Күрделі. Жазба тілі ауызекі тілге қарағанда біршама күрделі. Жазба тілінде күрделі сөйлемдер мен сөз тіркестері жəне лексикалық мағынасы терең сөздер кеңінен қолданылады.
Формалды.Академиялық жазылым барысында əр түрлі қысқарған сөздер мен диалект, жаргон жəне т.б. сияқты ауызекі сөйлеу барысында кездесетін сөздерді қолдануға болмайды.
Нақты. Академиялық жазылымда ақпаратты қолдану ба- рысында нақты мəлімет беруге тырысыңыз. Мысалы, «көптеген адамдар» деген мəліметті қолданбай, оның орнына «50 мың адам» деп нақты санын көрсету қажет.
Объективті.Академиялық бағытта жазылатын жұмыс субъ- ективті пікір ұстанбауы тиіс. Яғни, біржақты немесе қандайда бір ұстанымды насихаттауға бағытталмауы тиіс. Жұмыстың мақсаты тек ғылыми негіздерге ғана сүйену арқылы тұжырым жасау болып табылады. Сонымен қатар, академиялық мəтінді оқу барысында оқырманды автордың не жасағаны емес, жұмыс бойынша не жа- салғаны қызықтырады. Сол себепті, «менің ойымша» немесе «мен сенемін» деген сөздер мен сөз тіркестері қолданылмағаны абзал. Сонымен қатар, жазба жұмысында мынадай сөздерді қолданбау қажет: «Мен», «Менің», «Менікі». Оқырман əдетте сілтеме жасал- маған ойды автордың пікірі ретінде қабылдап, бағалайды. Бірақ, оны мəтінде ерекшелеп көрсетудің қажеті жоқ. Мысалы: «Менің ойымша, бұл жақсы жазылған зерттеу жұмысы» деп көрсету қажет емес. Оның орнына, «Жақсы жазылған зерттеу жұмысы» деп жазған дұрыс. Оқырманға «Сіз» немесе «сен» деген сілтеу есімдіктерін қолданбаған дұрыс. Мысалы: «Сіз 1990 жылдардың басында ҚР экономикасының қиын кезеңді бастан кешіргенін білесіз» дегеннің орнына «1990 жылдары ҚР экономикасы қиын кезеңді бастан кешірді» деп қолданған жөн.
Шектеулі. Академиялық мəтін тақырыпқа байланысты мəселені ғана қамтуы тиіс. Тақырыптан ауытқу немесе зерт- теу сұрағынан тыс ақпараттарды беру немесе жазу оқырман қы зығушылығының жоғалуы мен жұмыс сапасының төмендеуіне алып келеді. Сондықтан, ЖОО-дарында жазба жұмысы ретінде тапсырма берілгенде жұмыс тақырыбы мен қамтылатын зерттеу нысанына қарай оқытушы тарапынан көлемі белгіленіп беріледі. Белгіленген көлем студент үшін тақырып жөніндегі оның толық мəлімет беріп, артық ақпарат жазбауына мүмкіндік береді.
Жауапкершілік.Автор қашанда өз жұмысы үшін жауапты. Яғни, мəтіндегі түрлі қателіктер мен келтірілген тұжырымдар үшін студенттің өзі ғана жауап бере алады. Сонымен қатар, мəтінді жазу барысында плагиаттық жасамау қажет. Біреудің пікіріне немесе сөзін сілтеме жасамай қолданғаны үшін жауапкершілікке тартылатынын естен шығармау керек.
Сонымен, академиялық жазылымның ерекшелігі: