Айтыс II том
Әсет:
Үш жүздің қыранымын шарықтаған,
Емеспін қараторғай қалықтаған.
Сөзім – бал, үнім – бұлбұл, көмейім – күй,
Ақын деп атақ берді халық маған.
Күнде той, күнде жиын жүрген жерім,
Көтеріп ұлы думан сауық салам.
Кәрібай, кейпің қандай нашар еді,
Секілді күрең мәстек арықтаған.
Өнермен ел ішінде жүрмін шалқып,
Ұсынад күнде бір ат халық маған.
Көпестің қазыналы біріндеймін,
Бақшаның жайнап тұрған гүліндеймін.
Тұлпармын айлық жолды алты аттаған,
Үш қабат ор қазсаң да, сүрінбеймін.
Өзің біл, мақтасаң да, сөксең-дағы,
Ашу қып, ыза тартпай, күлімдеймін.
Кәрібай:
Ей, Әсет, сен немені сор қамаған,
Жүйрік жоқ дәл өзімдей жорғалаған.
Арқаулы ой, асыл сөздің иесімін,
Тамылжып, үнім көкте сорғалаған.
Екенсің өз сөзіңде қазыналы бай,
Күніне мың мен санды олжалаған.
Дейді екен орны тозақ шариғатта,
Ата-анасын өмірде сыйламаған.
Алдымен ата-анаңды жиып алып,
Ей, Әсет, сөз айтсаңшы сонда маған.
Өз әкесін күтпеген шын надансың,
Онан да үш айналып, бол, садағам.
Жылқы емес, Байжігітім жамбы берді,
Арғынға мал қажет деп іздеп барман.
Атамыздың байлығы сол емес пе,
Қойнына сендей жетім қорғалаған.
Қырып бәйге Қырымнан алдым, – дейсің,
Әкеңді Көктұмада ит талаған.
246
Қазақ өнерінің антологиясы
Шақшамен әкең сатқан насыбайды,
Бұл сөзді Айтмұхамет елге жайды.
Мен Арғыннан Найманға барғаннан соң –
Депсің ғой, – сөйлетпеймін Кәрібайды.
Баянды пайда келер абайламай,
Мына Әсет серілікпен жалтырайды.
– Мына дауды ұстасын би Тілеген,
Жетісудың төресі Қоңыр деген.
Бар екеуің имамға жүгініс – деп,
Ерегеспей, қой – деді хан Сүлеймен.
– Оң, терісін айырсын шариғатпен,
Қазылардың алдына барғаны жөн.
Отырған он екі би кеңеске кеп,
Шешілсін шариғаттың өлшемімен.
Әсет:
Сүлеке, жолдастықтан тайғандығың,
Әсеттің сырын сыртқа жайғандығың.
Артық-кемді өз алдыңда қарыстамай,
Болысқан Кәрібайға наймаңдығың.
Кәрібай:
Ежелден сөзге жуан арғындығың,
Палуансып тарлан мінген тарғындығың.
Әкең менен шешеңді жегжат етіп,
Сұраған менен қисап малғұндығың.
* * *
Осындай ұран болды ақырайлап,
Хан сияз қарап тұрды тамашалап.
Қашты имамнан, мына Әсет жеңілді, – деп,
Төре Қоңыр ұран салды одағайлап.
Тоқтатты Кәлім болыс, молла Қызыр,
– Екеуің би сынарлық сөз айттың, – деп.
Келіп елу теңгемен бетімді сүртті,
Шықшытың талды ғой деп көп айғайлап.
Бар Найман ұран салып, хан көтеріп,
Бөленді тамашаға бүкіл аймақ.
247
Айтыс II том
Жігіттер Көктұмаға барған жерім,
Дәміне Шұбарағаш қанған, жерім.
Ер өнері кем болмай тауып емін,
Әсетті сүріндіріп шалған жерім.
Әсет тоқтап, Кәрібай жеңді – деген,
Атақты хан сиязда алған жерім.
Сол жиында көрдім алғаш Әсет ерді,
Аршыстық азды-көпті ішкі шерді.
Адамда өз теңдестің жампозы екен,
Намыс үшін шырқатып, төкті терді.
Мен айтысқан ақындардың дүлдүлі екен,
Ел-жұртым және өзімнің көзім көрді.
Өнерді салыстырып сан жүйрікпен,
Аралап көріп едім талай жерді.
Орыс, қытай бас қосқан сол сиязда,
Таңқалысқан Керей мен Найман елі.
Екі ұлы патшаның жиынында,
Атағым алты арысқа жайылып еді.
Достарыңызбен бөлісу: |