Академиялық жазылым- арнайы мамандықтарға байланысты студенттердің оқуға міндетті немесе таңдап алған пәндері бойынша белгілі бір тақырып төңірегінде түсініктер мен пікірталастар баяндалған әдебиеттерді оқып, оған талдау жасауы және оларды қолдану арқылы жазбаша түрде өз пікірін білдіруі. Бұл жазба жұмысы студенттерді өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізуге, жобалық жазба жұмыстарын жазуға машықтандырады.
Əдетте, академиялық бағытта жазылған мəтіннің мынадай негізгі ерекшеліктері болады: күрделі, формалды, нақты, объективті, шектеулі жəне жауапкершілікті. Бірақ, мəтіннің жазылуының басты талабы - анық жəне түсінікті тілмен жазылуы.
Қорытынды.
Академиялық бағыттағы жазба жұмысының тілі көпшілікке, мəселен белігілі бір ғылыми сала жөнінде терең білмейтін қарапайым оқырманға түсінікті болуы тиіс. Яғни, студенттің эссесі экономикалық бағытта жазылғанымен, оны арнайы экономикалық мамандығы жоқ оқырман еркін түсіне алуы тиіс. Сонымен, академиялық жазылым ғылыми көпшілік стилінде жазылады. Ал, таза ғылыми стиль немесе ғылыми-оқулық стилі нақты бір ғылым саласына бағытталып, тек қана осы саланың маманына ғана түсінікті тілде жазылуы мүмкін.