Академиялық жазылым дегеніміз


Бірінші, зерттеу үшін тақырыпқа қатысты қатысты сөздердің немесе терминдердің тізбесін жасап алған жөн. Екінші



бет11/41
Дата20.12.2023
өлшемі105,33 Kb.
#141542
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Бірінші, зерттеу үшін тақырыпқа қатысты қатысты сөздердің немесе терминдердің тізбесін жасап алған жөн.
Екінші, тапсырма және зерттеу сұрағы бойынша талап етілетін жайттар туралы ойлану қажет. Көп сайттар рецензияланған мақалалар ұсынады, зерттеу жұмысына осындай сенімді мәліметтерді ғана қолдануға тырысу қажет.
Үшінші, зерттеу жұмысының қолданылған әдебиеттерді құнды болуын ескерген жөн. Google Scholor сияқты академиялық материал іздеу сайттары «сілтеме жасалынған» деп, қанша адамның материалдарды қолданғанын көрсетеді. Жұмысқа сілтеменің көп жасалуы, оның құндылығы мен сенімділігінің жоғары екенін байқатады.
Зерттеу материалдарын жинау да зерттеу жұмысы болып саналады. Материалдарды жинау барысында әркім өзі қалыптастырған әдістерді қолдануы мүмкін. Ең бастысы,материалдарды жылдам жинап, оны алдағы зерттеу жұмысына қалай қолдану жағын ойластырған жөн. Дегенмен кейбір мақалалардағы мәоіметтер ескі болуы мүмкін. Сондықтан мәліметтің қашан жарияланғаны жөнінде білу маңызды. Негізінен, аталған жайттың барлығы нені зерттеуім қажет деген сұрақтың жауабын бідуге тікелей байланысты.
Сонымен «нені зерттеу қажет?» Зерттеу жұмысын жүргізудің негізгі мақсаттарының бірі – белгілі бір тақырып бойынша көбірек білу және осы тақырыпты жетілдіру жолдарын айқындау.
Зерттеу – белгілі бір мәселе жөнінде кеңінен іздестіру жұмысын жүргізу. Ал зерттеу әдісі – жекелей немесе топ болып мәселені анықтау және оның шешілу жолдарын анықтау. Дәлел – зерттеу арқылы фактілер мен дәйектер жинау.
Зерттеу жұмысының ең негізгі үдерісінің бірі – қызығушылық тудырған саланы ықшамдай алу. Қызығушылығына қарай, автор мәселені нақты әрі түсінікті етіп зерттей алатындай сұрақты табуы тиіс. Зерттеу сұрағы анық болған сайын оған жауап беру мен оны зерттеу үдерісі түсінікті бола түседі. Зерттеу сұрағын құру үшін мынадай қарапайым үдерісті жүзеге асырған дұрыс:
Бірінші, зерттеу саласы: ғылым сан-салалы. Автор өзін қызықтыратын саланы анықтау үшін мынадай қарапайым екі сұрақты қоя алады: Мені не қызықтырады? Бұл сала мені не үшін қызықтырады? Мәселен, Қазақстан экономикасы қызықтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет