Енді Түркістанға келейік
Бүтін дүние соғысынан ілгері 1913 жылдан бастап Түркістанда бір жыл ішінде барлық
салықтардан (ашық һәм жасырын) жиырма үш миллион сом алтын ақша есебіменен
жиналып келген. Сол жиырма үш миллион сом халықтың мұқтаждығына таратылмаса да,
хүкіметтің Түркістанда қалатын шығындарына жетіп келген. 1908 жылға шейін
Түркістаннан орыс байларының һәм, бүтін Россияның көріп келген пайдасын есепке
алмағанда, патшашыл хүкіметтің Түркістанға бір жыл ішінде қалатын шығындарына
барлық халықтан жинайтын барлық салықтары жетпей келген. Байлардың һәм бүтін
Россияның Түркістаннан көріп келген пайдасын мынадан аңғаруға болады. 1915 жылда
Россияның барлық кездеме істейтін фабриктерінде, істелген жиырма бес миллион пұт
мақтаның жиырма миллионы Түркістаннан барған мақта екен.
Россияда істеліп шығатын кездеменің һәр жүзден сексені үшін шикі бұйымдарды
Түркістан беріп тұратыны байқалады. Яки, һәр бір жүз кез кездеменің сексен кезі,
Түркістаннан Россияға баратын мақтадан істеледі: жоғарыда айтылған жиырма миллион
пұт Түркістаннан Россияға барған мақтаның он миллион пұтын жалғыз Ферғананың өзі
беріпті.
Мақтаны Россия шет мемлекеттерден сатып алса, һәр пұтына (шеттен келетін бұйымдар
үшін төленетін салықтар бойынша) төрт сом он бес тиын төлеп, жиырма миллион мақтаға
сексен үш миллион сом артық шығыны болар еді.
Мақта Россияның өз колониясынан (отарынан) келгендіктен, сексен үш миллион сом
пайдаға қалады екен. Сондықтан, кездеменің де кезі арзанырақ түсіп, кездеменің һәр кезі
екі тиынға жақын арзан сатылмақ. Өйткені бір пұт мақтадан екі жүз қырық кез кездеме
жасалып, төрт сом он бес тиын алынбаған салықты сол екі жүз қырық кез кездемеге
шақсақ һәр кез кездеменің басы екі тиыннан арзандамақ.
1915 жылғы Түркістаннан Россияға барған жиырма миллион пұт мақтаны екі жүз қырыққа
көбейтіп, оның барын тағы екіге көбейткен есептен бір жылғы істеліп шығатын
кездеменің қаншаға арзан түсетіні байқалады.
Түркістан қасынан орыс байларының көретін пайдасынан басқа Россиядағы кездеме
фабриктерінде істейтін 570 мың барлық жұмыскерлердің 80 процентіне яки, 45 мыңдай
жұмыскерлер Түркістан мақтасын істеп соның арқасында күн көріп келген.
1908 жылдан бері қарай Түркістанда хүкіметтің жинайтын салықтары барлық
қаражаттарына жететін еді. Бұның себебі хүкіметтің салық алатынын көбеюі болса керек.
1913 жылы Түркістанда салық ретіменен жиналған жиырма үш млн сомның жеті млн-ны
ашық бойынша жерден яки, диқаншылықпенен аяқты мал шаруашылығынан (осы кездегі
тілменен сөйлегенде азық-түлік салығы) жиылған. Қалған он алты миллионы басқа түрлі
жолдарменен жиылып келген. Сөйтіп, сол уақыттағы барлық салықтан жерге түсетіні
(3000) отыз проценттен артылмайды екен.
17
1916 жылғы соғыс кезінде Түркістанда жиылған отыз сегіз миллион барлық салықтың он
төрт миллион сомы осы кездегі азық-түлік салығы сияқты жерден алыныпты.
Үстіміздегі 1922 жылда, Түркістанда жиналатын отыз бір миллион сом (алтын ақшаменен)
барлық салықтың жиырма бес миллион сомы жерден яки, азық-түлік салығы ретіменен,
диқаншылықпенен мал шаруашылығынан алынбақшы.
Ашық салық жолыменен жерден жиналатын барлық азық-түлік салығы бидайға есеп
еткенде, биыл Түркістанда барлық халықтан он екі жарым миллион пұт бидай
жиналмақшы. Бір пұт бидайдың бағасы екі сом. Алтыннан есеп етсек, барлығы жиырма
бес миллион сом болып шығады.
Биыл Түркістанда егілген жерді бір миллион сегіз жүз мың десятинаға есеп етіп, он екі
жарым миллион пұт салықты егілген жерге бөлсек, һәр десятинасына жеті пұт бидайдан
түседі. Он екі жарым миллион пұт бидайдың бағасы, жиырма бес миллион сом ақшаны
биыл егілген бір миллион сегіз жүз мың десятинаға бөлсек, әр десятинасына он төрт
сомнан түседі. Биыл бір десятина жерден орнына есеппенен 50-45 пұт астық өнсе, һәр 100
пұт астықтан 12-13 пұт салық алынады.
Төңкерістен бұрын бір десятинадан орта есеппенен 50-70 пұт астық өнгенде, бір
десятинаға 2 сом отыз тиыннан артық салық түспейтін еді.
Сөйтіп, казіргі кезде диқаншылықтың өнімі кеміген үстіне, салық бұрынғыдан алты, жеті
рет көбірек түсіп отыр. Жаңа да аяқты малға түсетін салықтың да шамасы осы сияқты.
Осы кезде Түркістанда һәр түрлі шаруа ұйымының кемінде 12-15% салықтарға кетеді. 5-
7% артық салық шаруаға ауырлық қылып, жоқта көтеріле алмауына себеп болмақ.
Түркістан салығының айрықша ауыр болуына шаруашылық күйзеліп, әлсірегені бұрынғы
күйде болмағаны да себеп болып тұр.
1915 жылы Түркістанда егіншілік жер 3 миллион 300 мың десятинадай болған еді. Сол
1915 жылғы барлық диқаншылық өнімін бидайға айналдырып есептесек (бір десятинадан
орта есеппен 60-70 пұт бидай өнеді десек) 200-230 миллион пұт бидай болады. Биылғы
егілген жер бір миллион 800 мың десятинадан артық емес екен. һәр десятинадан орта
есеппен 45 пұт (биыл ондай болған жоқ) бидай жиналады десек, барлық өнім 80 миллион
пұттай-ақ бидай болмақ.
Бұрынғы 200 орнына 80 алып отырсақ, Түркістанда диқаншылық шаруасынан өнім 40%
кемігендігі білінеді, Түркістанда жұрттың жан есебі қанша екені анықталмаған болса да,
алты миллионнан артық болмаса кем емес.
Жан басына жылына тиісті 17 пұтты айтпай-ақ, бір жанға 12- 13 пұт астық алып жиуына
керек десек, 80 миллион пұт астық жұрттың өзінің жылдық тамағына жетпейтіні
анықталды.
Биыл Түркістанда 100 миллион пұттай астық жиналды деп жүргендер азық-түліктің
көбірек жиналып һәм артық алсаңыз әр жаққа алып кете беруді сөз жүзінде жеңілту
мақсаты болып айтпаса есептеп көзі жету қиын шығар.
Түркістан мал шаруасына келсек, бұл жақтан да хәл өте нашарлаған. 1911 жылғы
барлығын уақ малға аударып есептегенде 30 миллиондай малдан осы күнде 8 миллиондай
18
мал қалған. 1911 жылғы малдың бұл күнде, 25-30 проценттей-ақ қалған. Мұнан мал
шаруасының наз көтерместей нашарлап, жойылуға жақындап тұрғаны анықталады.
Түркістан азық-түлік комиссарлығы әр десятинаға орта есеппен 60-70 пұт өнім көрсетуі
егін пісердегі уақиғалардан хабарсыздық, биылғы егін өнімінен хабарсыздық, қанша
салықты көп жинау жатында болғанмен биылғы өнім сонша деп ешкім айта алмаса керек.
Тағы да азық-түлік салығына осыған бұйымдар салығы (ақшадай емес) хүкіметке де,
халыққа да толып жатқан бейнет һәм қымбат түседі. Азық-түлік салығының жинаудағы
шығындарына жиналатын астықтың төрттен бірі кетеді.
Түркістандағы осы кездегі, һәм бұрынғы замандағы салықтардың арасындағы
айырмалары төмендегі есептен ашық көрінеді.
Қай жылы
Барлық салықтар
млн. сом.
Азық-түлік салық
млн. сом
Барлық салықтың
неше проценті
азық-түлік салығы
1913
23
7
30
1916
28
14
37
1922
13
25
80
Сөйтіп биылғы барлық салықтың 80 проценті диқаншылық пен мал шаруасының үстіне
болымдай түсіп отыр. Мұнан басқа 1) еңбек - көлік салығы, 2) су салығы, 3) жергілікті
салықтар (мектептер, ауруханалар, қаражаты су салықтар арық қазу, көпір һәм жолдарды
сақтау, жергілікті хүкімет ұйымдары шығыны), 4) аштарға арналып уақытша адам басына
түскен салық, 5) аштарға жәрдем, 6) жаңадан арық қазып, егістікті кеңейту шығыны һәм
басқаларын есепке алсақ, Түркістанда хүкімет атынан һәм хүкімет қатынасы мен істелетін
шығындардың 85-90% диқаншылық пен мал шаруасы көтеріп отырғандығы ашылады.
Ілгеріде земский сбор деп жиналатын салықтар жан басына 30 тиыннан артық келмейтін
еді (алтын ақша есебімен) бүгінде еңбек көлік салығын да қоса есептегенде жан басына
бір сомдай салық түсіп отыр.
Өзгерістен бұрынғы ашық жасырын қоса есептегенде барлық салықтардың 60-70
проценттейі диқаншылыққа һәм мал шаруасына түсуші еді (ашық салыққа 40, жасырынға
30 процент десек). Бүкіл Түркістан хүкімет шығындары үшін жиналатын салықтың 30-40
проценті, зауыт, фабрик сауда істерінен басқа түсімдерден ашық һәм жасырын салық
жолымен өтуші еді. Бүгінде болса, жасырын салықтарды есептемей қойғанда да, ашық
салықтардың 80-85 проценті жалғыз диқаншылық пен мал шаруасына түсіп отыр. Патша
хүкіметі де үйренді. Россия халқы түлік салықтардың 70-80 процентін жасырын салықпен
төлеуші еді. Түркістанда барлық салықтардың жарымы жасырын салық жолымен
жиналатын еді. Жасырын салықты жинау хүкіметке жеңіл, һәм арзан түседі. Төлеуін
халық төлесе де, жасырын салық байларға түсіп, ашық салық ретінде алынып, байлар
саудасымен жұрттан жасырын жинап өндіріп береді.
Бұл күндегі салықтардың мемлекет шығындарына қаражат болуынан басқа тағы бір
қасиеті, көбі бұйымдары жиналып шығындары көп кедей мемлекеттің есепсіз шығаратын
қағаз ақшасының шығаруын азайтып, бағасы төмендей беруін тоқтатуға себеп болмақ.
Сондықтан дені әлсіз де болса, өнімі кесілген диқаншылықпен мал шаруасына түсіп отыр.
Бірақ мұнша ауыр жүкті өте күйзелген шаруа көтере алмайтыны жоғарыда
айтылғандардан көрініп тұр. Сондықтан шаруашылықты көтермелеу керек, түзету керек
деп, шын айтсақ, жүгін жеңілдетіп жәрдем беріп сүйемелдеудің қамын ойлау керек.
19
Шығын азайып, өнім көбейіп, бүкіл шаруашылық тіршілігі жөнделмей диқаншылық пен
мал шаруасы да жөнделмейді. Диқаншылық шаруасы, ел шаруасы оңды өте керек болған
мақта да көп егілу мүмкін емес. Мақта егілуі ішкі Россиядағы фабриктер үшін керек
болса, Түркістан үшін де керек.
Бір жұрттың баюына айырбас, алыс-беріс көп себеп болатыны мәлім. 1913 жылы
Түркістан Россияға (басқа жаққа) 200 миллион сомдық шикі бұйымдар сатқан. Сол 200
миллионның 138 миллионы жалғыз мақта сатудан, қалғаны тері, жүн, күріш, елтірі, мәуе
сияқты бұйымдардан.
Соғыстан ілгері шаруа күйзелмей, мақта көп егіліп жүрген кезде Россияда барлық халық
үшін жылына жан басына 32 кез кездеме істеліп шығатын еді. Енді мақта аздықтан һәм
басқа шаруа жүзіндегі себептерден жылына жан басына 1-2 кезден артық кездеме
шықпайды. Мақтаны көп егу әр жаннан керек. Бұл үшін жергілікті шаруаны түзету керек.
Шаруа ауырлықтарын жеңілдету үшін салықтарды жеңілдету керек.
Біздің шамамызда диқаншылық пен мал шаруасына жалғыз ашық салық бойынша түсетін
салықтарды азайтудың төте жолдары мыналар:
1) Салықтарды жарататын мемлекет шығындарын мүмкін қатар азайту.
2) Диқаншылық пен мал шаруасына түсетін салықтарды кемітіп, ауырлықтың біразын
саудаға, басқа кісілерге аудару.
3) Салықтардың біразын, шаруасы қабырғалырақ кіндік Россия өз үстіне алсын.
Осы уақытқа дейін Түркістан ішкі Россияға зауыт, фабриктерге керекті шикі бұйымдарды
берумен келеді. Орнына қағаз ақшадан басқа айтуға арзитын нәрсе алып көрген жоқ. Осы
бойымен кете бермек пе? Жоқ Россиядан диқаншылық аспаптары һәм басқа шаруа
мұқтаждықтарына керекті жарақаттар келе ме? Жаңадан су шығаратын, сулап егістікті
ұлғайту үшін су келтіру, су сақтау үшін істеліп жатқан істер бар ма? Жақын арада бола
ма?
Берген, алғанды түгел есептейміз демей-ақ, Россия шаруа тіршілігінде бұрында, өзгеріс
дәуірінде Түркістанның келтірген пайдаларын еске алғанда, колония болып, жемтік болып
келіп, бұл күнде шаруасы күйзеліп тұрған Түркістан Россиядан шаруа жәрдемін күтуге
хақы бар. Ішкі Россия Түркістанның жайына қарап һәм өз пайдасы үшін де жәрдемінен
тартынбаса керек.
К. Бөриев
Партия тіршілігі
7-АЙМАҚТЫҚ ПАРТИЯ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
16-октябрьде кешкі сағат 6-да, Ташкентте Кеңестер үйінде Түркістан Коммунист
партиясының 7-конференциясы ашылды. Конференцияны Кіндік комитет атынан жолдас
Эпштейн ашты. Партия ішінде бірлік керек, сөз керек емес, іс керек, жаңа жол керек емес.
Белгілеген «жол мен іс жүзінде жүру керек» деді. Жолдас Эпштейн конференцияны ашқан
соң съезд президиумі 12 адамнан белгіленіп, мынау адамдар сайланды:
20
Рудзутак, Эпштейн, Қыдыралиев, Мәуленбеков, Тажиев, Рысқұлов, Хожанов, Манжара,
Каримов, Ханов, Баратов һәм Кушмин.
Мандат комиссиясына: С. Асфендияров, Хамутжанов һәм Униженко сайланды.
Редакция комиссиясына: Жандосов, Телхер һәм Ишанходжаев сайланды.
Қаралатын мәселелер: 1) Түркістанда Коммунист партиясының кезекті істері, 2) Қалада
һәм ауыл қыстақтарда кезекті істелуге тиіс шаруа істері, 3) Түркістанда партия түзу,
партия ісін жүргізу.
І - мәселе туралы жолдас Рудзутактың доклады тыңдалды.
Жолдас Рудзутак: Ұлт мәселесі шешілуге тиісті зор мәселелердің ең зоры саналады. Ілгері
патшашыл хүкіметтің тұсында езілген ұлттарды жарыққа шығарып, азаттыққа бастау ісі
Түркістан Коммунистер партиясы мен Кеңес хүкіметінің кезекті істерінің ең алдында
тұруы тиіс. Жаңада Октябрь революциясының жемістері, еңбекшілердің қолдарынан
шықпайтындай болып, шаруа істерін жөндіктіруменен байланыссын.
Түркістан шарттары жергілікті тілектер ішкі Россиядағыдай емес, ішкі Россияда
еңбекшілер жалғыз-ақ помещик байларменен ғана айқасса, Түркістанда бір жағынан ұлт
тартыстары болып, екінші жағынан байлар менен еңбекшілер күресі дауам етіп келеді.
Сондықтан Түркістан Коммунистер партиясының жергілікті отырысының еңбекшілерін
азат қылу үшін қолға алуға өте қажет еді. Бірақ бұл мәселенің негізі жақсы
шешілгенменен, іс жүзінде әлі кісі қанағаттанарлық еш нәрсе істелген жоқ. Өйткені ұлт
бостандығын жүзеге шығару жолы шаруа ісін жөндіктіруменен байланыспай мақсатқа
жету мүмкін емес.
Сондықтан 7-партия конференциясы бұл мәселені сөз ретінде емес, іс жөнінде қандай
жүргізілудің керек екені туралы ашық пікірін айтып, Октябрь революциясының
талаптарын орындау қамына кірісу қажет. Жер реформасы ілгері ортаға түсіп зор әңгіме
болып, Түркістанда талай талас тартыс туғызып еді. Жер реформасын жергілікті
халықтың ой - ақыл менен құлқын жаңа жолға салып, келімсектердің қолынан жер, су
туралы бұрынғы құқықтарын алып еді.
Жер реформасының мақсаты - қырғыз-қазақтарды жерге отындау, шаруаның алаяқты
түрін тауып шаруасын түзету еді.
Жер реформасы қырғыз-қазақ шаруасына, шынында пайда келтірмеді. Оның себебі,
Әулиеатада болған қырғыз-қазақ кедейлерінің съезінде шығарылған жақсы қаулыларға
қарамай, аяқты малдарды қырғыз-қазақ кедейлері кейін бөліп алды. Сөйтіп мал шаруасын
көбейту орнына, тамаққа жаратты. Сондықтан, мал шаруасы түзелмей, бұрынғыдан да
аяқты мал азайды.
Қазір Түркістан Коммунистер партиясының алдында тұрған үлкен ісі - бұрынғыдай
көшіруді қуаттай берместен, бос жатқан жаңа жерді пайдаланып, қырғыз-қазақ шаруасын
орнықты жолға құру.
Қырғыз-қазақтың шаруасын орнықты жолға қоюдың жалғыз жолы - диқаншылық пен
шаруашылық екеуін байланыстырып, шаруаның белгілі қыстауы болып, жаз жайлауда, бір
жағынан малын батып, екінші жатынан диқаншылық істерде. Қырғыз-қазақ сөйтіп
21
тіршілік құрып сүйеніш таппаса, алға жатақ жұртқа сүйеніп отырып, шаруасын тіпті
көркейте алмайды. Және де бұл жолменен кете бергенде, келешек өте қауіпті. Қырғыз-
қазақ шаруасы туралы індеттерден қозғалмай тағы түземейді.
Түркістан байлығын молайтудың алдына, диқаншылықты жөндеу ісін салу қажет.
Өйткені диқаншылықты жөндеп егіннің ауданын кеңейтпей, мақта егетін жерлердің
ауданын үлкейту мүмкін емес. Сондықтан, бүкіл Россия республикасына керек. Мақта
егілетін жерлердің ауданын үлкейту, диқаншылықты жөндеу ісіменен байланысып отыр.
Қазір Түркістанда көпшіліктің күн көріп отырған қолөнер кәсібін көркейту де соңғы
жолмен жүруі тиіс.
Басмашылықтың тамырын қырқу керек
Енді диқаншылықты көркейтудің жолы қандай болу тиіс? Республикада соғыс болып,
басмашылық дауам етіп тұрғанда, диқаншылықты көркейту, егістіктің ауданын зорайту
мүмкін емес. Сондықтан, алдымыздағы кезекті істерді жүзеге шығарып, Түркістанды
көркейту үшін ең әуелі баспашыларды жою керек.
Тынбай, шаршамай баспашыларменен соғысқанымызға төрт жыл болды. Сонда да болса,
басмашылық 4-5 жылдан бері әлі біткен жоқ.
Төңкерістің әуелгі күндері ішкі соғыстар басталған дәуірде хүкіметсіздік болып, хүкімет
істері тәртіпті жолға құрылмағандықтан әр жердің өзіне қарай билеушілері болды. Бүкіл
республикада кейін тәртіп жөнделсе де, сол билеушілер құрылған тәртіпке көнбей барып,
басмашылық туды. һәм бірте-бірте икемдеп ала бастаған соң, баспашылар тау арасына
қашып кетті. Шынында, бастапқы дәуірде шыққан кейбір тәртіптер қолайсыз екені де рас
еді. Сондықтан, жергілікті жұрт Кеңес хүкіметіне араласа алмады.
Ішкі соғыстар сияқты басмашылық та халық шаруасын аздырды. 4 жыл ішінде халық
әбден жалығып, енді тілегені тыныштық көрінеді. һәм халықты кім тынышта, халық соны
құшағын жая қарсы алайын деп отырған сияқты. Сондықтан, жергілікті жұрттарға толық
беріп дені һәм, әдет ресми түрлі мәселелерін өз түсініктеріне қарай шешулері тиіс. Сөйтіп,
жергілікті жұрттарға жақсылық істеп, еңбекшіл шаруаға зиян келтірмей, халық байлығын
көркейту жолын қуаттайтын ниетімізді халыққа байқатуымыз қажет. Біздің кезекті үлкен
ісіміздің бірі осы.
Бұл туралы биылғы Самарқанд, Ферғана облыстарына берілген кеңшілік жергілікті
халықты Кеңестер ісіне араластыра бастады. Бірақ баспашыларды азайту жолы жалғыз
осы екен деп, осы жолды қуаттай беру тағы болмайды. Өйткені соңғы кезде
баспашылардың азаюына себеп болған, 5 жылдан бері қарай баспашылар Ферғананы өте
аздырып-тоздырып, тіпті кейбір уездерде аштық басталып, баспашылардың қолына
ешнәрсе түспегендік еді.
Бірақ Ферғанада баспашылар азайғанымен, өткен жылы баспашылар болмаған Самарқанд
облысында осы жылдың бастапқы бөлімінде, баспашылар қимылы өте зор болды.
Кеңестер хүкіметі, қызыл әскерлерге жергілікті жұрттың жақсы көзбен қарауы, оларды өз
қорғаны санауы Кеңес хүкіметі менен қызыл әскерлердің халық арасында істейтін ісіне
қарай болады.
22
Сондықтан, Кеңес хүкіметін жөндеп, Кеңес хүкіметінің басына таза кісілерден қою керек.
Бір уезде 10-15-20 бұзық ұры кісілер болғанша, екі кісі болса да таза болу қажет.
Кеңес хүкіметі баспашылардың кейбір бастықтарыменен бітім жасап, баспашылардың
істеген бұзықтығын кешкен тәжірибелері де болған. Бірақ, Кеңес хүкіметінің ондай
кеңшілігі кейін бұрын асырған һәм үш яки, Жалалабад сияқты ауданда бұзықтық істеп
жүрген баспашылар, ескі-пескі мылтықтарын әкеліп беріп, Кеңес хүкіметіне мойын
ұсынса, Кеңес хүкіметі ондай баспашыларды сол ауданның өзіне жібереді де екен. Кеше
баспашы болып, бүгін Кеңес хүкіметінен ерік алып, жігіттерімен арасында жүрген
баспашылардың бастықтарын көріп отырып халық не ойламақшы?
Кеңес хүкіметін халық алдында көтеру, һәм Кеңес хүкіметі баспашыларменен күресіп,
халыққа зиян келтіретін баспашыларға жаза бере алатынын байқату үшін қолға түскен
баспашылардың бастығын жауапты қылып тиісті жазасын беру керек. Сөйтіп, істеген
бұзықтықты мемлекет қуғыштап жаза беретінін, һәм, мемлекеттің заңы бар екенін, ол
заңды тіршілік жүзінде жүргізетін хүкіметтің бар екенін де халыққа байқату қажет.
Бір жағынан жергілікті жұрттарға ерік беріп, екінші жағынан құрал көтеріп қарсы оқ атқан
дұшпанды таптау керек.
Мінекей, осыменен халықтың көңілін алып мұнан бұлай күрестің пайдасыз екенін
баспашыларға байқатармыз. Бірақ, басмашылыққа араласпай жүрген халыққа, баспашыға
қарайтын көзбен қарау үлкен қате. Өйткені, ондай ісі қазіргі біздің баспашылар туралы
істеген ісімізді жоқ қылуға себеп болады.
Жұрттың көзіне басмашылықты зор нәрсе сияқты көрсетпес үшін бітім жасау туралы
баспашыларменен сөйлесе беру тағы пайдасыз. һәм бұл тақырыпты кеңес хүкіметінің
көрсеткен жолынан шыққан кісі Кеңес хүкіметінің алдында үлкен айыпты саналып
мойнына зор жаза мінуі тиіс.
Сондықтан Кеңес хүкіметі істері менен әскер ісін байланыстырып, әскерлердің
баспашылардан тазартқан жерлеріне орнайтын Кеңес хүкіметі баспашылар хүкіметінен
жақсы, һәм, Кеңес тәртібі баспашылар дегеннен артық екенін халыққа көрсете алатын
болсын.
Түркістанда шаруа ісі әлі түзелмегендіктен, елді тыншыту һәм шаруаны жөндіктіру ісіне
кірісу біздің алдымыздағы үлкен ісіміздің үлкені. Түркістанда шаруа ісінің жөндігуінің
зор себебі - саясатпенен істі тіршілік жүзінде жүргізудің әлі байланыспағандығы.
Сондықтан, партияның кәзіргі алдындағы зор ісінің зоры, сөзде айтылған нәрсені іс
жүзінде жүргізу.
Баспашылар туралы сөзді тоқтатудың алдында өз еркіменен милиция болушылар туралы
бір-екі ауыз сөз сөйлеп кету қажет көрінеді. Өйткені, бұл мәселе тақырыпты Ферғанадан
келген жолдастар әңгіме қозғап жүрген сияқты. Жер-жерлерде халық өзін-өзі қорғау, һәм
жергілікті жұрттар ішінен милиция жасау туралы істелетін шығындар тегіс халық
мойнына түседі. Сондықтан, былайда шашылып жатқан халық ол шығынды ауырлауы
мүмкін. Мінекей, осыны еске тұтып жергілікті халық ішінен милиция жасағанда,
жергілікті халық ішінен шыққан милиция, баспашыларды бітіру үшін жәрдем етеді деп,
әскер шартыменен жасалсын. һәм баспашылардан тазаланған жерлерде халықты
баспашылардан қорғау үшін керегіне қарай ғана милиция қалдырылсын.
23
Сөйтіп, кәзіргі кезекті істер, мемлекетті тыншыту һәм шаруаны көркейту үшін тіршілік
жүзінде жүргізілетін жұмыстар.
Достарыңызбен бөлісу: |