Академиялық жазылым дегеніміз



бет6/41
Дата20.12.2023
өлшемі105,33 Kb.
#141542
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
дәріс тезистері 1

Әдістеме дегеніміз - қалаған нәтижеге жетуге көмектесетін әрекеттер
жиынтығы. Әрбір ғылым саласының өз зерттеу пәні болуымен қатар,
өзіне тән зерттеу әдістері бар.
Ғылымның дамуында үш негізгі теориялық әдістің үлкен маңызы бар.
Олардың біріншісі - аксиомалық әдіс.
Аксиома дегеніміз - логикалық дәлелсіз қолданылатын, эмпириялық айғақтар негізінде теріске шығаруға болмайтын ереже екені белгілі. Евклид геометриясында «жазықтықта жатқан екі нүкте арқылы тек бір ғана түзу сызық сызуға болады» деген аксиома бар (істің дәл осындай екенін тексеруге болмайды). Аксиомалар бір-біріне қайшы келмеуі керек.
Аксиомалық әдістер логика мен математикада кең қолданылады. Ол қайшылықтардың кез келгенін жоққа шығарады. Теориялық қана емес, эмпирикалық деңгейде де зерттеу жүргізілетін ғылымдарда болжамдық-дедуктивтік әдісті қолдану дұрыс болады. Мұнда аксиоманың орнына болжам қойылады.
Болжам (гипотеза) дегеніміз - тәжірибелік айғақтармен салыстыра карағанда, теріске шығарылуы мүмкін білімдер. Болжамдық-дедуктивтік әдіс жақсы математикалық дайындықты талап етеді. Ол қазір физикада, электротехникада, радиотехникада, экономикалық ғылымдарда кең қолданылады. Болжамдық-дедуктивтік әдісті қолдануға мүмкін болмағанда, сипаттау әдісіне жүгінуге тура келеді. Зерттелетін нысанның «келбеті» сезбен, графикамен, сызбамен берілуі мүмкін. Қазір зерттеушінің ойы болжамдық-дедуктивтік әдісті қолданғаннан гөрі, тура тәжірибе мәліметтеріне жиірек жүгінуге мәжбүрлейді.
Сипаттау әдісі филологияда, биологияда, медицинада, психологияда,
әлеуметтануда қолданылады. Егер сипаттау әдісі болжамдық-дедуктивтік әдіс деңгейіне дейін көтерілетін болса, оны әрқашан да жеңіс деуге болады.
Болжамдық-дедуктивтік әдістің талаптарына бағынбайтын кейбір ерекше күрделі құбылыстарды зерттеуде сипаттау әдісі тиімді болуы мүмкін.
Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану жаңа мәліметтер алудың аса маңызды шарты болып табылады. Танымның даму үдерісінде ғылыми ойлау жүйесінің индукция, дедукция, талдау, жинақтау, аналогия, салыстыру, салғастыру, эксперимент, бақылау және басқа да әдістері жасалып қалыптасты. Нақты ғылым түрлерінің арнайы әдістері де болады, өйткені олардың зерттеу нысандарына тән өзіндік ерекшеліктері бар.
Талдау (анализ) дегеніміз - нысанды (объектіні) бірнеше құрамдас бөліктерге беліп алып, оларды жеке зерттеу. Ондай бөліктер ретінде нысанның белгілі бір заттық элементтері немесе оның қасиеттері, белгілері, қатынастары алынуы мүмкін. Нысанның заңдарын айқындау үшін алдын апа оның маңызды және екінші қатардағы белгілерін ажыратып алу керек. Олардың жалпы нысан құрылымы мен ұстанымында алатын орнын айқындау керек. Нысанды тұтастық ретінде тануда оның қурамдас бөліктерін зерттеумен шектелуге болмайды. Таным үдерісінде олардың арасындағы объективтік мәнді байланыстарды ашу, оларды жинақтап, бірлікте қарастыру қажет. Таным үдерісіндегі осы екінші кезеңді жүзеге асыру нысанның жеке құрамдас бөліктерін зерттеуден оның біртұтас байланысқан жағдайын зерттеуге көшуге, талдау әдісін езге әдіспен, яғни жинақтаумен алмастыруға байланысты.
Талдау аяқталған жерде жинақтау басталады. Жинақтау (синтездеу) кезінде нысанныңталдау жасау кезінде ажыратылып тасталған құрамдас бөліктері қайтадан біріктіріледі. Бұл жерде жинақтау деп элементтерді біртұтас жүйеге қарапайым механикалық түрде біріктіру деп түсінбеу керек. Шындығында, ол тұтас жүйедегі әр элементтің орны мен рөлін анықтайды, олардың өзара байланыстарын белгілейді, демек біздің кез алдымызда зерттелетін нысанның нағыз диалектикалық бірлігін көрсетіп береді. Талдау мен жинақтау бір-бірінен бөлек операциялар емес, мәніне қарай олар танымның аналитикалық, синтетикалық әдісінің екі жағы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет