4..Диф диагностика. ИФА-ті саркоидоздан, бронхеола-альвеола рагінен, пневмокониоздан ажырата білу керек.
Саркоидоз ИФА-пен салыстырғанда анағұрлым қатерсіз және оның даму белгілері аз болып келеді. Саркоидозға жүйелі
зақымдану тән Dлимфа түйіндері мен өкпе жиі зақымданады, бауыр, талақ, бүйрек, асқазан-ішек жолы, тері, сүйек, нерв
және эндокриндік жүйелер сирек зақымданады). Саркоидозда рестриктивті және диффузиялық өзгерістер бәсеңдеу
болады, эндоскопиялық тексергенде бронхтың кілегей қабығында гранулемалы төмпешіктер болады, биопсияда
эпителоидклеткалы, некроз жоқ гранулемалар анықталады.
Бронхеола-альвеола рагінде тәулігіне 1-4 л кілегейлі көпіршікті қақырық бөлінеді, өкпенің зақымданған жері
бронхының іші концентриялы тарылған, қақырықта атипиялық клеткалар болады. Қақырықты цитологиялық
тексергенде, өкпе тінінің биопсиялық материалын гистологиялық тексергенде жоғары дәрежелі екшеу
Dдифференциация) өткен аденокарцинома анықталады.
Пневмоканиозға тән анамнез болады, түйінді қарайғандықтар өкпе ортасының шет жағында орналасады, бір-бірімен
қосылуға икемді болып келеді, өкпе түбірінің құрылымы анық емес және тығыздалған D«кесілген ағаш»), анық
рентгенологиялық белгілер мен ентікпе дәрежесінің арасында сәйкестік болмайды, өкпе тінінің биопсиялық
материалында гистологиялық тексергенде силикоздық гранулемалар болады.
клиникалық диагноз: : Идиопатиялық фиброздаушы алвеолит, жеделдеу ағымды ТЖ 3 ст
5..Емі. Жедел даму кезінде және интерстициальды ісіну фазасы кезінде глюкокортикоидтар, ал фиброз фазасы кезінде –
глюкокортикоидтарға азатиоприн немесе Д-пенициламин қосылып тағайындалады. Тыныс жетіспеушілігі мен өкпе
артериясы гипертензиясының емдері де беріледі. Қажеттілігіне қарай басқа да симптоматикалық емдер қоланылады.
Соңғы кезде ИФА едмеуде экстракорпоральды емдеу әдістері Dплазмаферез, гемосорбция) тиімді қолданылып жүр.
Уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздық мерзімі асқынулардың сипатына және дәрежесіне қарай анықталады.
Диспенсерлік бақылауға пульмонолог қатынасуы керек.
Болжамы. Аурудың диагнозы ерте қойылып, ерте ем белгіленген болса, аурудың жақын болжамы жағымды болып
келеді; алыс болжамы – жағымсыз, орташа есеппен науқас адам 5-6 жыл өмір сүреді.