңшы осы жайдан.
Бұл елге сұлтанбысың, ұлтанбысың, 
Қаңғырып, ей, бейшара, жүрсің қайдан? 
Сыналар ер өнері – ел алдында,
Кез болды екеумізге мына майдан.
Естісем, ақын Шөжең соқыр екен,
Шыға алмай өздігінен отыр екен. 
Сандалып жоқты әкеліп қыстырасың
Ақының топ көбейтер осы ма екен?
Жанұзақ, Сұртай, Жылтыр, ақын Түбек, 
Керіліп кер маралдай шыққан үдеп. 
Маржандай сөз кестесін жіпке тізіп.
Бәйгеден келген сызып түйдек-түйдек. 


229


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет