Акушерлік стационарларда инфекциялық бақылау жүйесін ұйымдастыру


Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекцияның этиологи-



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата24.06.2023
өлшемі331,5 Kb.
#103302
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
акушер санит

Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекцияның этиологи-
ялық табиғаты. Ауруханаішілік инфекция микрофлоралардың белгілі бір 
класының белсенділігіне байланысты туындайды. Әдетте бұл микрофлора-
лар, біріншіден, қандай да бір тіршілік аясында кеңінен кездеседі; екіншіден, 
оларға барынша таралу тенденциясы тән. Бұл тұрғыдағы агрессивті белсен-
діліктің тағы бір себебі – мұндай микрофлора қоршаған ортаның физикалық 


5
және химиялық зақым факторларына айтарлықтай төзімді (бұл төзімділік 
табиғи негізде де, уақыт өте де қалыптаса береді). Оның өсіп, көбеюі де 
қиындық туғызбайды әрі ол қалыпты микрофлорамен тығыз байланыста 
болады; және де оның жұққыштық көрсеткіші (contagiosus) жоғары, микроб-
тарға қарсы дәрі-дәрмекке ыңғайланып, бейімделу қабілеті де зор.
МККБИ-дің өріс алуы кез келген патогенді және шартты-патогенді түр-
дегі микробты қоздырғыш ауруларға қатысты болуы мүмкін. МККБИ-ге тән 
мейлінше кең тараған қоздырғыштар деп шартты-патогенді бактерияларды 
айтуға болады, мысалға, алтын-сары стафилококк (Staphylococcus aureus), 
ішек таяқшалары (Escherichia coli), клебсиеллалар (Klebsiella), клостридиялар 
(Clostridia), іріңді көк таяқшалар (Pseudomonas aeruginosa), сондай-ақ респи-
раторлық вирустар (ауа арқылы жұғатын). Емдеу мекемелерінің қайсысын-
да болса да МККБИ-дің өзіндік қоздырғыштар шоғыры қалыптасып, уақыт 
өте олар өзгеріске ұшырап жатады.
Пациенттің және медицина қызметкерлерінің МККБИ жұқтыруы ішкі де 
(эндогендік), сыртқы да (экзогендік) факторларға байланысты болуы мүм-
кін. Эндогендік инфекция адам ағзасындағы шартты-патогенді флораның, 
бірінші кезекте, асқазан-ішек жолдарының белсенділігі артуы себепті туын-
дайды. Асқазан-ішек жолдарының шырышты қабатының қорғаныс жолда-
ры бұзылған жағдайда микроағзалардың ішектен тікелей қанға ену қаупі 
көрініс береді (яғни, сепсистің дамуы). Індеттің экзогендік жолмен жұғуы 
МККБИ ошақ көзімен тікелей байланысқа түсу негізінде орын алады. Емдеу 
мекемелеріндегі инфекцияның негізгі ошақ көзі болып пациенттер мен ме-
дицина қызметкерлері, хирургиялық құралдар және қоршаған орта тұтастай, 
яғни барлық құрал-жабдықтар, емдеу мекемесіндегі заттар табылады. Ин-
фекция пациенттен медицина қызметкеріне жұғуы ықтимал және керісінше, 
сол сияқты пациенттен немесе медицина қызметкерінен қоршаған ортаға 
таралуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет