Акушерлік стационарларда инфекциялық бақылау жүйесін ұйымдастыру


Инфекциялық бақылау комитетінің негізгі функциялары



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата24.06.2023
өлшемі331,5 Kb.
#103302
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Инфекциялық бақылау комитетінің негізгі функциялары
• Стационарда ИБК ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу. 
• Инфекцияны бақылау шараларын қаржыландыру және тиісті ресур-
стармен қамтамасыз ету қаншалықты қажет, мақсатқа сай ма деген мәсе-
лелерді шешу.
• Инфекциялық бақылау жоспарының (бағдарламасының) нәтижелерін 
сарапқа салып, талдау.
• Медициналық ұйым ішіндегі барлық қызметтерге өз жұмысы туралы 
ақпарат/мәлімет беру.
• ИБ шараларының тиімділігіне баға беру.
ИБК қажет жағдайда жедел шешім шығаруға, сондай-ақ инфекциялық 
бақылау саласында ұзақ мерзімге негізделген саясат жоспарын әзірлеуге 
жауапты. Медициналық қызмет сапасын арттыру жүйесін басқару үшін ИБК 
қаржылай және адами ресурстарды басқару мүмкіндігіне ие болуы керек, 
оның ішінде: көмекші қызметкерлердің жұмысын төлеу және оқыту матери-
алдарын сатып алу (материалдарға тапсырыс беру), сондай-ақ комитет мү-
шелерінің кәсіби конференцияларға және жетілдіру шараларына қатысуын 
қамтамасыз ету мүмкіндігі де ескерілуі тиіс.
Аурухана басшылығының міндеті:
• ИБ бойынша шараларды жүзеге асыруға қажет мәселелерді шешу;
• ИБ тобының қызметіне қолдау көрсету;
Инфекциялық бақылау тобының міндеті:
• инфекциялық бақылауға қатысты барлық мәселелер бойынша қызмет-


11
керлерге кеңес беріп, пациенттер мен қызметкерлер үшін қауіпсіз эпидемио-
логиялық орта қалыптастыру;
• жұмыс орындарында тұрақты кездесулер өткізіп, оқыту негізінде ауру-
хана қызметкерлерін түгелдей ИБ бағдарламасы бойынша жұмысқа жұмыл-
дыру;
• негізгі шараларды орындау бойынша эпидемиологиялық қауіпсіз алго-
ритмдер әзірлеп (тиісті әрекет, амалдар мен процедуралар), жұмыс орында-
рында тиісті алгоритмдердің орындалуын қамтамасыз ету;
• МККБИ жағдайларын белсенді түрде анықтау жүйесін құру;
• МККБИ даму қаупі бар топтардағы пациенттерге қатысты қолданыла-
тын шаралардың хаттамасын әзірлеу;
• МККБИ ошақ көздерін оқшаулап, шектеуге қатысты қолданылатын ша-
ралардың хаттамасын әзірлеу;
• медицина қызметкерлерімен, МСЭҚ өкілдерімен ықпалдаса отырып, ин-
фекцияның топтық түрде таралу жағдайларын тексеру;
• МККБИ-ді эпидемиологиялық нысаналы негізде қадағалауға қатысып, 
оның нәтижесі бойынша тиісті шаралар өткізу
• антибиотиктерді профилактикалық және емдік мақсатта қолдану хатта-
масы болуын қамтамасыз ету;
• өзге де міндеттер, оның ішінде, мысалға, тамақ әзірлеу орындарын эпи-
демиологиялық көрсеткіштер бойынша тексеріп, эпидемиологиялық тұрғы-
дан қауіпті қалдықтарды жоюды ұйымдастыру және т.б.;
• аурухана әкімшілігімен және медицина қызметкерлерімен өзара ықпал-
дасып, жұмыс істеу;
• әкімшілікті, инфекцияны бақылау комитетін ИБ проблемалары туралы 
уақытылы құлақтандырып, тиісті шешім шығаруға ықпал ету.
ИБК құрамына: төраға (бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасарла-
рының бірі), госпитальдің эпидемиолог дәрігері және/немесе госпитальдің 
эпидемиолог дәрігерінің көмекшісі, бас акушер, жұқпалы аурулар жөнінде-
гі маман, кәсіби аурулар жөніндегі маман/профпатолог (немесе медицина 
қызметкерлерінің кәсіби денсаулығын сақтау мәселелері бойынша арнайы 
дайындықтан өткен кез келген маман), бактериолог дәрігер (стационардағы 
бактериологиялық зертхана меңгерушісі), бөлім меңгерушілері (перзентхана, 
босанғаннан кейінгі бөлім, обсервациялық бөлім, т.т.), дәріхана меңгерушісі, 
жаңа туған нәрестелер бөлімінің меңгерушісі, балалар бас медбикесі, жан-
сақтау бөлімі мен интенсивті терапия бөлімдерінің (әйелдерге және жаңа 
туған нәрестелерге арналған) меңгерушілері немесе реаниматолог/анестези-


12
олог дәрігерлер және орта деңгейдегі медицина қызметкерлері ұсынылады.
МККБИ-дің алдын алу бағдарламасын тиімді етіп ұйымдастырып, жүзе-
ге асыру үшін ИБК мүшелерінің әрқайсысының негізгі функционалдық мін-
деті белгіленіп көрсетілуі қажет және де бұл функциялар мен құзыреттердің 
нақты сипаты берілуі керек.
ИБК мүшелерінің негізгі функциялары.
Төраға:
• ИБК отырыстарын уақытылы, дер кезінде өткізеді;
• ИБ міндеттерінің басымды бағыттарын белгілейді;
• инфекциялық бақылаудың жоспарға сай шараларын өткізуге жауапты 
тұлғаларды белгілейді;
• ИБК отырыстарында қабылданған шешімдер мен жоспарлар туралы 
конференциялар барысында баян етеді;
• ИБК қызметінің нәтижесін қорытындылап, сарапқа салады.
Госпитальдің эпидемиолог дәрігері:
•ауруханаішілік инфекцияны (АІИ) эпидемиологиялық тұрғыдан қадаға-
лау шараларын ұйымдастырады (эпидемиологиялық қадағалау бағдарла-
масын әзірлеп, аталған бағдарлама бойынша мәлімет жинау картасын, пер-
зентхана ішінде ақпарат алмасу схемасын дайындайды);
• ауруханаішілік инфекцияны есепке алып, тіркеуді ұйымдастырады;
• аудандық және қалалық МСЭҚ органдарымен байланыс орнатады; 
• ауруханаішілік инфекцияның пайда болу себептерін анықтап, оларды 
жою шараларын әзірлейді;
• оқшаулап, шектеу шараларының тиімді жолдарын әзірлейді;
• диагностикалық емдеу амалдары мен процедураларының эпидемиоло-
гиялық қауіпсіз алгоритмдерін әзірлеуге қатысады;
• ИБ мәселелері бойынша медицина қызметкерлерін оқыту бағдарлама-
ларын әзірлеуге қатысады;
• антибиотиктерді рационалды пайдалану қағидаларын әзірлеуге қаты-
сады;
• ай сайын эпидемиологиялық қадағалау нәтижелеріне сараптама жүр-
гізіп, оның қорытындысын ИБК отырыстарында мәлім етеді;
• эпидемияға қарсы режимді тексеруден өткізеді;
• антибиотиктерді, дезинфектанттарды, антисептиктерді тиімді де ра- 
ционалды жолмен пайдалану саясатын әзірлейді;
• ИБ мәселелері бойынша бағдарлама жоспарын әзірлеп, медицина қыз-
меткерлерін оқытуды ұйымдастырады. 


13
Инфекциялық бақылау бойынша медбике:
• бөлім ішінде ИБ қағидаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді
• ауруханаішілік инфекцияны тіркеп, есепке алу жүйесіне қатысады;
• АІИ негізгі тәуекел факторлары бойынша ақпарат жинауды қамтамасыз 
етеді;
• диагностикалық емдеу амалдары мен процедураларының эпидемиоло-
гиялық қауіпсіз алгоритмдерін әзірлеуге қатысады;
• ИБ мәселелері бойынша медицина қызметкерлерін оқыту бағдарлама-
ларын әзірлеуге қатысады.
Бас акушер:
• бөлімдерде эпидемияларға қарсы режим үшін жауапты;
• диагностикалық емдеу әрекеттері мен процедураларының эпидемиоло-
гиялық қауіпсіз алгоритмдерін әзірлеуге қатысады;
• бөлімдерді дезинфекциялап, зарарсыздандыру режимін тексерудің 
тиімді жолдарын ұйымдастырады;
• зарарсыздандыру препараттарына, антисептиктерге, шығын материал-
дарына деген қажеттіліктерге бағалау жүргізеді;
• медицина қызметкерлерін тиісті амалдар мен процедураларды жүргізу 
ережелері бойынша оқытып, үйретеді: оқыту бағдарламасының жоспарын 
жасап, соған сәйкес оқыту шараларын өткізеді және оқу бағдарламасын 
меңгеру нәтижесіне бақылау жасайды;
• эпидемиологиялық қадағалау жүргізуге қатысады.
Бөлім меңгерушілері:
• бөлім қызметкерлерін ИБК шешімдерімен таныстырады;
• бөлімдерде ИБ ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді: бөлім ішінде тір-
келіп, есепке алынуы тиіс инфекциялық жағдайлардың АІИ және донозоло-
гиялық формаларының тізбесін анықтайды, эпидемиологиялық қадағалау 
бағдарламасына сәйкес ақпарат жинап, таратуды ұйымдастырады, бөлім-
дерде эпидемияларға қарсы тиісті режим ұйымдастырады;
• медицина қызметкерлерін оқыту бағдарламаларын әзірлеуге қаты- 
сады;
• медициналық көмек сапасын бағалауға қатысады.
Дәріхана меңгерушісі:
• госпитальдің эпидемиолог дәрігерімен келісе отырып, микробқа қарсы 
препараттарға деген қажеттілікке бағалау жүргізеді;
• дәрі-дәрмектердің зарарсыз (стерильді) болуын қадағалап, бақылайды;
• бөлімдердің зарарсыз (стерильді) дәрі-дәрмек формаларына деген қа-


14
жеттіліктеріне бағалау жүргізіп, бұларды тоқтаусыз жеткізіп отыруды қамта-
масыз етеді.
Бактериологиялық зертхана меңгерушісі:
• мүдделі тұлғаларға инфекциялық бақылау мәселелеріне қатысты 
мәліметтер бойынша уақытылы әрі тұрақты негізде ақпарат береді; 
• инфекциялық бақылаудың нақты проблемалары бойынша арнайы зерт-
теулер жүргізуге қатысады;
• инфекциялық бақылаудың өзге мүшелерімен бірлесіп, нақты анықта-
масы бар микробиологиялық зерттеулер жүргізуге арналған көрсеткіштер 
тізімін әзірлейді: онда әрбір бөлімшенің бұл зерттеуге деген нақты қажет-
тілігі көрсетіліп, клиникалық және эпидемиологиялық міндеттері ескеріледі 
және жүргізілетін зерттеу ауқымы анықталады;
• зертхананың барлық қолданушыларына арналған хаттама (нұсқаулық) 
әзірлейді (жазбаша құжат), онда зертхананың жұмыс режимі туралы, зерт-
теу мерзімі мен қосымша жауап алу мүмкіндігі туралы, зерттеу үлгілерін алу
әдістері мен тасымалдау және қажетті жағдайда сақтау жолдары туралы, 
зерттеу қорытындысын алу тәртібі туралы ақпарат беріледі;
• стационар қызметкерлеріне арнап микробиологиялық зерттеулердің 
нәтижесін дұрыс түсіндіруге негізделген және бактериологиялық зерттеу үл-
гілерін алу, сақтау, тасымалдау әдістері бойынша қосымша оқыту шарала-
рын ұйымдастырады.
Клиникалық фармаколог:
• бактерияға қарсы препараттарды нақты бір пациентке қатысты рацио-
налды жолмен қолдану саясатын анықтайды;
• госпитальдің эпидемиолог дәрігерімен бірлесе отырып, антибиотиктерді 
популяциялық деңгейде рационалды етіп қолдану саясатын белгілейді.
ИБК отырыстары айына бір рет өткізіледі. Әр отырыста жүргізілген жұ-
мыс қорытындысы шығарылып, алдағы айдың жұмыс жоспары жасалады 
және сол жоспардың орындалуына жауапты тұлғалар бекітіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет