Акушерлік стационарларда инфекциялық бақылау жүйесін ұйымдастыру


ИБ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭПИДЕМИЯЛАРҒА ҚАРСЫ ШАРАЛАР



Pdf көрінісі
бет10/15
Дата24.06.2023
өлшемі331,5 Kb.
#103302
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
акушер санит

5. ИБ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭПИДЕМИЯЛАРҒА ҚАРСЫ ШАРАЛАР
ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ 
МККБИ профилактикасы медициналық көмек көрсетумен айналысатын 
барлық қызметтер мен тұлғалардың міндеті болып табылады. Пациенттер 
мен қызметкерлердің инфекция жұқтыру тәуекелін төмендету үшін барлық 
қызметтер мен тұлғалардың бірлесе жұмыс істеуі маңызды. Бұл тұрғыда 
әсіресе пациенттерге күтім жасайтын қызметкерлерге жүктелетін жауапкер-
шілік өте зор.


20
Денсаулық сақтау саласындағы стандартты сақтық шаралары
Стандартты сақтық шаралары патогенді микроағзалардың гематогендік 
(қан арқылы таралатын) және басқа да белгілі не белгісіз жолдармен таралу 
қаупін төмендетуге бағытталған. Олар инфекцияларды бақылаудың база-
лық профилактикалық шаралары болып табылады және де барлық паци-
енттерді емдеу және күту барысында кеңінен қолданылуы тиіс. Стандартты 
сақтық шараларының маңызды компоненті – қол гигиенасы – медицина-
лық көмек көрсетумен байланысты патогендердің таралуының алдын алуда 
мейлінше тиімді әдістің бірі болып саналады.
Пациенттермен қандай да бір байланыс жасағанда, яғни науқасты қарау, 
емдеу, оған күтім жасау, т.т. жағдайларда емдеу мекемесіндегі медицина
қызметкерлері төмендегідей сақтық ережелерін қатаң ұстанып, орындауы 
тиіс:
– қол гигиенасы;
– форма кию ережелері;
– медициналық қолғап;
– медициналық алжапқыш.
Қол гигиенасы пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барынша 
ықпал етеді. Бұл МККБИ деп танылған көптеген микробтардың таралуына 
жол бермеуді көздейтін қарапайым да арзан амал. Әрине, МККБИ-мен күрес 
жолында қол гигиенасы бірден-бір жалғыз шара дей алмаймыз, әйтсе де 
қол гигиенасын қатаң түрде ұстану нәтижесінде пациенттердің қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету мүмкіндігі барынша арта түседі. Өйткені, МККБИ қозды-
рушы микробтар пациенттер арасында медицина қызметкерлерінің қол-
дары арқылы жұғып, тарайтыны бүгінде ғылыми негізде зерттеліп, дәлел- 
денген [3].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет