Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет30/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   162
Мұхамеджан:
сөз айтып дәулеткерей төрлеткендей,
Біраз уақыт жеке шауып желдеткендей.
Шіркін-ай қандай ғажап болар еді,
мұсылмандар сөйлесе бөлшектенбей.
дәулет-ау сақтанғаның сонда мен бе?
Бауырдың аяғына дән сепкендей.
Құдай деп құрақ ұшқан халыққа әкеп,
өз ұлын өгей қылып көрсеткендей.
Жарқырап отыр бүгін жанардайын,
Көңіліңді бүгін сенің сан аулайын.
Ал, бауырым ондай болса тыңдай отыр,
Кімнен сақтану керектігін баяндайын.
сақтанған салт-дәстүрлер құтың боп бір,
Әлемдік стандартқа бүкір кеп тұр.
ғаламдассақ екен деп бүкіл ғалам,
Бұл ғасырдың жемсауы бүлкілдеп тұр.
Қаруына қарсы елді қарауылға ап,
мылтығының ауызы түтіндеп тұр.
террорды айтып сылтауға сынық іздеп,
Америка алыстан дікілдеп тұр.


74
Қазақ өнерінің антологиясы
Қаз-қаз басып жаңадан қалыптасқан,
Қазақстанның жүрегі үлпілдеп тұр.
ертеңін Алла білер, ал бүгінде,
Әр жұтқан ауасына шүкір деп тұр.
АҚШ-тың да азуы қайралғандай,
Әлемді тізгіндеуге сайланғандай.
Ксро-ны күйретіп тынғаннан соң,
орта Азияны ойрандауды ойға алғандай.
Көршілерге көп ұзамай аяқ салды,
Қырғыз бен өзбек жерін пайға алғандай.
иеленіп Құлан, Шымкент әуежайын,
Керегін ап көңілі жайланғандай.
Керегін алғаннан соң кетсе жақсы,
Аюдай ашығып кеп тойған балға-ай.
АҚШ бірақ еркімен кеткен емес,
Кедейдің қыстауына бай қонғандай.
Батпандап АҚШ әбден кіргеннен соң,
мысқалдап шығар дертке айналғандай.
түпкі ойын бұл батыстың кім ұғып жүр,
дәулеткерей соны айтпай құмығып жүр.
солардың тоқпағына түсіп алып,
ішімізден кей топтар булығып жүр.
демократия біздегі дәрменсіз деп,
үй ішінен үй тігіп жын ұрып жүр.
«Ақ жол» деп ай жарықта ұран салып,
Құбыласынан жаңылып құбылып жүр.
өкіметке өкпелеп кінә артқанмен,
өздерінің ісі де былығып жүр.
Қылмысын қылға тізіп тексергенде,
Бастары тауға мен тасқа ұрылып жүр.
Жан сауғалап шетелдің елшісінің,
Аяғына бас ұрып жығылып жүр.
Жазалаудан қорыққан жас баладай,
өзгенің етегіне тығылып жүр.
Күн туғанда өз елін сата салып,
Басқаның кеудесіне жылынып жүр.
Жұрт байлығын басқан соң әбден бүгін,
тақымдары тақты аңсап құбылып жүр.


75
Айтыс VI том
Жерге жұмақ орнатар деймісіздер,
Құр, әйтеуір, билікке құнығып жүр.
Батыстың сақта құдай жаласынан,
Шығыстың сақта құдай табасынан.
Президент те ел жұрттың перзенті еді,
өлгенше өз жұртына жан ашыған.
Қанаттыға қақтырмай қазағымды,
Жарақтыға тап қылмай бел асырған.
еркелеп жүрген ерлер аз ба бүгін,
елбасы арқасында бағы ашылған.
соның бәрін шығарып санасынан,
Жаңылып жүргендер бар тобасынан.
Алдағаны ағасын көрініп тұр,
Алмағаны болмаса жағасынан.
елбасы – расында дара тұлға,
Кенде болып көрмеген әлі ақылға.
Әбілиязов, Жандосов, Жақиянов,
Жүруші еді нөкерлердің санатында.
Бәйменов пен бизнесмен Бутия да,
Президенттің паналаған қанатында.
елбасы ертіп жүріп есейткендер,
дайындалып жүр балтырын қанатуға.
мылтық атып үйреткендер мерген шығып,
машықтанып жүр өзін дәл атуға.
Кешегі Абай айтқан тағы бүгін,
Бас-басына би болып баратыр ма?
Бірін қазақ бірін дос тұтпаса егер,
Қайтадан айналармыз қара құлға.
Көрініп талайлардың жеңсік пейлі,
Қоқысқа жерімізді берсек дейді.
Парламентте көтеріп бұл мәселені,
Біз бұған үлкен көңіл бөлсек дейді.
моңғолия ап қояр деп асықпасаң,
ойлануға уақыт беріп өлшетпейді.
Жәкішев деген мырза жан ұшырып,
Жүгіргенде өкшесін көрсетпейді.
Атамның сүйектері жатқан жерге,
Атомның қалдықтарын көмсек дейді.


76
Қазақ өнерінің антологиясы
Жәкішевтер жігіт екен өзі атпалдай,
Бірақ та суық екен сөзі ақпандай.
Қырық миллиард елге пайда келтірем деп,
Желпінеді қамыстан қаз атқандай.
Қалдықтан залал жоқ деп зар қаққанмен, 
Артында жатқан оның азап қандай?
Қалта қамын ойлаған қайраткерлер,
Қамығып бұлай айтқан қазақ қалай?
сол жайында дәулетжан, сөз айтайық,
Құр мұсылман боп халыққа мазақ болмай.
Жердің астын бүлдіріп, ал ауаны,
таза ұстаймын дегені ғажап қандай.
өзекті мәселені бұлай шешу,
тезекті зәрмен жуып тазартқандай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет