Акушерлік стационарларда инфекциялық бақылау жүйесін ұйымдастыру


АС практикасына енгізілетін ИБ бойынша ұсыныстардан қандай нәтиже



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата24.06.2023
өлшемі331,5 Kb.
#103302
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
акушер санит

АС практикасына енгізілетін ИБ бойынша ұсыныстардан қандай нәтиже 
күтеміз?
• ИБ ұйымдастыруда бірыңғай әдістемелік ұстаным қалыптастыруды;
• тиімді ИБ жүйесін құруды;
• босанған әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің инфекция жұқтырып, 
ауруға шалдығуына, олардың нозокомиалды микрофлорадағы колониза- 
циясына жол бермеуді;
• аурудың ошақтық/топтық түрде таралуын жоюды;
• жаңа туған нәрестелердің инфекциялық аурулардан шетінеуін және пе-
ринаталды ауруларға шалдығуын төмендетуді;
• жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге, босанушы әйелдерге және жаңа 
туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету жүйесінде медициналық 
көмек сапасын арттыру әдістемесі мен қағидалары бойынша оқытылған 
мамандар мен ИБ болуын;
• медициналық көмектің сапасын жақсартуда ИБ маңызын медицина
қызметкерлері түгелдей толық түсініп, түйсінуін;
• ИБ жүйесінің нәтижелігін арттыруды;
• пациенттер мен олардың отбасының қажеттіліктерін қанағаттан- 
дыруды.
2. ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ 
Инфекциялық бақылау (ИБ) қызметін басқару үшін акушерлік стацио-
нарларда Инфекциялық бақылау комитеті (ИБК) құрылады. Оның құзыреті 
стационар ішіндегі барлық бөлімшелер мен қызметтерді толық қамтиды. Өз 
жұмысында ИБК нақты бір мекемеге арнап әзірленген және бекітілген ере-
жені басшылыққа алады.


10
ИБК жұмысының мақсаты: ИБ практикасын жетілдіріп, тиісті ұсыныстар-
ды әзірлеп, дайындау. Бұл ұсыныстар қайта қаралып, әрдайым толықты-
рылуы мүмкін және тиіс. 
Инфекциялық бақылау комитетінің негізгі міндеттері
• эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша шешім шығару. 
• Медицина ұйымдарында/акушерлік стационарда эпидемиологиялық 
қадағалау бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу. 
• Өткізілетін шараларды емдеу ұйымының басшылығымен келісіп, үй-
лестіру. 
• Стационардағы (бөлімдегі) барлық қызметтердің өзара ықпалдасып, 
әрекет етуін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік санитарлық-эпидеми-
ологиялық қадағалауды (МСЭҚ) жүзеге асыратын өкілетті органдармен бай-
ланыс орнатып, ықпалдасу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет