Зерттеу жұмысынын негiзгi үдерiсi мынадай жоспардан тұруы мүмкін:
1. Зерттеу сұрағын айқындау:
2. Ақпарат алатын топты анықтау;
3. Жауапты қалай жинап алатыны туралы білу;
4. Сауалнаманы құру:
5. Сауалнаманы сынақтан өткізу;
6. Негізгі зерттеу жұмысын жүргізу;
7. Ақпараттарды талдау.
Жазба жұмысын жоспарлау барысында «неге баса назар аудару қажет?» деген сұраққа жауап іздеу кажет. Ол үшiн жазба жұмысының зерттеу сұрағына баса назар аударуға тура келеді. Мәселен, эссені жазу барысында онын негiзгi сұрағы туралы ойланып, осы сұраққа ғана жауап беруге тырысу керек. Тақырып туралы баска да бiлетiн жайттарды жазудың қажетi жоқ, себебі тақырыпка қатысты, бiрақ сұрақтан тыс мәселелерді жазу жүйесiздiкке, кейде тiптi тақырыптан ауытқуға ұрындыруы мүмкін. Академиялық жазылымнын басты талаптарының бірі – тақырыптан ауытқымай нақты сұраққа жауап беру болып саналады.
Кез келген жазылым жалпыға ортақ кipicne бөлім, ойдын дамытылуы немесе негізгі бөлім және қорытынды бөлім кұрылымына негізделеді. Бұл кұрылым бойынша негiзгi бөлiм тақырыпка қатысты ойды жан-жақты талдайды, сондықтан басқа бөлiмдерге қараганда көлемдірек болады. Дегенмен кiрiспе мен корытынды бөлiмдердiң де маңызды екенін естен шығармау қажет. Бұл бөлiмдердiн мағыналық жағынан біртұтастығы мен сұраққа жауап беру тұрғысынан жүйесiз жазылуы түсiнiксiздiкке алып келеді. Сонымен, жоспар құру барысында алдымен есте сақтайтын жайт тақырыпқа қатысты кiрiспе бөлім мен ойды жан-жақты талдайтын негiзгi бөлiмi және автор ойынын негiзгi түйiнiн беретiн қорытынды бөлiмнiң болуы шарт. Бұл үш бөлiм бiр-бiрiмен мағыналық және құрылымдык жағынан өте тығыз байланыста жазылуға тиiс.
4-Дәріс. ЭССЕ ЖАЗУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1. Эссе жазудың мақсаты мен міндеттері.
2. Эссеге қойылатын талаптар мен олардың құрылымдары
3. Эссенің негізгі түрлері
Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai - тәжірбие, лат.т. exagium-құрау) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалык,әлеуметтанулық, саяси жене тағы баска саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.
Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде эссеге: «Эссе - бір нерсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма» деген аныктама берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |