Акушерлік стационарларда инфекциялық бақылау жүйесін ұйымдастыру


Акушерлік стационарда инфекциялық бақылау ұйымдастыру алгоритмі



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата24.06.2023
өлшемі331,5 Kb.
#103302
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Акушерлік стационарда инфекциялық бақылау ұйымдастыру алгоритмі 
Төменде инфекциялық бақылау жүйесін ұйымдастыру құрылымының 
схемасы берілген. Акушерлік стационардың әрбір бөлімінде дәрігерлер мен 
медбикелердің күшімен эпидемиологиялық қадағалау (ЭҚ) жүргізіледі. ЭҚ 
барысында босанушылар, ауруға шалдыққандар немесе субклиникалық 
формадағылар саны туралы, колонизацияланған нәрестелер (жаңа туған), 
ауруға шалдыққандар немесе субклиникалық формадағылар саны туралы 
(инфекциялық жағдайларды анықтаудың стандартты жолдары қолданыла-


15
ды), орындалатын диагностикалық емдеу амалдарының саны мен сипаты 
туралы мәліметтер жиналады, былайша айтқанда, қадағалау барысы бел-
сенді түрде жүргізіледі. Ақпарат жеткізетін бөлімшелердің әрқайсысында 
мәлімет жинау жолдарын арнайы оқып, үйренген медициналық қызметкер 
болуы керек. Мәлімет базаларын басқару үшін тиісті бағдарламалармен жа-
сақталған компьютерлік техника қолдану қажет. Күн сайын барлық ақпарат 
емдеу бөлімдерінен госпитальдің эпидемиолог дәрігеріне келіп түседі. Мұ-
нымен қатар, бактериологиялық зертхана қызметкерлері WHONET компью-
терлік сараптама бағдарламасының көмегімен микробиологиялық зерттеу-
лердің нәтижесі туралы және зерттеу барысында бөлінген микроағзалардың 
антибиотиктерге қатысты сезімталдық көрсеткіші туралы мәліметтерді жи-
нақтап, госпитальдің эпидемиолог дәрігерінің назарына ұсынады.
Инфекциялық бақылау жүйесіндегі ақпараттық ағындардың схемасы


16
Шынайы мәліметтерге негізделіп жинақталған ақпарат эпидемиологи-
ялық диагностика жүргізуге негіз болады, ал эпидемиологиялық диагности-
каның мақсаты – перзентханада инфекциялық аурулардың туындауы мен 
таралуының себептерін анықтау болып табылады.
3. ИБ ЖҮЙЕСІН МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОЛДАРЫ 
Акушерлік стационарда инфекциялық бақылау жүйесін микробиологи-
ялық қамтамасыз ету жолдары:
• микробиологиялық тексеруге арналған көрсеткіштер тізімін әзірлеу;
• материал үлгілерін алу техникасын стандарттау және оларды микробио-
логиялық зертханаға жеткізу;
• микроағзалардың антибиотиктерге сезімталдылығын тестілеу жолда-
рын стандарттап, зертхана қызметінің сапасын іштей бақылау жүйесін ен-
гізу;
• WHONET компьютерлік сараптамалық бағдарламасын енгізу;
• микробиологиялық зертхана жұмысына микрофлораның антисептик-
тер мен дезинфектанттарға қатысты сезімталдығын анықтау әдістемесін 
енгізу;
• перзентхана қызметкерлеріне арнап бактериологиялық зерттеулердің 
үлгілерін алу, сақтау, тасымалдау әдістері бойынша қосымша оқыту шара-
ларын ұйымдастыру. 
Бұл шараларды қолданысқа енгізу эпидемиологиялық диагностика жүй-
есін жетілдірумен қатар (оперативті және ретроспективті эпидемиологиялық 
тиімді сараптама), емдеу мекемесінде микроағза штаммдарының қалыпта-
суына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.
Ауруханаішілік инфекцияларға микробиологиялық диагностика жасау- 
дың бірыңғай жүйесін құру үшін акушерлік стационарда антибиотикалық 
профилактика мен антибиотикалық терапияны ұйымдастырудың бірыңғай 
тактикасы мен стратегиясын қолданумен қатар, халықаралық стандарт-
тарға сай микробиологиялық мониторинг жүйесін әзірлеп, енгізу қажет.
Акушерлік стационардың барлық бөлімдеріне қатысты, яғни жүкті әйел-
дердің патологиясы, акушерлік-бақылау, ересектерге арналған интенсивті 
терапия палаталарына (ИТП), жаңа туған нәрестелер мен балаларға арналған 
ИТП бөлімдеріне қатысты «Микробиологиялық зерттеулердің стандартта-
рын енгізу туралы» бұйрық шығару керек. Ол, сондай-ақ микробиологиялық 
зерттеуге жіберудің стандартты формасын енгізуді де реттейтін болады.


17


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет