Акушерлік стационарларда инфекциялық бақылау жүйесін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата24.06.2023
өлшемі331,5 Kb.
#103302
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Медициналық киім кию ережелері:
• киім белгіленген нұсқада болуы тиіс;
• шолақ жең;
• ешқандай жүзік, сақина болмауы тиіс;
• ешқандай қол сағат болмауы тиіс;
ешқандай білезік болмауы тиіс;
• ластанғаны көзге түсіп тұрса, форманы қажеттілігіне қарай алмастырып 
кию керек (күн сайын болса да);
• медициналық киімді медицина мекемесінен тыс шығаруға болмайды.
6.БОСАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ДӘЛЕЛДЕНГЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ
Әдетте МККБИ босандыруға қатысты инвазиялық процедуралар кезін-
де орын алады. Сондықтан да қажетсіз акушерлік араласу амалдарынан 
бас тарта отырып, ғылыми дәлелденген технологияларды тәжірибеге енгізу 
арқылы инфекцияның ықтималдығын азайтуды ойластырған дұрыс.


24
Мысалға, вагиналдық босануға дайындық барысында жыныс органдарын 
қырып, тазарту клизмаларын қою дұрыс деп саналмайды. Босанудан кейін-
гі кезеңде және неонаталдық аурулар барысында көрініс берген аналардың 
бойындағы инфекциялық асқынулар жиілігі сарапқа салынғанда, аталған про-
цедуралардың орындалып/орындалмауы бойынша ешқандай айырмашылық 
табылмаған. Бұл жүйелі түрде жарық көретін РБС Рандомизированное кон-
тролируемое испытание (РКИ) шолуларында негізделіп, көрсетілген. Жыныс 
органдарын қыру процедураларынан бас тартқан әйелдерде Грам- бактери-
яларын жұқтыру жиірек кездескен [8, 9].
Жеке босану палаталарын пайдалану да ауруханаішілік инфекциялардың 
алдын алуға ықпал етеді: 
• босану палатасы таза болу керек, бірақ стерильді емес; 
• әрбір босанудан кейін, керует те, еден де сабынмен не басқа да қолайлы 
жуғыш затпен жуылып, сүртілуі тиіс;
• палата азынақсыз, жылы болуы керек; жақсы жарықтанған әрі үйдегі 
жағдайға жақын болғаны дұрыс; сол сияқты, босану барысына серіктестің не 
отбасы мүшелерінің қатысу мүмкіндігі ескерілуі керек [10]. 
Палатада сондай-ақ босануда қолданылатын жабдықтар болуы тиіс:
• сағат, минут, секунд тілдері бар қабырға сағаты: ол ана мен ұрықтың 
жүрек қағысының жиілігін және ананың толғағын дәл анықтап, бағалау үшін, 
қажет жағдайда реанимациялық амалдарды бастау үшін керек; 
• жылытуы бар таза үстелше: ол жаңа туған нәрестеге реанимация амал-
дарын (қажет жағдайда) қолдану үшін керек;
• нәрестені сүртуге арналған жылы сүлгі, жаялық-жөргек (қажет жағдайда 
нәресте телпегі ретінде де қолдануға болады); 
• аспирация құралы (катетер не үрімше); 
• кіндік кесуге қажет қысқыштар жинағы;
• реанимация үшін қажетті дәрі-дәрмектер (К витамині, көз майы, т.б.);
• әрбір босану алдында реанимация құралдары алдын ала жинақталып, 
сақадай сай дайын тұруы тиіс (нәрестенің өлшем параметрлеріне қарай ар-
найы қапшық, маскалар, т.т.); 
• нәресте телпегі, шұлығы, жылы жаялық-жөргек, жылы көрпе және мін-
детті түрде электронды термометр немесе төмен температураларға ар-
налған термометр (-35°С), ол нәрестенің дене температурасын анықтау үшін 
қажет [11].
Таза (стерильді емес) босану – акушерлік стационардың медицина қыз-
меткерлері тазалық талаптары мен қағидаларын толыққанды қамтамасыз 
еткен жағдайдағы босану деген сөз. Бұл тұрғыда:


25
• қол тазалығы;
• құрал-жабдықтар мен жиһаз тазалығы; және:
• тазалық жағдайында кіндік кесу өте маңызды.
Қолды жуу инфекция жұқтыруға жол бермеудің қарапайым да тиімді әдісі 
болып табылады. Қолды сабынмен және сумен жуып, жеке сүлгімен құрға-
тып, сүрту керек. Бұл – бактериялардың өсіп-таралуының алдын алуда өте 
маңызды [11,12]. 
Медицина қызметкерінің қолында қолғап болуы тиіс, әсіресе, қандай да 
бір биологиялық сұйықтықтармен жанасу барысында, мысалға, қан, қағанақ 
сұйықтықтарымен, плацентамен (ұрықжолдас), аспап-құралдармен және 
т.б. байланыс барысында. Сол сияқты, су өткізбейтін алжапқыш қолданып, 
көзді қорғау жолдарын да ескеру керек.
Қалдықтарды қауіпсіз жолмен жойып, утилизациялау кез келген медици-
налық мекемеде инфекцияның таралуын бақылаудың маңызды құрамдас 
бөлігі болып есептеледі [13, 14]. 
Босанудың 1-ші кезеңінде босанушы әйелдің тік күйінде еркін жүріп-
тұруы босану ұзақтығын қысқартып, кесар тілігі жолымен босану қаупін, 
эпидуралдық аналгезия қабылдау қажеттілігін төмендететіні туралы нақты 
дәлелденген маңызды деректер бар [15]. 
Босанушы әйелге өзіне ыңғайлы күйде босану мүмкіндігін беріп, бұл үшін 
оған босанудың әртүрлі ыңғайлы күйлерін көрсетіп, үйрету керек, мысалға, 
тұрып, отырып, қырынан жатып босану деген сияқты [16].
Босанудың 2-ші кезеңін жүргізу тактикасында босанушы әйелдің иілгіш 
икемділігі, оның ішінде тігінен тұрғанда да; ауырсынуды басудың орынды 
әдістері; толғақты кейінге қалдыру ұстанымдары (егер босанушы әйел кү-
шенгісі келмесе) – осының бәрі қынапта босандыру операцияларын қолдану 
қажеттілігін төмендетуі мүмкін [16-18]. 
Босанудың 2-ші кезеңінде орын алуы ықтимал шат аймағындағы жа-
рақаттарды азайтуға бағытталған амалдарға төменде келтірілген мысал-
дарды жатқызуға болады:
Эпизиотомияны шектеулі қолдану (тек дәрігердің қатаң көрсетуімен 
ғана!). Бұл амалдың өзіндік артықшылықтары: шат аймағының артқы тұсын-
да жарақат аз болады, тігіс салу қажеттілігі азаяды; асқыну жиілігі төмен-
дейді, қынап және шат аймағындағы ауыр жарақаттар жиілігі мен ауырсы-
ну деңгейінде айырмашылық болмайды. Алайда эпизиотомияны шектеулі 
қолдану – шат аймағының алдыңғы тұсындағы жарақат қаупін арттыра
түседі [19].


26
Босанудың 3-ші кезеңін жүргізудің белсенді тактикасы әлі күнге дейін 
озық практика саналады. Сонымен бірге бұл кезеңде утеротониктер қол-
дану мейлінше маңызды болып табылады. Окситоцин босанғаннан кейінгі 
қан кетудің алдын алуға және емдеуге таңдалған препарат болып табылады. 
Егер окситоцин қолжетімді болмаса, онда перроралды (ауыз арқылы қолда-
натын) мезопростол тағайындау керек [20, 21].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет