Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет96/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   113
Соломон ғибадатханасы. Арнайы әдебиеттерде Соломон 
ғибадатханасы мен сарайының тұрғызылуына финикиялық 
Суретте: Иерусалимдегі Соломон ғибадатханасы болжамы [115]


268
сәулетшілердің қатысының бар екеніне күмән келтірілмейді. Тир 
патшасы Ахирам (Хирам) б.д.д. 1000-900 жылдар аралығында 
Соломонның өтінішін орындап, көптеген тасқашаушы мен ағаш 
шеберін жіберген. Жоспар бойынша Соломон ғибадатханасы үш 
алаңнан тұрады. Оны қоршаған сыртқы қабырға ішінде «пұтқа 
табынушылар алаңы» аталатын, жұрттың бәр бірдей кіре алатын 
алдыңғы сарай орналасқан. Келесі, мыс дарбазалары шығысқа, 
оңтүстікке және солтүстікке қараған биік қабырға ішіндегі са-
рай – «еврейлер сарайы». Екінші сарай дарбазаларына қарсы 
орналасқан қақпалары бар үшінші дуал «дін қызметшілері» са-
райын қоршай орналасқан. Ішкі ауланың соңын ала, батыс бөлікте 
ізгі мазмұндағы өсиеттер салынған қобди сақталатын ғибадатхана 
ғимараты тұрғызылған. Негізі ғибадатхана қабырғалары үлкен 
жонылған тастардан қаланған. Алаң ұстындары, ғибадатхана 
төбесі мен қабырғалар қаптамасы балқарағайдан, ал едені шырша 
ағашынан жасалған. Дегенмен, бұл материалдың бәрі де алтын-
мен апталған...
Моисейдің Он парызы мәтінін орыс тілінен аударғанда, оның 
осы тілдегі түпнұсқасына барынша жақын болу мақсаты ұсталды.
Моисейдің парыздары:
1. Құдай осы сөздердің бәрін дауыстап айтты: 
2. Мен – Тәңірі, сені Мысыр жерінен, құлдық үйінен алып 
шыққан, сенің Құдайыңмын.
3. Иә, сенің алдыңда менен басқа құдайларың болмасын.
4. Өзіңе ешкімді әспеттеуші жасама, әрі жоғары – аспандағы және 
төмен – жердегі және жерден төмен – судағы ештеңенің ешқандай 
бейнесі болмасын.
5. Оларға табынба және оларға қызмет қылма; өйткені Мен –
Тәңірі, сенің Құдайыңмын, Мені жақтырмайтын әкелер күнәсі 
үшін үшінші және төртінші ұрпағына дейін балаларын жазалайтын 
Құдаймын.
6. Мені сүйетіндердің және Менің парыздарымды сақтағандардың 
мың ұрпағына дейін мейірбандық жасаймын.
7. Тәңірінің, сенің Құдайыңның атын текке атама; өйткені кім 
оның атын беталды атаса, соны Тәңірі жазасыз қалдырмайды.


269
8. Оған құлшылық ету үшін, сенбі күнін есте ұста.
9. Алты күн жұмыс істеп, өзіңнің кез келген шаруаңды бітір.
10. Ал алтыншы күн – сенбі – сенің Тәңір Құдайыңдікі: бұл күні 
сен де, сенің ұлың да, сенің қызың да, сенің құлың да, сенің күңің 
де, сенің малың да, сенің үйіңе келген (кісі) де ешқандай іс істемесін.
11. Өйткені, алты күнде Тәңірі аспан мен жерді, теңіз бен соның 
ішіндегінің бәрін жасады; ал жетінші күні тынықты. Сол себепті 
Тәңірі сенбі күнге бата берді және оны кие тұтты.
12. Тәңір Құдайыңның саған берген сенің жердегі күндерің 
ұзаруы үшін өзіңнің әкеңді және анаңды құрметте.
13. Өлтірме. 
14. Зинақорлық жасама.
15. Ұрлық істеме. 
16. Өзіңнің жақыныңа жалған куәлік берме. 
17. Өз жақыныңның үйіне көз тікпе, өз жақыныңның әйеліне көз 
салма, оның құлын да, оның күңін де, оның өгізін де, оның есегін де, 
жақыныңның қандай болса да, еш нәрсесіне қызықпа [116]. 


270


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет