Акушерлік стационарларда инфекциялық бақылау жүйесін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет11/15
Дата24.06.2023
өлшемі331,5 Kb.
#103302
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
акушер санит

Қолды қашан жуу керек?
ДДҰ ұсыныстарына орай:
1) пациентті қолдағы зиянды микробтардан қорғау үшін, қолды пациентті 
қарамай тұрып, жуу керек;
2) пациентті зиянды микробтардан қорғау үшін, оның ішінде пациенттің 
өз бойындағы микробтардан да, бұл микробтардың пациент ағзасына өтуі-
не жол бермеу үшін – қолды тікелей асептикалық процедураларды орындау 
алдында жуу керек;
3) пациенттің бойындағы зиянды микробтардан медициналық мекеме-
дегі қоршаған ортаны және пациентті қараушы маманның өзін қорғау үшін, 


21
биологиялық сұйықтықтармен ластану қаупі орын алғанда (және медицина-
лық қолғапты шешкенде) бірден қол жуу керек;
4) пациенттің бойындағы зиянды микробтардан медициналық мекеме-
дегі қоршаған ортаны және пациентті қараушы маманның өзін қорғау үшін, 
пациентпен және пациенттің айналасымен тікелей байланыс болған жағдай-
да, пациент орналасқан орын/бөлме/палатадан шыққанда бірден қол жуу 
керек; 
5) тіпті, пациенттің өзімен тікелей байланыс болмағанның өзінде, паци-
енттің айналасындағы қандай да бір затқа немесе жиһазға қол тигізген бол-
саңыз, пациенттің бойындағы зиянды микробтардан медициналық мекеме-
дегі қоршаған ортаны және өзіңізді қорғау үшін шығар алдында бірден қол 
жуу керек [4].
Қол жуудың ұсынылған әдісі  
(қолдағы әрбір қимыл кем дегенде 5 рет қайталануы тиіс)
Алақандарыңызды 
бір-біріне
ысқылаңыз
Оң алақаныңызбен сол 
алақаныңыздың сырт 
жағын, сосын керісінше
Саусақтарыңыздың ішкі 
жағын жоғарыдан төмен 
қарай ысқылаңыз
Оң алақаныңызды сол
қолдағы саусақтардың 
сырт жағымен ысқылаңыз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет