Акушерлік стационарларда инфекциялық бақылау жүйесін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата24.06.2023
өлшемі331,5 Kb.
#103302
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Қысқартулар тізімі:
ИБ 
– 
инфекциялық бақылау;
ГИ

госпитальдік инфекциялар;
ІСИ
– 
іріңді-септикалық инфекциялар;
АІИ
– 
ауруханаішілік инфекциялар;
ЭҚ

эпидемиологиялық қадағалау;
МККБИ –
медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар;
WHONET – ДДҰNET – ДДҰ – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, 
NET – желі (микроағзалардың антибиотикке төзімділігін саралауға 
негізделген компьютерлік бағдарлама);
МСЭҚ –
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау.


2
КІРІСПЕ
Ауруханаішілік (нозокомиалды, ауруханалық, госпитальдік) инфекция 
деп микроб түріндегі кез келген клиникалық ауруларды қарастырамыз. Ол 
науқас адам ауруханада жатқанда немесе медициналық көмекке жүгінген-
де жұғуы ықтимал инфекцияның бір түрі (науқас стационарда жатқанда не 
стационардан шыққаннан кейін ауру белгісі болмаған күннің өзінде). Жұмыс 
барысында ауруханаішілік инфекцияға емдеу мекемесінің қызметкері де 
шалдығуы мүмкін. 1979 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 
(ДДҰ) Еуропалық аймақтық бюросы осылай деп түсіндірген болатын. 
Бүгінде «медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекция»
(МККБИ) термині енгізілген. Көптеген елдердің нормативтік құжаттарында, 
ДДҰ-ның ғылыми әдебиетінде және жариялымдарында қазір дәл осы тер-
мин қолданылады. МККБИ жұқтыру жағдайлары стационарларда, амбула-
ториялық емханаларда, сауықтыру шипажайлары мен халықты әлеуметтік 
қорғау және білім беру мекемелерінде медициналық көмек көрсетуге немесе 
медициналық жедел жәрдемге, медициналық көмекті үйде көрсетуге тіке-
лей қатысты. Сол сияқты, кәсіби қызметтерін атқару барысында медицина 
қызметкерлері де инфекцияға шалдығатын жағдайларды жоққа шығаруға 
болмайды.
МККБИ жұқтыру тәуекелі дүние жүзі бойынша барлық елдерде бірдей, 
яғни инфекцияның бұл түрі денсаулық сақтау мекемелерінің барлығында да 
кездеседі. Бірақ әлем елдерінің даму көрсеткіштеріне қарай инфекцияның 
түрлері мен таралуында өзіндік ерекшеліктер бар.
ДДҰ мәліметтері бойынша, табыс деңгейі жоғары, яғни заман тала-
бына сай технологиялар мен емдеу тәсілдерін кеңінен қолданатын да-
мыған елдерде науқастарды жедел және шұғыл көмек ауруханалары-
на жатқызу барысында МККБИ 3,5-12% жағдайда асқыну себебі болып 
табылады. Бір ғана АҚШ-та жыл сайын МККБИ салдарында кем дегенде
80 000 жағдайда адам өлімі орын алады (күніне 200 адам көз жұмады). Та-
быс деңгейі төмен елдерде МККБИ ықпалы бұдан да жоғары: дамыған ел-
дермен салыстырғанда инфекция жұқтыру көрсеткіші 2–20 есе. Инфекци-
ялардың таралу деңгейін зерттеу нәтижесі көрсеткендей, әдетте ол 15%-дан 
асып түседі [1].
Табыс деңгейі төмен және орташа деп танылған елдерде МККБИ әсіре-
се интенсивті терапия бөлімдеріне түскен жаңа туған нәрестелер үшін аса 
қауіпті: дамыған елдермен салыстырғанда нәрестелердің МККБИ жұқтыру 
қаупі бірнеше есе жоғары. Даму көрсеткіші төмен не дамушы елдерде күніне 


3
4000 бала МККБИ-дан шетінеп жатады. Жаңа туған нәрестелерге арналған 
интенсивті терапия бөліміне түсетін балалардың жартысына жуығы МККБИ 
жұқтыру салдарында көз жұмады [1]. 
МККБИ пациенттердің қауіпсіздігі үшін түйінді проблема болып табылады
Бұл инфекцияның салдарында микроағзалардың микробқа қарсы агенттер 
алдындағы төзімділігі жоғарылап, пациентке ұзақ уақыт бойы ауруханада 
жатуға тура келеді, ол тіпті еңбек ету қабілетінен айырылуы мүмкін. МККБИ 
салдары денсаулық сақтау жүйесі үшін, емделушілер мен олардың отбасы 
үшін қаржылай қыруар шығын түрінде де көрініс береді. МККБИ мүгедектік 
не өлім жағдайларының жоғарылауына да ықпал етуде.
ДДҰ мәліметтері бойынша, Еуропада медициналық көмек көрсетумен 
байланысты инфекцияға қатысты жылына шамамен 5 миллиондай оқиға 
тіркеледі. Инфекцияның бұл түрі бір жылда 135 мыңдай өлім жағдайына се-
беп болған. Сол сияқты, медицина мекемесінде қосымша мәрте қалуды та-
лап еткен 25 миллиондай жағдай тіркелген. Өз кезегінде бұл 13-24 млрд еуро 
қосымша шығынға әкеп соққан. МККБИ салдарында өлім жағдайы жоғары 
саналатын Латын Америкасында бұл көрсеткіш – 18.5%, Азияда – 23.6%, Аф-
рикада - 29.3% [1].
Бұл деректер МККБИ мәселесінің қаншалықты маңызды әрі өзекті екен-
дігін көрсетеді. Сонымен қатар, денсаулық сақтау ұйымдары мен мекеме-
леріндегі медицина қызметкерлерін аталған мәселенің алдын алу жолдары 
туралы дер кезінде ақпараттандырып, денсаулықты жақсартудың тиімді 
жолдарын қолдану және оған бақылау жасау қажеттігін дәлелдей түседі.
Бұл тұрғыда шетелдік және халықаралық бірқатар жобаларды мысал 
етуге болады. 1975–1976 жж. АҚШ-та жүргізілген ауруханаішілік бақы- 
лаудың тиімділігін анықтауға негізделген эпидемиологиялық бақылау мүм-
кіндіктерін зерттеу (Survey Efficacy of Nosocomial Infection Control (SENIC)) 
нәтижесі көрсеткендей, емдеу-диагностикалық процесіне қатысушыларды 
ақпараттандыру барысында, ауруханаішілік инфекция жұқтыру көрсеткіші 
30%-дан кем емес деңгейде төмендегені белгілі болған.


4


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет