Акушерлік стационарларда инфекциялық бақылау жүйесін ұйымдастыру


МККБИ жұқтыру тетіктері мен жолдары



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата24.06.2023
өлшемі331,5 Kb.
#103302
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
МККБИ жұқтыру тетіктері мен жолдары: зәр-нәжіс жолдары арқылы
ауыз арқылы, ауа арқылы, трансмиссиялық жолмен (буын аяқты жәндіктер-
ден тарайтын) және тікелей байланыс жасау негізінде. Жұқпа факторлары: 
құралдар мен аспаптардың ластануы (контаминация салдары), тыныс алуға 
арналған және өзге де медициналық аппаратура, төсек-орын жабдықтары, 
керуеттер, науқастарды күтуге арналған заттар, медициналық таңу және тігу 
материалдары, эндопротездер мен дренаждар, трансплантанттар, арнайы 
киімдер, аяқ киімдер, ластанған киімдер, қызметкерлер мен науқастардың 
шаштары, қолдары, т.т.


6
Ауруханаларда қоздырғыштардың тағы бір қауіпті қоймасы, яғни қайта-
лама делінетін эпидемиялық түрі қалыптасуы да мүмкін. Бұларда микро-
флора ұзақ уақыт бойы тіршілік етіп, көбейе алады. Мұндай қоймаларға сұй-
ықтықтарды, құрамында ылғал бар, не ылғалдық қасиеті бар нысандарды 
жатқызуға болады, мысалға, инфузиялық сұйықтықтарды, ішуге арналған 
ерітінділерді, тазартылған суды (дистильді су), қолға жағатын иісмайды, гүл-
сауыттағы суды, желдеткіштерді ылғалдандырушы құралдарды, душқа түсу 
қондырғыларын, қол жууға арналған шөткелерді, диагностикалық емдеу ас-
паптары мен аппараттарының жекелеген бөліктерін, тіпті агент белсенділі-
гінің шоғырлануы төмендетілген зарарсыздандырғыш құралдарды да.
Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекцияның алдын алу. 
Ауруханаішілік инфекциялардың (АІИ) алдын алуды көздейтін кез келген 
шара инфекциялық бақылау (ИБ) тәртібін қатаң түрде ұстануды талап етеді. 
Сонда ғана стационар ішінде инфекция жұқтырып, оны әрі қарай таратудың 
алдын алу мүмкін болмақ.
ИБ жүйесінде төмендегідей аспектілер қамтылған:
1. ИБ бойынша басқару құрылымын бекітіп, міндеттерді бөлу.
Акушерлік стационарда (АС) және медицина ұйымдарының әрқайсысын-
да инфекциялық бақылау комитеті (ИБК) құрылып, оның құзыреті бөлімдер 
мен қызметтерді толық қамтуы тиіс. Комитет құрамына төраға (бас дәрі-
гердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары), эпидемиолог дәрігер және/немесе 
төрағаның көмекшісі, бас акушер, бас медбике және маманданған дәрігерлер 
(акушер-гинеколог, неонатолог, терапевт, жұқпалы аурулар жөніндегі маман, 
т.б.) кіреді. Комитет құрамын өзге де мамандарды тарту арқылы ұлғайтуға 
болады. ИБК міндеттерді бөлу мәселесі мен инфекциялық бақылау шарала-
рын ұйымдастыруға жауапты, сонымен қатар, өткізілетін шаралар бойынша 
әкімшілікпен келісіп, жұмыс барысын үйлестіріп отырады.
2. Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекцияларды есепке 
алып, тіркеу жүйесі.
Акушерлік стационарда және медицина ұйымдарының әрқайсысында го-
спитальдік инфекцияларды анықтайтын жүйе жұмыс істеуі тиіс.
Госпитальдік инфекциялар (ГИ) дегеніміз стационар жағдайында (пер-
зентханада) туындап, көрініс берген кез келген жұқпалы ауру түрі (жағдайы). 
ГИ ұғымы инфекция және ауруханаішілік инфекция, немесе МККБИ жұқтыру 
дегенді білдіреді. Инфекция жұқтыру деп аталған стационарға түскенге дей-
ін жұққан және стационарда көрініс беріп, анықталған жұқпалы ауруларды 
айтамыз.


7
3. Инфекциялық бақылауды микробиологиялық қамтамасыз ету
жолдары.
Тиісті микробиологиялық зерттеулер әдетте медицина ұйымдарын-
дағы клиникалық-диагностикалық зертханалар базасында немесе сыртқы 
зертханаларда келісім негізінде уақытылы әрі толыққанды жүргізіледі. 
Микробиологиялық сараптама ауқымы мен сапасы нақты бір медици-
на ұйымындағы микро-экологиялық жағдайға сай болуы керек. Зерттеу 
нәтижесінде анықталған микроағзалар штаммдарының антибиотиктерге, 
дезинфектанттарға, антисептиктер мен физикалық ықпал факторларына 
сезімталдылығына мамандар сараптама жасап, бағалайды. Микробиоло-
гиялық зертханаларда анықталған штаммдардың мәлімет базасын жасау 
арқылы толыққанды эпидемиологиялық сараптама жүргізуге болады.
4. Эпидемиологиялық сараптама. 
Эпидемиологиялық сараптама белгілі бір медициналық ұйымның нақты 
мақсаты мен міндеті, қажеттілігі негізінде жүргізіледі. Ақпараттық қамтама-
сыз ету болмаған жағдайда мұндай сараптама жүргізу мүмкін емес. Бұл үшін 
арнайы әзірленген және стандартты есепке алу формасы мен компьютерлік 
мәлімет базасы қажет. Алынған ақпаратты өңдеу эпидемиологиялық сарап-
таманың жалпыға ортақ әдістері бойынша жүргізіледі, яғни:
• ретроспективті әдіспен – бұл арада нақты бір медицина ұйымындағы 
ауруханаішілік инфекцияның пайда болу жағдайы, жетекші факторлары мен 
себебі туралы гипотеза қалыптасады;
• оперативті әдіс – АІИ эпидемиологиялық процесінің фазалық жағ- 
дайына диагностика жүргізіледі; госпитальдік штаммдардың пайда болуын 
назарға алып, қадағалаумен қатар, эпидемиологиялық жағдайға болжам
жасалады. 
Эпидемиологиялық сарптама нәтижесі медицина ұйымының әкімшілігіне 
және инфекциялық бақылау комитетіне тұрақты негізде, уақытылы баянда-
лады. 
5. ИБ жүйесіндегі эпидемияларға қарсы шаралар және олардың алдын 
алу жолдары.
Аталған бағытты жүзеге асыру тиісті нұсқаулықтар мен ережелерді, эпи-
демиялық қауіпсіз диагностикалау және емдеу процедураларының алгорит-
мдерін әзірлеуді, сондай-ақ қызметкерлердің қолдарын зарарсызданды-
рып, өңдеу, дәрілеп, тазалау процедураларын тиімді етіп ұйымдастыруды 
талап етеді. Медицина ұйымдарында антибиотиктерді, антсептиктерді және 


8
басқа да емдеу әдістері мен құралдарын рационалды қолданып, ауруха-
наішілік инфекциялардың алдын алу және емдеу технологияларын әзірлеу 
керек болады. Олар айналымдағы штаммдардың тұрақтылығы туралы ми-
кробиологиялық деректерді ескере отырып жасалады.
6. Қызметкерлерді оқыту.
Бұл тұрғыдағы басымды бағыт – медициналық ұйымның маманданған 
ерекшелігін ескере отырып, инфекциялық бақылау мәселелері бойын-
ша әртүрлі профильдегі мамандарды даярлауға арналған сараптамалық 
бағдарлама әзірлеуге келіп тіреледі. Жұмысқа қабылдау барысында қыз-
меткерлерге арнап инфекцияны бақылау саласы бойынша арнайы оқыту 
шараларын өткізіп, оларды міндетті түрде әрі қарай жалғастыру қажет бо-
лады.
7. Қызметкерлердің денсаулығын сақтау.
Бұл бағыт:
• аталған медицина ұйымында/акушерлік стационарда кәсіби қауіп фак-
торларын анықтап бағалауға;
тиісті ақпаратты әзірлеп, талдауға; 
• кәсіби ауру түрлерінің алдын алу бағдарламаларын әзірлеп, енгізуге не-
гізделеді.
8. Пациенттердің денсаулығын сақтау.
Бұл тұрғыда медбике эпидемияға қарсы төмендегідей санитарлық режим 
талаптарын орындауы тиіс:
• пациентті тазалыққа және тазалықты ұстануға үйрету, оның ішінде 
киім-кешектің, төсек-орынның, ыдыс-аяқтың, жеке гигиена және күтім зат-
тарының, бөлменің таза болуын қатаң қадағалау;
• инфекцияның таралуына жол бермеу.
Науқасқа күтім жасау барысында инфекциялық бақылау ережесі сақтал-
маған жағдайда медицина қызметкері науқастан инфекция жұқтырып, өзге 
науқастар арасында таратуға жол беруі мүмкін. Медбике осы ескертпені қа-
таң түрде есте сақтауы тиіс.
Инфекцияны бақылау жүйесінде МККБИ-ді эпидемиологиялық тұрғы-
дан қадағалау өте маңызды. Эпидемиологиялық қадағалау дегеніміз паци-
енттерді емдеу нәтижелері мен оған әсер етуші факторлар туралы арнайы 
бағдарлама бойынша жүйелі түрде ақпарат жинап, алынған мәліметтерді 
талдау; медицина қызметкерлеріне медициналық көмектің сапасын жақ-
сарту және жұқпалы аурулардың алдын-алу жөніндегі мәселелерді шешуге 
қажет тиісті ақпарат беру.


9
Эпидемиологиялық қадағалау барысында инфекцияларды анықтаудың 
стандартты жолдарын тиімді қолданып, инфекциялардың донозологиялық 
және нозологиялық формаларын белсенді жолмен анықтау әдістерін енгізу, 
әртүрлі медициналық және диагностикалық процедуралардың әсерін дұрыс 
бағалауға мүмкіндік беретін стратификацияланған көрсеткіштерді қолдану 
оң нәтиже береді. 
Медицина ұйымындағы эпидемиолог дәрігер медициналық көмек көрсе-
туге байланысты инфекциялардың алдын алуға және оларды төмендетуге 
бағытталған шараларды негіздеп, ұйымдастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет