Академ и ясы



бет3/45
Дата14.09.2023
өлшемі6,15 Mb.
#107544
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023 11.57 (pdf.io)

Бастауыш білім беру деңгейі бойынша:
−оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда «Қазақ тілі» пәнінің оқу жүктемесі 2, 4-сыныптарда 1 сағатқа (ҚР Оқуғарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі 412 бұйрығына 9, 12-қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 ); −оқыту қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде жүргізілетін сыныптарда «Жаратылыстану» пәнінің оқу жүктемесі 3-4-сыныптарда 1 сағатқа көбейді (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №412 бұйрығына
8,9,10,11,12-қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 ).

Негізгі орта білім беру деңгейі бойынша:
- оқыту қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек және тәжік тілінде жүргізілетін сыныптарда «Жаратылыстану» (5-6-сыныптарда), «Алгебра», «Физика», «Химия», «Биология», «Қазақстан тарихы» пәндерінің (7-9-сыныптарда) оқу жүктемесі 1 сағатқа көбейді (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №412 бұйрығына 13,14,15,16,17-қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 ).
Вариативтік компонент бойынша:
Білім алушылардың ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз етуге арналған оқу пәндерінің комбинациялары 1 сағат көлемінде оқытылады.

9
Жалпы орта білім беру деңгейі бойынша:


Оқыту қазақ, орыс тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Физика», «Химия», «Биология» пәндерінің оқу жүктемесі 1 сағатқа көбейді (ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022ж. №412 бұйрығына 38,40 қосымшалар )
Оқыту қазақ, орыс тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Жалпы орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспарына сәйкес:
−«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің оқу жүктемесі 1 сағатқа көбейді;
−таңдау пәндері (тереңдетілген деңгей): «Шетел тілі», «Дүниежүзі тарихы», «География», «Құқық негіздері» пәндерінен 10-11-сыныптарда 2 пән 2 сағаттан оқытылатын болды.
−таңдау пәндері (стандарттық деңгей): «Физика», «Химия», «Биология», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәндерінен 10-11-сыныптарда 2 пән 2 сағаттан оқытылатын болды (ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022ж. №412 бұйрығына 18,20,22,26 қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 ).
Оқыту қазақ, орыс тілінде жүргізілетін жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша Жалпы орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспарына сәйкес:
−«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің оқу жүктемесі 1 сағатқа көбейді;
−таңдау пәндері (стандарттық деңгей): «Дүниежүзі тарихы», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Құқық негіздері» пәндерінен 10-11-сыныптарда 2 пән 1 сағаттан оқытылатын болды (ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022ж.№412 бұйрығына 19,21,23,24,25 қосымшалар. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 ).
Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің барлық пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын қолданады (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029767).
Алдағы оқу жылында оқу бағдарламаларындағы өзгерістер тек 2-сыныпқа ғана қатысты, атап айтқанда:
- 1-2-сыныптарда «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнінің орнына «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндерін жеке оқыту жалғасады (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы №365 бұйрығына 1, 2, 3-қосымшалар https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029136#z18); «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту жалғасады (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығына 1, 2, 3-қосымшалар https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029136#z18); «Шетел тілі» пәні оқытылмайды. - Қазақ, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде оқытатын 2-сыныпта «Орыс тілі»
пәнін оқыту енгізіледі.

10
Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 33 оқу аптасын, 2-11 (12)-сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды.


Орта білім беру ұйымдарында білім беру процесі 5 күндік оқу аптасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте 5-11(12)-сыныптар үшін сенбі күндері сабақтар, қосымша сабақтар өткізуге болады.

11
1.3 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР



Жылдам өзгеретін әлем, ақпаратты қабылдаудың жаңа тәсілдері, мәдени әртүрлілік, ХХІ ғасырдағы ортаны технологияландыру оқыту мақсаттарын білім алушылардың метапәндік және жеке тұлғалық нәтижелерге қол жеткізуіне, олардың қабілеттері мен алған білімдерін қолдана отырып, нақты өмірдегі мәселелерді шешуге дайын болуына, цифрлық технологияларды қолдана отырып, өзекті ақпарат негізінде шешім қабылдауға баса назар аударуды қажет етеді. Осыған байланысты білім беру процесіндегі жетістіктер оған қатысушылардың – педагогтердің, білім алушылардың және олардың ата-аналарының оң және тұлғалық маңызды нәтижелерге қызығушылығына байланысты. Қазіргіпедагогикалық тәсілдербілім алушылардың дене дамуымен эмоционалдық жағдайын қолдауға, олардың мүдделері мен жеке ерекшеліктерін ескеруге бағытталған.
Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адамның өмірі мен денсаулығын, жеке тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизмді, еңбекқорлықты, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді. Бұл тәсіл білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту мен тәрбиелеуді интеграциялауға, білім беру әдістемесін, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағытталған.
Сабақта оқушының жеке басын қалыптастыру процесі нақты өмірмен байланысты материалға негізделуі керек, тек осы жағдайда ғана оқыту мәнді және тиімді болады. Сабақтың тиімді болу шарттарының бірі – білім алушылардың бойында базалық құндылықтарды қалыптастыру.
Сабақты ұйымдастыруда құндылықтарды қалыптастыру оқу мақсаттарына тікелей байланысты.
Мысалы, 2-сыныптың қазақ тілі пәнінде берілген «Дені саудың жаны сау» бөлімінде 2.2.5.1* дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мәліметтітабу жолын анықтап, берілген тақырып, сұрақ бойыншамәліметті іріктеп алу мақсатын жүзеге асыру үшін «Дұрыс тамақтану» тақырыбын алуға болады. Тақырыпты талдау арқылы білім алушылар денсаулықты сақтау үшін қажетті дәрумендер мен пайдалы тағамдар туралы біледі. Осылайша, мәтінді талдау оқу мақсатын пысықтайды және дұрыс тамақтану жолдарына қатысты жаңа ақпаратты зерттейді. Әрі қарай жазылым кезінде (2.3.2.1* үлгі бойынша қарапайым хабарландыру, хабарлама жазу) білім алушы денсаулық пен дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы хабарлама жаза алады.
Қазақ тілі сабағында 6-сыныпта «Су – тіршілік көзі» тақырыбындағы мәтіндіоқыта отырып, «6.1.2.1 әлеуметтік-мәдени, ресми-іскеритақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (нұсқаулық, өмірбаян) көтерілген мәселені талдау»; «6.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау» оқыту мақсаттарымен жұмыс жасау арқылы «Су – тіршілік нәрі» тақырыбындағытапсырмадан негізгі, қосымша, детальдіақпараттарды анықтата отырып, білім алушыларға мәтін мазмұнына сай халықтың «судың да сұрауы бар» деп неге айтқандығын түсіндіреміз. Сол арқылы судың халықтың байлығы,

12
игілігі екендігін, пайдасын, ысырапшылыққа жол бермеу керектігін, сусыз тіршілік болмайтындығын айта отырып, білім алушылардың бойына патриотизмді, еңбекқорлықты, үнемшілдікті, адамгершілікті, жауапкершілікті сіңіреміз. Білім алушылар саналы түрде табиғат байлығының адам игілігі үшін екендігін түсінетін болады.


Адами құндылықтарды дарытуда әлеуметтік-қоғамдық, мәдени тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (пікірталас, жаңалық, интервью) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау арқылы ортақ шешім мен өзгенің пікірін тыңдай білу дағдысы қалыптасады.
9-сыныпта қазақ тілі пәнінде білім алушылар «Сарқылатын және сарқылмайтын табиғи ресурстар» тақырыбы бойынша «9.1.3.1 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу» оқу мақсатымен жұмыс жүргізуде табиғат ресурстары туралы, геология ғылымы, Қазақстандағы металлогения мектебінің негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев туралы, оның ғылымдағы өмір жолы, адам ретіндегі биік бейнесі туралы біледі. Мәтін мазмұнын оқи отырып, оқу мақсатына сай мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыру арқылы білім алушының бойында адамгершілік, отаншылдық, патриоттық, экологиялық құндылықтарды қалыптастыру көзделеді. Сонымен қатар жалпыадамзаттық құндылықтармен бірге баланың жауапкершілігін, тыңдау мәдениетін қалыптастырады; өміршеңдікке баулиды; сауаттылыққа, ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландырады.
Қазақ әдебиеті сабағында құндылыққа бағытталған тәсілді іске асыру қазақстандық патриотизмді, өз елінің өткен тарихына, ата-бабаларымыздың әдебиеті, мәдениеті мен әдет-ғұрыптарына құрмет көрсетуді жүзеге асырудың мүмкіндіктерін көздейді. Көркем шығарманы оқыта отырып, төмендегі кестеде берілген оқу мақсаттары арқылы оқушы бойына қандай құндылықтар қалыптастыра аламыз? (1-кесте)

1-кесте - Қазақ әдебиеті сабағында құндылыққа бағытталған тәсілді іске


асыру

Оқу мақсаттары

Оқытылатын көркем шығарма

Оқушы әрекеті

5.3.3.1 шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу; 5.3.4.1 оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу

«Қобыланды батыр» жыры

Оқушылар көркем шығармадағы жекелеген эпизодтар арқылы тарихи құндылықтар мен кейіпкерлерді талдап танып, ол құндылықтарды шынайы өмірмен байланыстыра отырып бағалайды. Шығарма кейіпкерін өзіндік құндылық болмысы тұрғысынан талдап, нәтижесінде әдеби эссе, оқырман ретінде өзінің рухани дүниесіне әсерін бағалайтын сыни хабарлама жазады.

7.3.4.1 әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы

Т. Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі

Көркем шығарманың идеясы мен мазмұнына қарай отбасылық құндылықтарды (үлкенді сыйлау, отбасын сақтау, кішіге қамқорлық,

13




туралы шағын сыни шолу жазу




қонақжайлық) анықтай отырып, оқу мақсатын жүзеге асыру кезінде шығарманың эстетикалық құндылығын, көркемдік құндылығын талдайды.

7.1.4.1 көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту

Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»

Оқу мақсатын жүзеге асыру кезінде де, шығарманы меңгеру кезінде де патриотизм — өз Отанына деген мақтаныш, адамның қоғам мен мемлекетке, елдің тарихы мен дәстүрлеріне деген құрметі Есім ханның бейнесін талдау арқылы қалыптасады.

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет