240
Қазақ өнерінің антологиясы
Қаратай Тобықтыға болыс болды.
Бар Арғын бұл сөзіме болар құса.
Арғын келіп, Найманға хан болған жок,
Мінеки, озғандығын білсең нұсқа.
Ей, Әсет, саған өлең біткен дарын,
Мұндайда кім аяйды қолда барын?
Сөйлесіп Ыбырайың Бекбосынмен,
Аузының білмеймісің буылғанын.
Бөкенші
Қаратайды қатты сөгіп,
Апшысын естімеп пе ең қуырғанын.
Жалмаған бірін-бірі бөрі бауыр,
Осы ма бар мақтанып, бу кылғаның?
Бес ұлы Құнанбайдың болыс болып,
Шоқынып,
бәрі бірдей орыс болып,
Семейге Ыбырайды қаматты елі,
Тұра алмай, Тобықты іші қоныс болып.
Бура қызы Уазипа кепілге алып,
Босатқаны бар шығар есіңде анық.
Залок төлеп, бес жүз сом алып шықты,
Сүргінге айналғанда кетуге алып.
Арғын тұр ғой,
Тобықты жоламады,
Іздейміз деп Абайды несін барып.
Бөрі бауыр, қандықол, өңкей жемқор,
Осыны да мақтайды-ау есіл халық.
Әсет:
Бір бай бар біздің елде Иса деген,
Жылына жүз ту бие соғым жеген.
Өзге
бақтың қисабын не қыласың,
Кәміл бар жылқысы да бірер түмен.
Үйіне келген жаяу атпен кайтқан,
Найманда болған емес ондай шүлен.
Бар болса, бұған орай дәлдеп сөйле,
Тұқымы қаракөктің жаппай кілең.
Достарыңызбен бөлісу: