Классикалык эссе - бұл еркін такырыпқа жазылған, көркемдік қиялдан азат қысқа көлемді шығарма. Эссенің мақсаты - әртүрлі дәйектер мен делелдер келтіре отырып, берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп, мысал келтіріледі. Эссе екіге бөлінеді: субъективті; негізгі мақсаты - авторды жан жақты ашу, таныту;
объективті; негізгі мақсаты - белгілі бір ғылыми тақырып бойыншаавтордыңкөзқарасын ашу, таныту.
Қолданылуына карай:әдеби жанрда, білімді бақылауәдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-та түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен кейде 20 бетке дейін. Эссегетақырыптардыңшектеусіздігі,автордың өз тәжірибесіне негізделген жеке ұстанымның еркін мазмұндалуы тән. Мұнда стиль маңызды рөл ойнайды. Әртүрлі эссе байқауларында(оқуға пайдаланудың алдындағы сынақтарда, сондай-ақ шығармашылық байқауларда) мәселен, 500 сөздің көлемінде эссе жазу тапсырылады. Мінсіз эссе жазудың дайын ережесі жоқ және болмайды да, бірақ эссе жазу дағдыларын жүзеге асыруға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар бар. Ең алдымен, өзінің хабарлайтын, жазатын, ой толғайтын, талқылайтын нәрсең туралы анық білуің керек. Сондай-ақ эссе жазуға итермелеген не нерсе, эссені кім оқитыны түсіну өте маңызды. Оқырманның назарын өзіне аудартатын, мүмкін болса, қарсы жауап реакциясын тудыратындай өз ойыңды, сезіміңді, көңіл- күйіңді жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды, күшті сөздерді дұрыс таңдай білу керек. Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет - тілді еркін меңгеруі, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл, анық бейнелі етіп сабақтастыра жаза білу. Эссе жазу кезеңдері:Проблеманы анықтау - ойлану - жоспарлау - жазу - тексеру Эссе жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар:
Эссе жазуға калай дайындалу керек? Эссе жазуға кіріспес бұрын, ең алдымен, мына сұрақтарға жауап беру керек сиякты: «Мен неге және не үшін жазып отырмын?», «Менің жұмысымды кім оқиды?», «Мен қандай идеяларды айтқым келеді?», «маңызды аққпаратты мен қай жерден іздеп таба аламын?», «Мен оқырмандардан қандай пікірлер мен іс- әрекеттерді күтемін?»
Эссе жазудың нақты мақсаты қандай? Ол: белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және делелдеу;
көңіл-күйіңді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу;
іс-әрекетке түрткі болу.
Мақсат нәтижеге жету құралдарын анықтайды. Автор нәтиже шығатындай жағдайға дейінгі көлемде жазуы тис. Адам өзінің алдына қойған мақсатын біліп, өзінің жазба еңбектерін осы тұрғыдан қарастырса, мәтін түсінікті және айқын болады. Болашақ оқырмандардан құралған топтардың жалпы ерекшеліктерін, сондай-ақ олардвң құндылығы мен эссенің тақырыбына деген көзқарастарын анықтауға тырысу керек. Бұл тәсіл оқырмандарға ақпаратты қалай қызықты етіп беруге, оны түсінікті, нақты, делелді түрде калай баяндауға және қойылған мақсатқа сәйкес оқырмандарға қалай ықпал жасауға болатынын анықтауға көмектеседі. Қандай ақпаратты хабарлап, кандай идеяны айтқыңыз келетінін айқындайө отырып, өзіңізге эссе тақырыбынынң маңыздылығына баса назар аударуға көмектесе аласыз. Сіздің ойларыңыз, сезіміңіз, көзқарасыңыз және ұсыныстарыңыз аналогия, ассоциация, болжау, пікір, пайымдау, дәлел және т.б. түрінде мүмкін. Кейбір идеялар ерекше дәлелдемелерді қажет етпейді, ал кейбіреулері делелсіз және деректерсіз болады. Сондай-ақ тақырыпты зерттеу барысында автор өзінің хабарлауына енгізгісі келетін жаңа идеялар мен жаңа ойлар туындауы мүммкін. Эссе мазмұнын құрайтын автор ұстанымының негізіне автордың жеке әсері, толғанысы жатуы мүмкін бола тұра, эссе авторына (әсіресе, жаңа бастаған) қосымша ақпараттар артықтық етпейді. Эссенің тақырыбы қажет материалды қайдан іздеуге көмектеседі. Бұл кітапхана, интернет ресурстары, сөздіктер, анықтамалықтар, қайта оқып шығуды қажет ететін бұрын оқылған кітаптар болу мүмкін. Сондай-ақ жанындағы адамдардан алынған ақпараттар да кажет. Келесі кезең дайындық: ақпараттарды жинақтау, тезистерді құрастыру, жұмыстың құрылымын, баяндау тәсілін анықтау. Ақпараттарды жинақтау көп уақытты алады. Деректерді тексеріп, бар материалдарды ретімен қайта саралап, карап шығу керек. Кейбір мәліметтерді алып тастап, басқаларын кеңейтуге тура келеді, кандай жағдайда да не жинай алғаныңызды жүйелеп жазу керек. Тезистер жұмыста ұсынылатын ақпараттарды жүйелеуге, идеялардың арасындағы сәйкестіктер мен сабақтастықты анықтауға көмектеседі. Эссе жазуда көздеген мақсатқа жетуге көмектесетін маңызды акпараттың өзін таңдаудан бастаған дұрыс.