Жоспары: 2.1 Академиялық жазылымның ерекшеліктері
2.2 Ғылыми стиль жанрларын оқудың түрлері
2.3 Ғылыми зерттеудің әдіс-тәсілдері
2.1 Академиялық жазылымның ерекшеліктері Кез келген оқырман қалауына қарай түрлі жанрдағы мәтіндер оқиды. Шартты түрде академиялық және академиялық емес деп бөлеміз.
Біздің университеттің түлегі, осы пәнді ұсынған автор, Болашақ арқылы шетелдің ғылыми тәжірибесін меңгерген ғалым Е.Т. Оспановтың айтуынша: академиялық жазылымға рефераттар, баяндамалар, ғылыми мақалалар, оқулықтар, авторефераттар, диссертациялар мен ғылыми жобалар жатады.
Біздің тарапымыздан ұсыныс ретінде, бакалавр студенті үшін дипломдық жобаларды осы академиялық жазылымға жатқызамыз.
Академиялық жазылымға тән белгілер: мәтіндеөз мақсатына және зерттеу әдісіне қарай құрылымдары мен жазылу жүйесі әртүрлі болады. Барлық ғылым салаларына ортақ белгі зерттеу жұмысының нәтижесін басқа адамдарға таныстыруды мақсат етедіжәне сондықтан академиялық мәтіннің тілі түсінікті, құрылымы жүйелі болуы қажет. Академиялық мәтіннің құрылымы күрделі, себебі ғылыми мәлімет беруді көздейді. Мәтіндер тілді меңгертуде маңызды компоненттердің бірі болып табылады. Мәтіндерді қолданысқа түсуіне қарай ғылыми, ғылыми-көпшілік, көркем-әдебиет, газеттік мәтіндер деп бөліп қарастыруға болады.
Ғылыми-көпшілік мәтіндер арнайы мамандығы жоқ оқырмандарды ғылымның жетістіктерімен жеткілікті түрде хабардар етеді.
Газеттік мәтіндер (ақпарат, репортаж, комментарий, корреспонденция) саяси идеялық ақпараттарды жеткізеді.
Ғылыми мәтіндер белгілі бір заттың, деректің, құбылыстың заңдылығын суреттейді. Ғылыми мәтіндерге: мақала, очерк, реферат, рецензия, аңдатпа, жоспар, тезис, сын-пікір, ғылыми хабарларды т.б.жатқызуға болады.
Ғылыми мәтіннің басқа мәтіндерден айырмашылығы: оның құрылымы,
ұйымдастырылуы ерекше бір үндесуге, бірізділікке бағытталады. Тілді тиянақты білу мен меңгеруде ғылыми мәтінді игерудің жолдары көп. Ол сөйлесім әрекеті, соның ішінде оқылым арқылы, оқылымға қатысты амалдар арқылы тиімді іске асады. Нақты бір ақпараттан хабардар болу үшін грамматикалық және лексикалық қорды игеру жеткіліксіз. Ол үшін ғылыми мәтіннің ерекшеліктеріне назар аудара отырып, оның ең маңызды, басты бөліктерін айқындай білу керек, сондықтан оқылған мәтіннен белгілі бір ақпаратты алу үшін оны түсініп оқудың маңызы зор.
Академиялық бағытта жазылған мəтіннің мынадай негізгі ерекшеліктері болады: күрделі, формалды, нақты, объективті, шектеулі жəне жауапкершілікті. Бірақ, мəтіннің жа- зылуының басты талабы - анық жəне түсінікті тілмен жазылуы.