Академиялық жазылым дегеніміз



бет10/41
Дата20.12.2023
өлшемі105,33 Kb.
#141542
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
Байланысты:
дәріс тезистері 1

Материал табу: Пәнге қатысты дәрістер мен оқулықтарды қайта оқып шығу арқылы тың идея туындауы мүмкін;

  • Ойшақырту: Жалпылама бір тақырыпты алып, карта жасау және оның ішінен өзі жаза алатын тақырып таңдап алуға болады;

  • Жаңалықтар: Хабар, Қазақстан арнасы, Экономика т.б. газет, журналдар арқылы өзі қызықтыратын жаңа тақырыптар табуға болады;

  • Интернет: Интернеттен кез-келген тақырып бойынша көп материал табуға болады, тек оларды орынды қолдана білудің жолдарын білу қажет.

Тақырыпты таңдаған соң оның қаншалықты дұрыс құрылғанын немесе дұрыс таңдалғанын мына сұрақтарға жауап беру арқылы айқындауға болады:
- Неліктен бұл тақырыпты таңдадыңыз? Бұл тақырып сізді не үшін қызықтырды? Бұл тақырып туралы пікіріңіз қандай?
- Бұл туралы кім жазған? Кімдер мақала немесе зерттеу жұмысын жариялаған? Бұл тақырыпқа қатысы бар ұйымдар мен кәсіпорындарды білесіз бе?
- Тақырыптың негізгі сұрағы қандай? Тақырып туралы талқыланатын мәселе қандай? Бұл туралы қарастыратын пікірлер мен ойлар бар ма?
- Тақырып қайда және қай деңгейде қажет болуы мүмкін? Тақырыптың пайда келтіретін арнайы орны немесе саласы бар ма?
- Тақырып қашан маңызды болды немесе қашан маңызды болады? Бұл қазіргі уақытта орны алып отырған жайт па,әлде тарихи оқиға ма? Тақырыбыңызды қазіргі кезде өзекті деп санайсыз ба?
Ақпарат іздеу
Қазіргі таңда кез-келген тақырыпқа қатысты ақпаратты кітапханадан, интернеттен еш қиындықсыз табуға болады. Дегенмен олардың ішінен студент өзіне қажетті ақпаратты дұрыс таба білуі және оны қолдана білуі өте маңызды. Бұл студенттің уақытын үнемдеп қана қоймай, жұмысты сәтті жазып шығуына түрткі болады.
Ақпараттарды тауып, жинақтамас бұрын тақырып бойынша осы кезеңге дейін білетін мәліметтер туралы ойлану қажет. Еске түскен немесе ойға келген идеяларды қағазға жазып отырудың пайдасы көп. Сондай-ақ пәнге қатысты оқылатын тақырыптарды қарстыруға болады. Таңдалған тақырып осы пәнде оқылатын тақырыптарға сәйкес келген жағдайда,тақырып бойынша оқуға берілген әдебиеттерді қарастыру керек. Сонымен қатар тақырыпқа қатысы бар кітаптар мен мақалалардың қолданылған әдебиеттердің ішінен қажетті мәліметтерін таңдап алуға болады.
Зерттеу жұмысына қажетті материалдарды жинау оңай шаруа емес. Тақырыпқа қатысты материалдарды іздегенде интернет көздерін пайдаланған жөн. Мысалы, Google арқылы Wikipedia сайтына кіріп көп мәлімет табуға болады. Дегенмен олардың сенімділігіне көз жеткізу керек. Әдетте, жақсы материалдарды жинау үшін мынадай жайттарды ескеру қажет:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет