Литература:
1. Смирнов Н. К., Аносова М. В. Здоровье-сберегающие образовательные
технологии в работе учителя и школы.
2. Смирнов Н. К. Здоровьесберегающие образовательные технологии в
современной школе.
3. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии.
4. Третьяков П. И. Оперативное управление качеством образования в школе.
Теория и практика.
«ЖАСТАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ –
МӘҢГІЛІК ЕЛ»
Аширбекова К. С.,
№10 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Тарих – шындыққа айналған тағдыр. Әрқилы тағдырдың тоғысып,
адамзаттың тҧтас ғҧмырын қҧрайтыны сияқты, тҥрлі ҧлттың шежіресі де
әлемнің ортақ тарихына айналады. Сондықтан дҥние тегершігі айналған сайын
тарлан тарихтың қатпары арта тҥседі. Бҧл тҧрғыдан алғанда, адамзат тағдыры
мен ӛркениет тамырын тҥркілер тарихынсыз елестету мҥмкін емес.
Бағзы заманға кӛз жіберсек, қуатты империялар қҧрған тҥркілер ғасырлар бойы
ҧлан-ғайыр аймаққа билік жҥргізіп, арғымақтың тҧяғы жеткен жерге –
Байкалдан Балканға дейінгі орасан зор аймаққа иелік етті. Алтайдан тарайтын
айбынды ел тілі жақын, танымы мен талғамы ҧқсас бір әлемді – ортақ
ӛркениетті қҧрады. Алтын тақта отырып билік жҥргізген айбарлы қағандар мен
абыздар «Мәңгілік Ел» орнатуды армандады.
Ешкімге тәуелсіз, еркін ӛмір сҥрген, елін жаудан азат еткен кҥллі кӛне
тҥркі елінің арманы да мәңгілік Ел идеясы болған. Елін тәуелсіз еткен Кҥлтегін
батыр халықты байлыққа кенелткен: «Жалаңаш халықты тонды, кедей халықты
бай қылдым. Аз халықты кӛп кылдым. Тату елге жақсылық қылдым»,- деп
мақтаныш сезіммен баяндаған. [1-16,б.]
Жоңғар шапқыншылығы және Ақтабан шҧбырынды алмағайып заманда
қазақ ҧлттық идеясының бағыт-бағдары айқындалып, отаншылдық, патриоттық
сарыны ӛзекті ойларға арқау болады. Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастаны
ҧлттық идеяның негізіне айналды.
Ҧлттық идея мәселесі бҥгінде барлық мемлекеттер ҥшін маңызды болып
отыр. Бҧл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
ӛзінің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мҥдде, бір болашақ» атты
Қазақстан халқына Жолдауында: «Мен қоғамда: «Қазақ елінің ҧлттық идеясы
қандай болу керек?»деген сауал жиі талқыға тҥсетінін кӛріп жҥрмін. Біз ҥшін
болашағымызға бағдар ететін, ҧлтты ҧйыстырып, ҧлттық мақсаттарға
жетелейтін идея бар. Ол – «Мәңгілік Ел» идеясы», - деген еді. [2]
61
Жалпы, «Мәңгілік Ел» идеясының ҥш негізден немесе ҥш тҧғырдан тҧратыны
анық. Біріншісі – Тҥркі қағанаты билеушілерінің (Кҥлтегін, Білге қаған,
Тоныкӛк) саяси акт – «манифест» ретінде әзірлеп, тарих сахнасына шығаруы;
екіншісі – әл-Фарабидің философиялық шығармасында идеяның теориялық-
философиялық тҧрғыдан негізделуі және ҥшіншісі – Жҥсіп Баласағҧнның
«Қҧтты білік» дидактикалық дастанында қҧқықтық мемлекеттің негізгі
қағидаларының, яғни Ата Заң іргетасының қалануы.
Кӛне тҥркі жазба ескерткіштеріндегі саяси тҧжырымдар, Әбу Насыр әл-
Фарабидің «Қайырымды қала тҧрғындарының кӛзқарастары» және тағы басқа
әйгілі туындыларының ой-идеялары – «Қҧтты білік» дастанындағы
философиялық тҥйіндер, саяси-әлеуметтік болжамдар бір мәдениеттің, бір
ӛркениеттің, заман мен әлеуметтік жағдай ғана емес, біртектес ел-жҧрт
тіршілігі тҧтастырғын бір дҥниетанымның жемістері. Тарихи кезең мен
мемлекетшілдік сипаттарын білдіретін ҧғымдар Кҥлтегін жырларында да,
әл-Фарабидің философиялық шығармаларында да Жҥсіп Баласағҧнның
дастанында да бірдей кездесіп отырады. Белгілі бір идеяның мемлекеттік сипат
алып, қоғам мҥшелерінің кӛңілінен шығуы ҥшін негізгі екі талапқа жауап беруі
тиіс. Біріншіден, ол сол мемлекетте ӛмір сҥріп отырған халықтың мақсат-
мҥддесімен, болмысымен толық сәйкес келгені жӛн. Бҧл туралы Монтьеске:
«Заңдар ҥкіметтің табиғаты мен принциптеріне, басқару формасына, елдің
географиялық факторы мен физикалық қасиеттеріне, жағдайы мен кӛлеміне,
климатына, топырақ сапасына, халықтың тҧрмыс-тіршілігіне, санына, байлығы
мен қабілетіне, әдет-ғҧрпына сәйкес болу керек», - дейді. Екіншіден,
идеологияның мемлекеттік сипат алуына қажетті тағы бір қасиет оның
мемлекет тарихымен сабақтас болып, ҧзақ мерзімдер бойы сол қоғамда
ҥйреншікті, жетекші идеологиялық деңгейде тҧру тиістігін айтады. Осы негізгі
екі белгі де тҥркілердің ҧлы қағанатын қҧрғанда бар еді. [3]
Ежелгі тҥркілердің «Мәңгілік Ел» идеясын теориялық-философиялық тҧрғыдан
негізін салып берген әйгілі ойшыл, философ Әбу Насыр әл-Фараби болды. Ол
ежелгі грек философиясы мен Шығыстың мҧсылман ілімдерін байланыстыра
отырып, тҥркі дҥниесіне сәйкес «Мәңгілік Ел» идеясының саяси-
философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым «Мәңгілік Ел»
теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тҧрғындарының
кӛзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Мемлекет билеушінің нақыл
сӛздері» шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың
арасындағы қайырымдылық пен тҥсінушілік, бір-біріне кӛмек беру, достық пен
бейбітшілік, тәрбие мен тәлім әл-Фарабидің тҧтас әлеуметтік-саяси
теориясының ажырамас бір бӛлігін қҧрайды. Біздің халқымыз – ӛзгеге қыспақ
кӛрсетпек тҥгіл кӛмекке мҧқтаж кез-келген ҧлттың ӛкілін бауырына баса білген
дана, мейірімді халық. Қазақ халқы сан ғасырлар бойы егемендігі мен
тәуелсіздігі ҥшін кҥресіп келді. Ӛзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер тӛнген
сәттерде бірігіп, ҧйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік,
келісім мен тату кӛршілік жағдайында тҧруға деген ынта-ықыласының
арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, ӛзінің дербестігін,
62
тәуелсіздігін сақтап, мемлекеттігін қалпына келтіре алғандығы тарихтан да аян.
Сондықтан біздің ең басты мақсатымыз – тату-тәтті ынтымағы жарасқан кӛп
ҧлтты халқымыздың тыныштығы мен кӛркейіп ӛсуі. Қасиетті тәуелсіздігімізді –
мықтап ҧстап тҧру.
Ел дегенде, жер дегенде – білегін сыбанып, іске дайын тҧратын, еліміздің
жарқын болашағы ҥшін кҥресе білетін, намысты ҧрпағымыз болса,
қоғамымыздағы ҧлттық бірліктің іргесі шайқалмаса, ҧлтымыз ӛз әдет-ғҧрпын,
таза тілін сақтаса Мәңгілік ел боламыз, бҧл – жеңіске жетуіміздің негізгі кепілі.
Міне, біздің басты байлығымыз да – осы. Рухы еркін халық қана кез-келген
мәселені шеше алады, әлемдік деңгейде ӛз орнын таба алады.
Ғасырлар бойы басқыншылық-шапқыншылық, соғыстарға, отарлау
езгісіне, әдейі ҧйымдастырылған ашаршылық пен босқыншылықтарға, саяси
қуғын-сҥргіндерге және тағы басқа озбырлықтарға ҧшыраса да осы кҥнге дейін
негізгі халықтық-ҧлттық ділін сақтаған қазақ ҧрпақтарының ҧлттық рухта
тәрбиеленуі – аса зәру мәселе екендігі айқын сезіледі.
ХХІ ғасырдағы тәуелсіздік осы ежелден келе жатқан ҧлттық идея мен
ҧлттық идеологияның маңызын арттыра тҥсті, ҧлттық рухымызды асқақтатты.
Мәңгілік ел болу ҥшін ҧлттың рухын асқақтарып, тілін, дінін, тарихын, әдебиеті
мен мәдениетін яғни ҧлттық қҧндылықтарын жете зерттеп, насихаттау міндеті
тҧр. Ӛйткені, қай халықтың болмасын ӛзге жҧртқа ҧқсамайтын бӛлек болмыс-
бітімін даралап, ӛзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – әдебиеті мен
мәдениеті, рухы мен тілі. Ал, «Әрбір ҧлт – ӛзінің халқы ҥшін Ҧлы Халықтың
мәңгі ғҧмыры – оның тілінде» (Ш. Айматов).
Президент Н.Ә. Назарбаевтың жаңғырту ҥрдістерінің табыстылығын
жҥзеге асыратын басты қағидалардың бірі ынталандыру
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап ӛз елін жарқын болашаққа
бастап келе жатқан Кӛшбасшымыз Нҧрсҧлтан Назарбаев аз уақыт ішінде Қазақ
елін бҧрын-сонды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бҥгінгі Қазақстанның
басты мақсаты-экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30
елдің қатарынан кӛріну.
«Мәңгілік Қазақстан» жобасы осы мақсатқа қол жеткізетін ҧлы бастама.
Мәңгілік сӛзі бабалардан мирас болып келе жатқан мәңгі ӛлмейтін асыл
қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік
елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол-
мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді дамыту жӛніндегі кешенді
шараларды жҥзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасып келеді. Елбасы ӛз
Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп,
енді ешкім ӛзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен
бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ҧлттың ҧйытқысы ете
білгеніміз жӛн деп ой тҥйді. Олай болса, ана тілімізді- мәңгілік тіл ету ӛз
қолымызда. Алдағы уақытта мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын,
жастары алғыр, жаңалыққа жаны қҧштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып
ғасырлар бойы жасайды. Елбасы салған сара жолдан таймай, елдігіміз бен
бірлігіміз, тіліміз, жастарымыз мәңгілік жасай берсін!
63
Ендігі ҧрпақ - Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ҧлттық
Идеясы - Мәңгілік Ел!» деп Елбасымыз атап кӛрсеткендей тәуелсіздіктің
тҧрақтылығы мен мәңгілігі қазіргі ҧрпақтың оны тҥйсініп, тҥсінуінде жатыр.
Осындай қасиетті ҧғымның мәнін жете ҧғынып, бағасын біліп, зердесіне сіңіру
қазіргі ҧрпаққа жҥктелер ҥлкен міндет болып табылады.
Тарихи қҧндылығымыз болған тәуелсіздік идеясының негізінде сол
ҧлттың тағдыры, ҧлы тҧлғалардың ерен еңбегі жатыр. Тәуелсіздіктің
бабаларымыздың сан ғасырғы арманымен келгенін Елбасымыз әрдайым қазіргі
ҧрпақтың есіне салып отырады: «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде
жатыр.
Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жастарымыз бабаларымыз
аңсап ӛткен тәуелсіздіктің туын жықпай, желбірете білуі тиіс. Ӛйткені,
бабаларымыздың ҧлан байтақ жерін қалай қорғағанын, бостандықты қалай
аңсап-қадірлегенін білеміз. Жастар сондай текті ҧрпақтың ҧрпағы екендіктерін
сезініп, осы «тәуелсіздік», «мәңгілік ел» ҧғымдарын саналарына сіңіріп,
қастерлеуге міндетті.
Ӛскелең ҧрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру,
оларды жҧмыспен қамту, салауатты ӛмір салтына баулу, талантты жастарды
таныту Елбасы Нҧрсҧлтан Назарбаевтың тікелей қолдауының арқасында
кҥннен-кҥнге дами тҥсуде. Мемлекет басшысының Жолдауындағы мақсат -
міндеттерді шешуде жастардың орны ерекше Жаңарудың, ӛміршеңдіктің негізі-
жастарда. Бҧл ҥшін азаматтар тәлім-тәрбие мен ғылымға баса мән беріп,
біліммен мықтап қарулануы қажет. Елдің экономикалық, рухани жағдайының
дамып, ӛркендеуі, ҧлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру елдің білім
деңгейімен де тығыз байланысты. Қазіргі кезде бҧл бағытта нәтижелі жҧмыстар
атқарылып та жатыр. Жастар «Болашақ» бағдарламасының аясында шетелдерде
білім алып, шетел тәжірибесінің артықшылықтары мен кемшін тҧстарына кӛз
жеткізіп, санасына тоқып келіп, еліміздегі маңызды қызмет салаларында сол
тәжірибелерін қолданып еңбек атқаруда.
Қазіргі кездегі жаһандану ҥдерісі, қолжетімді ақпараттар легі жастардың
бойында ақпараттарды електен ӛткізе білу, теріс пиғылды идеологияларға
қарсы тҧра білетін иммунитетті қалыптастыруды қажет етеді. Ӛйткені қазіргі
таңда жат пиғылды ағымдардың ықпалына еріп, экстремистік әрекеттердің
қатарын толықтырушылар осы жастар болып отырғаны белгілі. Жастардың
мҧндай әрекетке баруының басты себебі ретінде олардың білім, сауаттылық
деңгейінің тӛмендігін айтуға болады. Экстремистік идеялар халықты ӛзінің
ертеден келе жатқан бай рухани қҧндылықтары мен салт-дәстҥрінен бас
тартқыза отырып, мәдени, тарихи, рухани санасын жойып жіберуді кӛздейді.
Мҧндай идеология кез келген мемлекет секілді Қазақстан қоғамының да ішкі
тҧрақтылығына елеулі қатер тӛндіреді.
Бҧған қарсы тҧра білудің жолы жастардың діни сауатын арттыру, оларды
адамгершілікке,
сҥйіспеншілікке
тәрбиелеу,
ҧлттық
салт-дәстҥрімізді
бойларына сіңіріп, дәріптеу, оларды еліне, жеріне, дәстҥріне, дініне жанашыр
азамат етіп тәрбиелеу болып табылады. Қазақ елінің бірлігінің қалыптасуы мен
64
ӛркендеуі дәстҥрлі ҧлттық тәрбие мен рухани қҧндылықтармен сабақтасқан
тҥрде жҥзеге асады. Сол себептен де жастардың бойына қазақи қҧндылықтарды
сіңіріп, қазіргі жаһандық даму жағдайында оларды батыс мәдениетінің
негізінен алыстатып, ӛзіміздің рухани бай мҧрамыздың қҧндылықтары
тҧрғысынан тәрбиелеу - алда тҧрған басты міндеттердің бірі. Елбасымыз
жариялаған «Мәңгілік ел» идеясының кӛздегені де осы болатын, яғни, тӛл
дәстҥрімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді жаңғырту, дініміз бен тілімізді
ӛркендету.
«Мәңгілік ел» идеясын жҥзеге асырып, одан әрі дамытатын жастар
болғандықтан олар ең алдымен білімді, ҧлттық қҧндылықтар мен заманауи
игіліктерді ӛз бойына біріктіріп, ҧштастыра білген, ӛз елінің нағыз жанашыр
азаматтары ретінде қалыптасуға талпынуы керек. Мемлекеттің осы бағытта
атқарып жатқан ізгі жҧмыстары аз емес, солардың бірі осы - «Мәңгілік ел»
идеясы. Сонымен қатар Елбасы Н. Назарбаев «Мәңгілік ел» идеясын Қазақстан
халқының жарқын болашағы ҥшін қабылдаған ӛте маңызды және тарихи мәнге
ие қҧжат.
«Ел боламын десең бесігіңді тҥзе» деп М. Әуезов айтқандай, ел болашағы
қазіргі жас жеткіншектің қаншалықты білімді, тәрбиелі болуына байланысты.
Осы мақсатта барлық жҧмыстардың нәтижесін ҥнемі бағалап, зерттеп,
қорытынды жасап отырудың маңызы зор.
16 желтоқсан–ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды
жаңа белеске кӛтерген Тәуелсіздік кҥні. Президент Нҧрсҧлтан Назарбаев қол
қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге биыл 25 жыл
толады. Оның басты мәні әлемдік ӛлшемдерге сай Тәуелсіз қазақ мемлекетінің
қалыптасуы, тереңнен бастау алатын мемлекеттік тарихымыздың жаңаруы,
жаһандану дәуірінде Мәңгілік Ел болып танылуы.
Тарихқа кӛз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан
кӛтерілісінде алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша
қазақстандықтардың арман-мҧратының салтанат қҧруы. Патша дәуірінде де,
Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ҧмтылыс халықтың едәуір бӛлігінде
қалыптасты. Біз бірнеше ғасыр отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында
қайта жаңғырған, ХХІ ғасырда әлемдік бәсекеге қабілетті дамыған мемлекетпіз.
Тәуелсіздік – бҧл кҥрес пен тӛзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті
аңсаған ҧмтылысының ӛтеуі.
Тәуелсіздік алған ҧлттық мерекені бҥгінгі таңда бҥкіл қазақстандық ӛз
жҥрегімен сезінуі және жоғары дәрежеде қҧрметтеуі тиіс. Тәуелсіз елдің ең
басты тҧғыры халықтың баға жетпес басты қҧндылығы, ҧлттың рухы, жігері,
қоғамдық санасы. Басты байлық жай ҧлттық мҥдде емес, азаматтардың мҥддесі
мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бҥгінгі қҧдіретті кҥші ел
бірлігінде, ҧлттар татулығында жатыр. Қазақстан ҥшін ХХI ғасыр тарихының
парағы парасат пен пайымға толы. Біздің стратегиялық міндетіміз ең бірінші
тҧрғындардың ӛмірінің сапасы мен тҧрмыстық деңгейін кӛтеру болып
табылады. Елбасының сарабдал саясатының арқасында бҧл бағытта атқарылып
жатқан игі істер жеткілікті.
65
Мемлекеттің дамуына әсер ету барысында қоғамдық ӛмір-салттың
барлық салаларына тҧрақтылық қажет. Қазіргі Қазақстан мемлекеттің негізі
ретінде тҧрақтылыққа жетуді міндет етіп, бекіте тҥсті.
Елбасы Нҧрсҧлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті
Жолдауында «Біз Жалпыҧлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп,
тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нҧрлы Жолға» айналдыруымыз, «қажырлы
еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нҧрлы жолда бірлігімізді бекемдеп,
аянбай тер тӛгуіміз керек», – екендігін ескертті. Сонымен қатар, «Mәңгілік Ел –
елдің біріктіруші кҥші, ешқашан таусылмас қуат кӛзі.
Тәуелсіз елдің ӛз қолымен қҧрған буыннан басталған ҧлы істерді кейінгі
ҧрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенім білдіруіміз керек.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.
Кҥлтегін Тоныкӛк: Ежелгі тҥркі рун жазбалары (Әдеби нҧсқасын жасаған
Қадыр Мырза Әли.) - Алматы, «Ӛлке» баспасы, 2001. - 144 бет.
2.
Мәңгілік ел" - Халықаралық ғылыми-кӛпшілік журналы
3.
Тоғысбаев Б. Сужикова А. Тарихи тҧлғалар. - Алматы, «Алматыкітап»
баспасы, 2005. - 368 бет
4.
Қазақстан тарихы әдістемелік қҧрал №1.
5.
Мҧғалімге арналған нҧсқаулық, І деңгей, 2012ж.
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА БАСТАУЫШ
СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
Носиева А. Ж.,
Ә. Марғұлан атындағы №40 орта
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Қазіргі жаңа ғылым мен техниканың қарыштап ӛсуі мен экономиканың
дамуында, халықтық сана- сезімнің заман талабына сай ӛзгеруі қоғамдағы
қатынастарды ізгілендірумен тығыз байланысты.Біздің елімізде ҧрпаққа білім
беру саласында тҥбегейлі ӛзгерістер жасалуда. Білім стандартының жасалуы,
тӛл оқулықтарымыздың жазылуы, білім мазмҧнын байыту, әлемдік білім
кеңістігіне ену мақсатындағы жҧмыстар сол ӛзгерістердің куәсі. Білім беру
адамның, қоғамның, мемлекеттің мҥддесі ҥшін ҧрпақ тәрбиелеу және оқыту
ҥрдісі болып табылады.
Қазақстан Республикасы білім беру жҥйесі қазіргі таңда ӛзгермелі және
ӛскелең талаптармен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім
сапасын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбҧрыс жасауда. 12 жылдық
білім беруге кӛшу қазақстандық білім беру реформасының стратегиялық
міндеттерін нәтижелі шешуге мҥмкіндік береді.
Ол шығармашыл, белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі мол, парасатты,
кәсіби білімді, сауатты жеке тҧлғаны тәрбиелеуді бірінші кезекке қояды.
Ӛзінің және қоғамның мҥддесіне ӛзін-ӛзі белсенді етуге дайын, ӛзгермелі
66
ортада ӛмір сҥруге бейім, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, білімді тҧлғаны
дамыту және жеткіншек ҧрпақтың саналы азамат болып қалыптасуы бҥгінгі
мектептердің алдына қойған мақсаты. «Ҧлт тағдыры- ҧрпақтан» деген, аса зор
ҥміт кҥттірер жеткіншек – бҥгінгі ҧрпақ.
Бастауыш білім беру баланың бойындағы дарындылығын, жеке қабілетін
анықтайды, оқуға, жазуға, санауға, сӛйлеу мәдениетін, зерттеу- шығармашылық
қабілетін дамытады.12 жылдық білім беру жағдайында мектепке дейінгі білім
мен тәрбие беру деңгейі ерекше мәнге ие болып отыр. 5 жастағы балаларды
мектепке даярлауда олардың психологиялық, физиологиялық талаптарын
ескере отырып, бастауыш мектепте оқуға дайындау сапасының басты жағдайы
ретінде жҥзеге асырылуы тиіс.
Негізгі орта білім бастауыштағы алған білімді жалғастыруға, білім
салаларының базалық негізін меңгеруге, ҧлттар мәдениетін қҧрметтеуге, жеке
тҧлғаның ӛзін- ӛзі тануына, кәсіби бағдарын анықтауына арналған.
Егер мектеп жасындағы бала ӛз ӛмірінде кімнің жанында кӛп уақыт
болатынына кӛңіл аударсақ, әрине ата- анасы және мҧғаліммен бірге болатыны
баршамызға аян. Ата- ана мен бала арасындағы қарым- қатынас сабақта айқын
байқалады. Сондықтан сабақтың дҧрыс ҧйымдастырылуы мен ӛткізілуі
мҧғалімнен ҥлкен жауапкершілікті талап етеді. Сабақ ҥрдісіндегі ӛзара қарым-
қатынаста мҧғалім баланың ата- анасы, бауыры, қарындасы, туысы және сырлас
досы болады. Яғни, мҧғалім мен оқушы арасындағы байланыстылық
маңыздылығы кҥн санап арта тҥсуде. Оқытудың мазмҧнын жаңартуды қажет
етіп отырған қазіргі заман талабы да алдымен, осы тҧлғаның арасындағы
қарым- қатынасқа тіреледі. Мҧндағы оқытудың мазмҧнын жаңарту дегеніміз
мҧғалім мен оқушының бір- біріне деген жағымды қарым- қатынасының
негізінде қалыптасатын жаңаша ҥрдіс болып отыр.
6 жастан мектеп табалдырығын аттаған баланы мектеп ӛміріне енгізудің
ӛзі таңдаулы технология мен асқан шеберлікті талап етеді. 1 сынышп
оқушыларын оқуға тек қана ойынмен қызықтыруға болады. Ойын ойды
қозғайды. «баланың ойынын тыйғаның ойлауын тыйғаның» деген қағида бекер
айтылмаған. Оқушының әр қадамы ойынмен ғана алға жылжиды, дамиды,
жетіледі.
6 жасар бала материалды тез қабылдайды және тез ҧмытады. Олардың
ойы 5-6 минут қана тҧрақтайды, содан соң басқаға ауытқиды. Сондықтан
мҧғалім осы уақыт ішінде бірнеше рет дидактикалық ойындар ҧйымдастыруы
қажет.
Оқушы тек қана білім алушы ғана емес, оқушы- ізденуші, зерттеуші,
басқарушы, ҧйымдастырушы, кеңесші, дербес тҧлға. Осы дербес тҧлғаны
дамыту ҥшін орта білімнің мазмҧнында жаңа тәсіл қҧзіреттілікке айрықша мән
берілген. Қҧзірет латын сӛзі, ӛз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі,іс-
әрекеттердің жан-жақты тәсілдерін меңгерген ӛз ісінің жетік маманы дегенді
білдіреді.
Қҧзіреттілік- оқушылардың ӛзгермелі жағдайда әлеуметтік қажетті, жан-
жақты іс- әрекетті меңгеруінен кӛрінетін білім нәтижесі.
67
Сондықтан 12 жылдық білім беру жҥйесіндегі педагогтар кәсіби
қҧзіреттіліктерін дамытады.
Қазіргі мектептің басты міндеті- жеке тҧлғаны қазіргі ӛмірге тез
бейімделіп кетуіне кӛмектесетін біліммен, икемділікпен және дағдымен
қамтамасыз ету. Мҧғалімсіз шәкіртті, шәкірттсіз мҧғалімді елестету мҥмкін
бе? Осы сҧраққа жауап іздеп кӛрсек еліміздің ертеңі- болашақ жастарға білім
мен тәрбие беруде ҧстаздар қауымының қосар қажірлі еңбегінің рӛлі ӛте зор.
Ҧстаз – саяси сауатты, жан- жақты білімді, ӛз бойындағы сол білімді оқушы
жҥрегіне еркін ҧялата аларлықтай әдістемелік шебер болуы керек.
Педагогтың кәсіби шеберлігі – оның бойындағы ӛзін-ӛзі ҥнемі дамытып
отыруға дайындығына тікелей байланысты екені анық. Оның кәсіби кемелдену
процесі жеке тҧлға ретіндегі ерекшелігіне байланысты, сондықтан бҧл жерде
даралық-тҧлғалық қалыптасу, іскерлік-әдістемелік, кәсіптік-пәндік білімін
толықтыру компоненттерінен ӛз қажеттілігін тани алу мҥмкіндігі туады. Кәсіби
кемелдену педагогтың жеке тҧлға ретінде ӛзіндік белсенділігінен,
педагогикалық талап деңгейінен байқалады. Ӛзін-ӛзі әдістемелік жетілдіру
педагогтың сабақ барысында ӛтілген материалдарды жеңіл тҥрде меңгерту,
материалды ғана емес, оны игертудің тиімді жолдарын нақтылап беру негізінде
жҥзеге асырылады. Педагог кәсіби-пәндік білімін толықтыру мақсатында ӛзінің
шеберлігін шыңдауға кӛзделген шығармашылық жҧмыстардың барлығын да
ынталы орындауға бағытталады. Яғни, ӛз пәні бойынша сабақ беру,
әріптестерімен тығыз кәсіби қарым-қатынаста болу, әкімшілік талаптарын
орындау барысында ӛзін-ӛзі тану, бағыттау, игеру мҥмкіндіктерінің деңгейі
анықталады.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев ˝Еліміздің ертеңі бҥгінгі жас ҧрпақтың қолында,
ал жас ҧрпақ тағдыры ҧзтаздардың қолында˝, - деп бекер айтпаса керек. Қазіргі
таңда қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық ӛзгерістер білім
саласына да ӛз әсерін тигізуде. Заман талабына сай жастардың шығармалық
ойлауын, жеке тҧлға ретінде жан-жақты дамыту негізгі мәселе болып отыр. Сол
себепті оқу ҥрдісінде инновациялық технологияларды қолдану қажеттілігі
туындады. Білім беру стандартына сай дәстҥрлі оқытудың орнына оқытудың
жаңа технологияларын қолдану басымдылық алуда.
Ӛздігінен білім алу – арнайы ӛз бетімен ҧйымдастырылған, кәсіби
шеберлікті жетілдіру, танымдық мҥддені қанағаттандыру мақсатына
бағытталған жҥйелі танымдық қызмет. Бҥгінгі игерілген білім ертеңгі
маманның жарқын бейнесі болмақ. Ӛз бетінше білім алу біліктілік пен
білімділікті қалыптастыруға негіз болары анық.
Ӛз бетінше жҧмыс істеу шеберлігі мен дағдылары ӛзінен-ӛзі пайда
болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және ӛз кезегінде
шығармашылық және практикалық сипаттағы әртҥрлі тапсырмаларды орындау
ҥрдісінде қалыптасады, сӛйтіп ҥздіксіз білім алуға кең жол ашылады. Ӛздігінен
іздену дағдысын қалыптастырмайынша ешкімнің де ҥздіксіз білім алу және
кәсіби мамандығын ҧдайы жетілдіріп отыруы мҥмкін емес. Олай болса,
ӛздігінен білім алу пәннің оқытылу әдістемесін одан әрі тереңдету, нақтылау,
68
ӛңдеу, кеңейту болып табылады.
Маманның жаңалықтарды қабылдаудағы жеке басының ҥлгісі
кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет болуы керек. Себебі кез-келген ҧжымдағы
қарым-қатынас жан-жақты, онда тҧлғалық та, кәсіби де, адамгершілік те
сипаттар орын алады.Маманның кәсіби кемелденуі ӛзінің кәсіби-пәндік білімін
толықтырумен, ӛзін-ӛзі іскерлік-әдістемелік жетілдірумен, ӛз мҥмкіндігін
игерумен сипатталады.
Мемлекетіміздің егемендік алуына байланысты болған демократиялық
ӛзгерістер білім берумен қатар оның басқару жҥйесіне де айтарлықтай
ӛзгерістер енгізді.
Білім берудің барлық жҥйелері, олардың деңгейіне қарамай, жаңа
талаптарға сәйкестендірілуін қажет етуде. Нарықтық экономика жағдайында
басқару ҥшін инновациялық ойы дамыған, басқару мәселелерін шешуге
қабілеті жететін, жаңа технологияларды игерген, ҧжымда жҧмыс істей алатын,
ӛз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын және қарым-қатынас мәдениеті
жоғары басшылардың тҥбегейлі жаңа тҥрлерін қызметке тағайындауды қажет
етеді.
«Қҧзыреттілік» (компетенттілік) – латын тілінен аударғанда «лайықпын,
сәйкеспін, дегеніме жетемін» деген ҧғымды білдіреді екен. Нақтылай айтқанда
белгілі бір саладағы толық игерілген білім мен жинақталған тәжрибені айтуға
болады.
Кҥнделікті ӛзгеріп отыратын жағдайда ҧжымды жоғары нәтижелі
жҧмысқа жҧмылдыра алатын басшының рӛлі ерекше. Қазіргі басшының кәсіби
қҧзырлылығы оның педагогикалық басқару жҧмысында, басқарудағы білімі
мен
ҧйымдастырушылық,
материалдық-техникалық,
инновациялық
технологиялық мәселелерді шешудегі жоғары біліктілігінен кӛрінеді.
Қҧзырлылықтың мазмҧны ҧйымдастыру, бақылау, реттеу, белсенділік,
болжау сияқты функцияларды жҥзеге асыра білумен айқындалады. Білім
берудегі басшылардың жҧмыс нәтижесі жеке тҧлғалық, шығармашылық,
интелектуалды жан-жақтылығын қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында қазіргі заманғы
білім беру жҥйесінің жаңа технологиялармен қамтамасыз етілуі міндеттелген.
Бҧл мәселе Елбасының 2006 жылдың наурыз айындағы Қазақстан
халықтарына Жолдауында білім беру саласының болашағы ҥшін маңызды
фактор ретінде белгіленген.
Оқу мен тәрбие жҥйесінің болашақ қарқыны мен қадамдары білім
мазмҧнын, білімдік ақпаратты берудің жаңа жолдарын іздеумен, оны оқу
ҥрдісіне енгізумен тығыз байланысты.
XXI ғасыр – тәуелсіз еліміздің дҥниежҥзілік ӛркениетке ҧмтылған ӛрлеу
ғасыры. Сондықтан кәсіби шеберлікті жетілдіру мен кәсіби қҧзырлылықтың
мазмҧнын жіті меңгеру уақыт талабы болып тҧр.
Біліктілік арттыру жҥйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты
білімнің мәнін тҥсінуге, соның нәтижесінде ӛзіндік іс- әрекетке енуге және
жеке ӛміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады.
69
Осы заманғы мҧғалім оқуға ҥлкен потенциалдық мҥмкіндіктермен келеді.
Сондықтан
олардың
функционалдық
сауаттылықтарын
кәсіби
шеберлікпен ҧштастыру ҥшін нәтижеге бағытталған білім беру ҥлгісінде
мақсатты тҥрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық
процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби
білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы
адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға
бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру ҥшін білім беру. Ҧлы педагог
Я.А. Коменский «Мҧғалім – мәңгі нҧрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл
– әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нҧр қҧятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» -
деп ҧстаздың еңбегіне баға берген.
Ӛз курстарымда тыңдаушыларға: «Бҥгінгі кҥні білім беру жҥйесінде
негізгі мәселелер мынадай: «Ҥйрену мен ҥйрету тек ӛзара белсенді әрекеттерге
негізделген қарым-қатынас арқылы жҥзеге асырылады және тек әрекеттесу
арқылы ҥйренуге және ҥйретуге болады, әрбір мҧғалім әр сабақта
интербелсенді әдістер, қҧралдар мен тәсілдерді қолдануы қажет- дегенімде, ол
қалай болар екен?- деген сҧрақтар туындап еді. Топтық жҧмыстың тҥр – тҥрін
жоспарлай отырып, әр кҥн сайын басқа топтармен ауыстырып жҧмыс
жасатудың арқасында бір- бірін жете тани бастады және бірте – бірте ортаға
ҥйретіп, ӛздеріне деген сенімділік пайда болғаны байқалды. Берілген
тапсырмаларға жіті кӛңіл аудара отырып, сыни ойлана бастады. Әр нәрсені
басқа қырынан кӛруге, кҥнделікті кері байланыс арқылы пікірлерін ескере
отырып, жҧмыс жасадық. Біздің әрбір жасаған жҧмысымыз бағдарламаның
мазмҧнын ашып, тҥсінулеріне ықпал етті. Ол біздің әр кҥнгі топтық
жҧмысымызда кӛрініс тауып жатты. Топ мҥшелерінің ішінен қабілетті,
дарынды тыңдаушылар шығып жатты. Мҧндағы барлық іс-әрекет
мҧғалімдердің оқуға және оқытуға деген кӛзқарасының ӛзгеруіне тікелей әсер
етті. Мектептегі сабақ беру жҥйесін әлемдік талап деңгейіндей етіп қҧруда
жаңаша ізденіс пен шығармашылықтың керек екенін тҥсінді. Білім беру ісінде
ҧстаз басты әрі шешуші тҧлға. Ҧстаздың білімділігі, абырой-беделі оның
шәкіртінен кӛрінеді
Курста алған білімдерін іс-тәжірибесіне енгізе отырып,мҧғалімдер кҥн
сайын бірнеше проблемаларды шешеді.Бҧл жҧмыста тҥрлі білім мен пікірлерге
сҥйенеді, оқушылардан келешекте не кҥтетініне болжам жасайды. Оқушыларды
ӛзгермелі ӛмірде дҧрыс шешім қабылдай білуге бағыттайды. Мақсат жҥзеге
асуы ҥшін әр ҧстаздың ӛз білімін кӛтеруі, оқып- ҥйренуі негізінде қалыптасқан
әдіс-тәсілі жетік болуға тиіс деп тҥсінетін мҧғалім сабақты тҥсінікті және
тиімді әдіс-тәсілдермен беру жолдарының бағдарламасын қҧруы тиіс. Осындай
іс-әрекеттерді дҧрыс ҧйымдастыруда мектеп әкімшілігі мен тәлімгер
ҧстаздардың кӛмегі қажет. Солардың қолдауына сҥйене отырып, мақсатты іс
жҥзіне асыру – мҧғалімдердің міндеті.
Мҧғалім шеберлігі – бҧл ӛте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі
ҧдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту ӛнері. Жеке тҧлға мәдениеті,
білім мен ӛрісті дҥниетаным, педагогикалық техника мен озат тәжірибе, осы
70
педагогикалық шеберліктің негізі. Курс бағдарламасына сай айтатын болсақ,
қазіргі заман мҧғалімнің тҧлғалық белгісі – ой ӛрісінің кеңдігі мен оның
ауқымды дҥниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір
адам ӛте кӛп ақпараттан хабардар болуы қажет. Қазіргі заман оқу әдістерін
жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Енді бір қыры – шәкіртпен қарым –
қатынастың, шәкірттің іс-әрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады.
Ҧстаз ӛмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру,
шәкірттің қызығушылығын дамытуды талап ете білу. Осы ықпал тҥрлерін іске
асыруда ҧстаз нағыз шебер болуы керек.
Қҧзіретті мҧғалім ол-шығармашыл, тәрбиелі, кәсіпкер, гуманист, патриот,
мәдениетті адам, тӛзімді, еңбексҥйгіш, мейрімді, шыдамды,қайырымды,
мейірбан, зиялы тҧлға. Оның шеберлігі , шығармашылығы, оқушыларға ықпал
ету барысында ғана нақты кӛрінеді.Ең бастысы, мҧғалім нҧсқауларды
орындаушы емес, кҥтілетін нәтижеге жету ҥшін оқу-тәрбие ҥрдісін
шығармашылықпен қҧра білуші. Ал мҧғалімнің зерттеушілік қызметін кҥшейту
ҥшін біліктілігін ҥнемі арттырып отыруы қажет. Белгілі педагог Қанипа
Бітібаева апамыз: «Әдістеме- тірі, ҥнемі жаңарып, жаңғырып отыратын оқушы
мен мҧғалімнің іс- әрекеттері арқылы, білім беру мен білім алу арасындағы
қып- қызыл еңбек»деген екен. Сондықтан да шығармашылық жҧмыс-
мҧғалімнің ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындығын, кәсіби
шеберлігін шыңдауға ықпал етеді. Сондықтан да педагог білікті маман, ӛз ісінің
шебері болуы керек. Яғни педагог шебер болу ҥшін: ӛзінің мҥмкіндіктерін жаңа
формация мҧғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына
қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-
әрекетті, мінез-қҧлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, ӛтіп жатқан
интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала
алуы тиіс.
Елбасымыз Нҧрсҧлтан Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, ӛмір сҥретіндер
бҥгінгі мектеп оқушылары, мҧғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол
деңгейде болады. Сондықтан ҧстазға жҥктелер міндет ауыр" деген болатын.
Қазіргі заман Мҧғалімінен тек ӛз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи
танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық
білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай
білім беруде жаңалыққа жаны қҧмар, шығармашылықпен жҧмыс істеп, оқу мен
тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан
болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тҧлға ретінде ҧлағатты
саналады.
Ертеңгі болашақ- бҥгінгі ӛскелең ҧрпақты тәрбиелеумен шҧғылданатын
әрбір мҧғалімнің ойлау икемдігі дамыған, жан дҥниесі терең, ӛмірге кӛзқарасы
жоғары болуы тиіс, ӛйткені ӛзіндік рухани ӛсуін ӛзі басқара алатын адамның
қолынан ғана шығармашылық жасампаздық келеді. Ондай маман
педагогикалық жаңалықтарды қабылдауға даяр тҧрады және олар ӛз
әрекеттеріне ӛзгеріс енгізе алатынымен, ізденіс жҧмыстар жҥргізуге
бейімделгенімен, әр оқушының рухани ӛсуіне, ӛзіндік мҥмкіндігін дамыту ҥшін
71
жағдай туғыза алатындығымен қҧнды. Мҧғалімдік жҧмысқа қабілеттіліктің
дамуында кҥнделікті ӛз ісіне қортынды жасауы кӛп кӛмектеседі. Ол жылдар
бойында оның ҥнемі ізденуінің нәтижесінде толысып отырады. Әрине оны
шыңдай тҥсуде талмай еңбектену қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |