1. АКУШЕРЛІК СТАЦИОНАРЛАРДА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ Инфекциялық бақылау (ИБ) дегеніміз денсаулық сақтау ұйымдарында
инфекциялық аурулардың пайда болуының және таралуының алдын алуға
бағытталған эпидемияға қарсы және эпидемиялардың алдын алуы тиіс ұй-
ымдасқан шаралардың тиімді жүйесі. Бұл шаралар эпидемиологиялық диа-
гностика нәтижелеріне негізделіп құрылады. Инфекциялық бақылау ― па-
циенттердің де, медицина қызметкерлерінің де қауіпсіздігі мен амандығын
қамтамасыз етудегі маңызды сапа стандарты болып табылады [2].
Инфекциялық бақылаудың мақсаты: медициналық көмек көрсетумен
байланысты инфекция (МККБИ) салдарындағы ауру көрсеткішін, өлім-жітім
көрсеткішін және экономикалық залалды төмендету.
МККБИ-мен күрес жолындағы стратегияның негізгі бағыттары төмендегідей:
• денсаулық сақтау ұйымдарында, атап айтқанда, акушерлік стационар-
ларда ИБ жүйесін қалыптастырып, оның жұмысына медицина қызметкер-
лерін, яғни акушер-гинекологты, акушерлерді, неонатологтарды, госпиталь-
дегі эпидемиолог дәрігерді және медбикелерді түгелдей жұмылдыру;
• пациенттерге медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту мақса-
тында (оларды қорғау үшін) эпидемиялық процесті басқару: ол эпидемио-
логиялық диагностика нәтижесіне негізделген жағдайда ғана тиімді болмақ;
• эпидемиологиялық диагностика жүргізу: бұл госпитальдегі эпидемиолог
дәрігердің міндеті болып табылады.
Жиынтық түрде бұл шаралар диагностикалық емдеу процестеріне қой-
ылатын талаптарды әзірлеуге және пациенттер мен медицина қызметкер-
лерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген медициналық көмек са-
пасын арттыруға бағытталған.
Инфекциялық бақылауды ұйымдастырып, жүзеге асыруда тиісті дай-
ындықтан өткен медицина қызметкерлерінің рөлі өте маңызды. Дайындық
барысында қолданыстағы тұрақты практикадан дәлелді медицинаға не-
гізделген жаңа технологияларды енгізу жолындағы медицина қызметкер-
лерінің менталитетін өзгерту мейлінше қиындық туғызуы мүмкін.