«Шолпан» журналы
Түркістан коммунистер партиясы кіндік комитетінің тіл, саясат,
шаруашылық Білім-әдебиет айында бір жеті қырғыз-қазақ жорналы
«Шолпанның» 1, 2, 3, сандары шықты. Жорнал кітапша болып басылған,
бірінші саны 70 бет, октябрь айында шықты, шығарушы Тоқтыбаев.
Бірінші санында мына мақалалар басылған:
1) Түркістан коммунистер партиясы һәм 7-ші аймақтық партия
конференциясының Түркістан коммунистер партиясының барлық мүше-
леріне жазған ашық хаты.
2) Абыр-сабыр заманда сақтану керек.
3) Түркістанда мал шаруашылығының осы күнгі жайы һәм оны ілгері
бастыру турасында.
4) Жақында шыққан жаңа заң.
5) Тұрмыс
6) Жетінші аймақтық партия конференциясы
7) Архон жазуы туралы бірнеше сөз.
8) Қазақ тіліндегі синхронизм заңы.
9) Түркістан-қырғыз қазақтарының ескі тұрмыс туралы жазба сөздер.
10) Қазақ-қырғыз білім комиссиясы жайынан қысқаша баяндама.
11) Әділ биі.
185
12) Тау-асар есепші.
13) Шолпанға
14) Азия
15) Түркістанда халық ағарту ісі.
16) Жаңа заң.
2-3 сандары бірге шықты, 140 бет, бұл саңдарында жазылған мақала-
лар мыналар:
1 Азаттық жолы осы.
2 Қазақстан қалам қайраткерлеріне ашық хат
3 Жетінші аймақтық партия конференциясы
4 Түркістанда мал шаруашылығының осы күні жайы һәм оның ілгері
басуы турасында.
5 Он бірінші кеңестер тобы һәм ауыл шаруашылығы.
6 Түркістанда су мәселесі.
7 Жетісу халқының тұрмысы туралы
8 Қыр суреттері І.Кешке дөң басында, 2.Түнгі ауыл.
9 Қорқыт
10 Қызыл сұңқарлар
11 Оқыған азамат
12 Ләйлі – Мәжнүн
13 Байғұс неғып жүр.
14 Қазақ тіліндегі синхронизм заңы
15 Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі
16 Жер сілкіну
17 Саясат дүниесінде
«Шолпан» журналына сөз жазушылар мына азаматтар: Нәзір Төре-
құлов, Сұлтанбек Қожанов, Санжар Асфандияров, Тұрар Рысқұлов,
Ораз Жандосов, Н.Бөриев, доктор Халел Досмағамбетов, доктор Айса
Қашқымбаев, қыз доктор Аққағаз Досжанова, этнограф Әбубәкір
Диваев, М.Исулов, К.Шәленов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов тағы
басқалары. Журналдың жазушылары толық, қағазы көп, қалыңдығы
тап жуан еді. Сөздері маңызды, кестелі, қазақтың жалпақ қара тілінде
жазылған. Бұрынғы қазақ тілінде шыққан журналдың ең соңғысы көрінеді.
Үш саны ғана шығып, буыны бекіп, бұғанасы қатпаған жас журналымыз
«Шолпанның» өмірлі жемісті болуын тілейміз. «Шолпанның» адресі
мынау: город Ташкент, Центральный комитет КПТ в редакции журнала
«Шолпан».
Қошқар.
Қарап отырсақ, 5 жылдан бергі октябрь төңкерісіменен бізден басқа
халықтың бәрі пайдаланып, қолдан келген ісін аянбастан халқына қыз-
мет қылып келе жатыр. Сол айтылған азаматтардан біздің азаматтардың
186
қайсы жері кем? Жалқаулық қой. Мұндай жалқаулықты қолданып
жүрместен, жоқ қылып, біздағы жұрт қатарлы жарысқа түсіп қалалық.
Жарыстан қайткенде шығамыз, қайткенде бәйге аламыз? Сол турасынан
азырақ білгенімді айтып өтейін:
Жұрттың барлығы мәдениет, мәдениет (ағарту) деп газет, журнал
арқылы артындағы жеткіншектерін үнге шақырып келе жатыр. Бұлар
дәл бұрынғы уақытта біздей болған. Соның ішінен қайратты жас жігіттер
шығып, солардың арқасында осы уақыттағы адам таңқаларлық өнер,
білімге жетіп отыр. Өзінөзі сақтап, одан артылып, осы уақыттағы адам
таңқаларлық мәдениетке толып отырған халықтың бізден артықшылық
жері жоқ. Оларда бар екі құлақ бізде де бар. Оларда бар екі көз бізде
де бар. Тіл жағы болса, құдайға шүкір, ешбір жері кем емес. Осында
болған соң, біз қайсымызға ашынып отырамыз, «жетім өз кіндігін өзі
кеседі» дегендей, біз өзімізге-өзіміз қам қылмасақ, саған деп алып келіп
беріп отырғанын пайдаланса, басқалар пайдаланып отырады. Біз болсақ,
қараңғыдан басқаны көрмей, білмей отырамыз. Мысалы үшін мынаны
алуға болады: Ферғанаға жақын қырғыз халқын олардың ішінде оқу
тұрмақ оқудың немене екенін білмей жүргендері толып жатыр және
хүкімет деген қандай нәрсе, мұрын қандай, ауыз қандай екенін ешбіреу
сезіп те қоймайды. Егер де сезе тұрған болса, біле тұрған болса, осы 4-5
жылдан бері бірі басмашы болып, қайбірі хүкімет адамы болып дегендей,
бүліншілікке ұшырайды. Білім деген нәрседен хабары болса, мұншалық
болмас еді деп ойлаймын. Артынша октябрь төңкерісінен бері көрген
қорлықтарын айтып отыруға лайық емес....
Бұл неліктен? Бұл жоғарғы жақтағы білім жоқ деп айтып өткендіктен.
Егерде білмеу болса, бұрынғы уақытта миллион халықтан осы уақытта
700-800 мың халық қалып отырмас еді. Себепсіз дүниеден жоқ болып
кетпес еді. Осындай себепсіз бастан өткен жағдайларға көз салмастан,
уақытылы тұрмыстың жолына түсіп, беріліп кете береміз бе, жоқ бір
айласына кірісеміз бе?
Егерде біз халықты халық болсын деп, түпкілікті ойлаған болсақ,
бұлғары сумканы қолтықтап жүргенімізге мас болмастан, мен азамат
деген жас жүректерді оқуға шақырып, сол оқу арқасында қараңғыда
жатқан халқымызды жарық дүниеге шығару жағына кірісіп, осы төңкеріс
жемісіне сыбағамызды жұрт қатары тең таласып алып қалмасақ, ертеңгі
күні тарих алдында қай бетімізбенен жауап беріп отырамыз. Шынында,
жауап бере алмаймыз. Соның үшін тарих алдында масқара болмай
тұрған жағына кірісерлік. Қайткенде кірісеміз, қайткенде ел боламыз, сол
жағынан аз да болса, білгенімді айтып өтейін:
Ең бұрын ынтымақ керек, бірлік керек. Сол ынытымақ, бірлік ар-
қасында оқу деген нәрсені алдымен тура жолға салып жіберу керек. Жо-
ғарғы көрсетіліп өткен жол арқасында түрлі жаратылыс қиындықтарын
187
жеңіп өнер білімге шек жоқ деп білемін. Осы уақытта қырғыз халқының
үш ұйықтаса, түсіне кірмей тұрған білім жолы ашылып отырады.
Ілгеріден сен-мені жоқ келе жатқан қазақ ағайындарымызбенен мұнан
ары сен-мен деспей, бір ауыздан сөз шығарып, бір жеңнен қол шығарып
дегендей болып, ынтымақ, бірлік арқасында қырғыз халқының тілін және
халық аузындағы әдебиеттерін қайткенде жоқ қылмай жинап, кейінгі
жаңа өсіп келе жатқан жас буындарға үлгі қылып қалдырамыз деген ойға
келіп отырмыз.
Осы уақытта байқап көрсең, алақанның отындай болған қырғыз халқы
екі жолмен кетіп бара жатқан түрі бар көрінеді:
4) Жетісу облысына қараған қырғыз халқы өз бетімен, әйтеуір, ауру
әдетін жоқ қылмастан, келе жатқан түрі бар.
5) Ферғана жағы қырғыздың қандай алда екенін жоғарғы жақты айтып
өттім. Осыған қосымша, ғұрып-әдет дегеннен жоқ деп айтуға болады.
Егерде біз қырғыз халқының қамын қайғыра тұрған болсақ, жоғарғы
жақтағы айтылған сөздерді шын көңілмен қабылдап, ақ көңіл, адал
ниетпен қолға алсақ, қырғыз халқы екі жол емес, одан көп жолға түсіп
кетсе дағы барлығын біріктіріп, халық қылып алуға болады.
Келешекте тарих алдында масқара болмаймыз десек, жоғарғы
жақтағы сөздерге шын көңілмен кірісіп, ақ көңіл, адал ниетпен, мен деген
азамат жас жүректер қараңғыда жатқан халықты жарық дүниеге шығару
жағынан кірісіп, осы көрсетілген жолға қызмет қылуымыз керек.
Имамбек Шаминұлы
ЕЛДЕн
Бес жылғы өзгеріс дәуірінде қазақ-қырғыз арасында
оқу-оқыту істер жұмысы
Октябрь төңкерісінен кейін, кеңес хүкіметі орнағалы оқу оқыту ісіне
кең жол ашылса да, қазақ-қырғыз халқы төңкерістің үшінші жылына
дейін артықша пайдалана алмады.
20-шы жылға дейін Шымкент үйезіндегі көшпелі һәм жарым көш-
пелі қазақ халқының ішінен жаңа мектептер ашып, оқытушы боларлық
адамдар болмағандықтан, 5-6 айлық біреше рет курстер ашылып, 130
оқытушы дайындалып, үйезде 65 жерден жаңа мектептер ашылды. Қазақ
халқының ішінде бұл уақытқа дейін мектеп үшін арналып салынған
үй болмаған соң, бұл мектептердң бәрін де ел ішіндегі ең тәуір деген
тамдарды алып, ашуға тура келді.
Мектептер үшін бұрыннан дайындалған аспаптар болмаған соң, парта
орнына скамейқалар істеліп, барынша оқу кітаптары беріліп, 20-шы, 21-
ші жылдарда осы ақуалда жүргізіліп келді.
188
Осы айтылған 65 ауыл мектептеріменен бара-бара үйезде 10-даған
интернаттар болып, бұлардың да арналған үйлері болмастан, үлкенірек
қыстақтардағы жарарлық үйлерге орналастырылып, жаз уақытында
қазақтың киіз үйлерінде орналастырылып балалар оқытылды.
Шымкент үйезіндегі көшпелі қазақ халқының ішінде осы екі жыл-
ғы дәуірде жоғарыдағы айтылған мектептердің қазақ халқына қандай
пайдасы һәм қандай тәсірі болды?
Жоғарыда да айтылды: ауыл мектептері болсын, интернаттары болсын,
бұлардың ешқайсыларына мектептерге арнап салынған үй жоқ болды.
Оның аспап һәм жарамды тәрбие берерлік оқытушысы болмады деп.
Солай болса да, ол ашылған қысқа уақытты оқытушылар дайындайтын,
һәм ауылнай, болысной исполкомдарға жазушылар дайындайтұғын
курстардан оқып шыққан 4-5 жүздей қазақ жігіттері аз уақыт оқыса да, е
дәуір дүние танып, қазақ тілінде оқу, жазуды жақсы үйреніп, көңілдеріне
білім сәулесі еніп, аз да болса, тұрмыспенен танысып, ел ішіне қайтып,
біреуі оқытушы, біреуі исполкомдарда партия һәм қосшылар ұйымында
бастық, хатшы болып қызметке кірісіп кетті. Аз уақыт курстарда оқып,
елге қайтқан соң, ата-бабаларынан бері қарай дәуір өткізіп келе жатқан
жер төле, жаман тамдарын түзетіп шаһар үйлеріндей жақсы үйлер салып,
диқаншылық, шаруашылық жұмыстарын дұрыстап реттеп, тіршілік
істеріне ынтасын қойып, басқа жұрт қатарында дүниеде жасауға ақым
бар деген кісідей, бәрінің көңілдері көтеріңкі тіршілікке бел байлап,
ілгері ұмтылғанан көреміз.
Ауыл һәм интернат мектептерінде оқыған жас балалар да қазақ тілі,
қазақ жазуын үйреніп, көп жерлердегі үлкенірек мектептерге, түрлі
техникум, институттарға, курстарға барып кіріп, білімдерін тағы да
арттырып жатыр.
Ілгері балаңды мектепке оқыт дегенде: «оқытсам, солдатқа алып
кетеді, орысша оқытсам, ақыретте зиян болады» деп оқу оқытудан азар
болатын қазақ кедейлері бес жылғы өзгеріс дәуірінде жаңа мектеп һәм
курстарда оқып шығып, әжептеуір мінез-құлқын түзетіп, тіршілікке
түсініп, жүріс-тұрысын түзетіп, сол оқыған білімі арқасында жас болса
да, елге бас болып, адам қатарына қосылған жігіттерді көріп, оқудың
керек екендігін енді білді, енді түсінді. Қазіргі уақытта бұрынғыдай
ауыл-ауылдарда жаңа мектептер болмаған соң, жас балаларын шаһар
мектептеріне әкеліп кіргізіп, оқытып, көбі орын таба алмай, әуреленіп,
кейін алып қайтып жатыр.
Шымкент үйезіндегі оқу оқыту жұмысының әзіргі уақытта қандай
ахуалда екендігі турасында келер нөмірде жазармыз.
Жарменов
Шымкент қаласы.
189
Барлық шаруашылдар ұйымына
30 декабрь 1922 жыл 86-ші сан
жАрЛЫҚ
Жергілікті еңбекшіл дихаңдар арасында саясат, тәрбие жұмыстарын
жақсы жолға қою үшін ең керекті құрал жергілікті тілдерді шығып тұрған
газеталар болуға керек. Сондықтан, шаруашылар ұйымдары жергілікті
халықтың тілдерінде шығып тұрған газеталарға өте назарларын
салулары керек. Газеталарды барлық облыстардағы, үйездердегі һәм
басқа жайлардағы ұйымдар жаздырып алулары керек. Сөйткенде ғана,
шаруашылдар ұйымдары міндетті жұмыстарын атқарғандығын білдіреді
һәм халық халықпен достықтарын орната алады. Бірақ, бұл уақытқа дейін
шаруашылдар ұйымдары жергілікті тілде шығып тұрған газеталарды
халық арасына тарату, еңбекшіл дихаңдармен газет арқылы өте
байланысты болуы, болу жұмыстарын әлі де болса атқармай келе жатыр.
Өйткені, жергілікті тілдердегі газеттерді алдырып отырған шаруашылық
ұйымдары жоқ. Шаруашылар ұйымдары бұл газеталарды күшейту,
ұлғайту, халыққа көп бөліп таратылып тұру жұмыстарын міндетті
жұмыстарының бірі екендігін нық тануы керек. Россия шаруашылар
ұйымдарының Түркістан бюросы жарлық етеді: жергілікті жердегі
шаруашылар ұйымдары мұнан бұлай «Ақ жол» газетасын, «Түркістан»
газетасын жаздырып алып отырсын. Бұл туралы ұйымдарында халық
арасында көрнекті саясат жүргізсін. Бұл туралы істеген істерінің ақпарын
һәм көрнекті нәтижелерін жарлық алған күннен бастап екі жетінің ішінде
Түркістан бюросына кешіктірмей тапсырсын.
В.С.П.С-ның Түркістан бюросының бастығы: Манжара.
Ілім білім тарату бөлімінің бастығы: Туркунидзе.
Қазақ-қырғыз мәдениетін көркейтушілер қауымы «талаптың»
жолы
1.
Қауымның мақсаты һәм істейтін істері:
1) қазақ-қырғыз халқының мәдени өркендеуіне жәрдем келтіру
жағында қауымның көздеген мақсаттары мыналар:
а) қазақ-қырғыз халқының тілін, ғылым атауларын (терминология)
һәм басқа мәселелерді тексеру.
ә) ұлт өнерін (искусствосын) тәптештеу.
б) қазақ-қырғыз халқының тарихын һәм салтын тексеріп қарастыру.
в) қазақ-қырғыз мектептерінде оқыту мәселесін реттеп жөнге салу.
г) қазақ-қырғыз халқының білім қызметкерлерінің һәм өнер қайрат-
керлеріне жәрдем көрсету.
190
2) Жоғарыда көрсетілген мәселелерді жүзеге шығару үшін:
а) талқы (диспут), дәріс баяндамалар жасауға.
ә) білімге керекті мағлұматтар жиу үшін, оқушылардың білімін
арттыру үшін керуендер курстар түзуге.
б) көрме (выставкалер) ашуға.
в) уақытша һәм белгілі мезгілімен шығып тұратын баспасөздер бастыруға.
г) кітаптар, қолжазбалар, өнердің үлгілілерін, ескінің тамтықтарын
жинауға.
д) қазақ-қырғыз халқын ағарту жолында керекті мамаңдар, шеберлер
даярлау үшін курстар ашуға.
е) қазақтан жауапты аударушылар (тәржімашілер), хәріп түзушілер
уақытша һәм белгілі мезгілімен шығып тұратын баспасөздерде жазу-
шылар басқа керекті қызметкерлер ұйымдарын ашуға.
ж) қауымның көздеген мақсаттарын жүзеге шығару үшін хүкімет
мекемелерінен, әлеумет ұйымдарынан көмек қарастыруға қауым ерікті.
3) Қауым заң алдында толық құқықпен пайдаланады. Қауымның аты
жазылған меншікті мөрі болады.
4) Қауымның басқармасы тұратын, һәм жалпы жиылыстарының бо-
латын жері Түркістан республиканың басқа орындарында бөлімдерін
ашуға ерікті. Ол бөлімдер орда қауымының құқығындай кұқықпен
пайдаланады һәм олар орда қауымы алдында жауапты.
Ескерту: тиісті орыннан рұқсат болса, қауым Қазақстан жерінде де
өзінің бөлімдерін ашуға ерікті.
2.
5) Қауымды түзеушілер:
1 - доктор Халел Досмұхамедов.
2 - профессор Александр Жмидт.
3 - Әбубәкір Диваев.
4 - Кәрім Жаленов.
5 - Мағжан Жұмабаев.
6 - Николай Архангельск.
6. Қауымның мүшелері екіге бөлінеді: шын, көмекші. 5-ші бапта
көрсетілгендер қауымның шын мүшелері болып саналады.
7. Қауымның шын мүшелігінде қазақ-қырғыз халқына білім жағынан,
яки мәдени ағарту жолында қызмет көрсеткен адамдар екі шын мүшенің
лайықтауыменен алынады. Шын мүшелік аты басқарманың ұсынуы
бойынша жалпы жиылыстың бекітуіменен беріледі.
8. Көмекші мүшелікке алынатындар қауымның мақсатына ынта
көрсеткен адамдар. Мүшелікке алу тәртібі, екі шын мүшенің лайықтауы
һәм басқарманың бекітуіменен болмақшы. Көмекші мүшенің шын мүше
болуына екі шарт керек. 1) 7-ші бапта көрсетілген тәртіп бойынша. 2)
көмекші мүше болғанына 6 ай уақыт өтуі.
191
9. Таза қырғыз мәдениеті жолында айрықша қызмет сіңірген адамдарға
ардақты мүше деген атақ беруге, қауымның жалпы жиылысы ықтиярлы.
10. Жалпы жиылыстарда көмекші мүшелер кеңесі дауыспен пай-
даланады.
11. Қауымның шын мүшесі болсын, көмекші мүшелері болсын қауым-
ның мақсаттарына пайдасыз болса, яки қауымның атына дақ келетіндей
іс істеген болса, олар қауымның мүшелігінен шығарылады. Шын һәм
көмекші мүшелерді уақытша шығаруга басқарма да ерікті. Бірақ, оның
түпкілікті шығу мәселесі жақын арада болатын қауым мүшелерінің
жалпы жиылысында қаралуға тиіс.
Ескерту: шығарылған мүшелердің басқармаға наразылығын көрсетіп,
жалпы жиылысқа арыз қылуына еркі бар.
12. Ардақты мүшелерден басқа мүшелердің барлығы да, белгілі мез-
гілде, қауымға жарна төлеп тұрады. Жарнаның мөлшері һәм алынатын
мезгілі қауымның жалпы жиылысында белгіленеді.
3.
Қауымның қаражаты
13. қауымға қаражат мына жолдармен жиылады:
а) мүшелер жарнамасынан.
ә) түскен жәрдемдерден.
б) хүкімет мекемелері һәм әлеумет ұйымдарының көмектерінен.
в) баспасөз сатудан, төлеулі дәрістерден һәм түрмен жиналған
түсімдерден.
4.
Қауымның құрылысы
14) іс басқарушылар:
1 қауым мүшелерінің жалпы жиылысы.
2 басқарма.
3 басқарманың бастықтары.
4 тексеру комиссиясы.
15) Жалпы мүшелер жиылысының қарамағында болатын істер:
а) қауымның жолын өзгерту.
ә) ардақты һәм шын мүшелерді бекіту.
б) мүшелік жарнаның мөлшерін һәм төлейтін мезгілін белгілеу.
в) білім, әдеби һәм басқа еңбек үшін берілетін бәйге белгілеу,
бәйгелерді тағайындау.
г) басқармамен тексеру комиссиясының есептерін бекіту.
д) басқармамен тексеру комиссиясын сайлау.
16) Жалпы жиылыстар жылдық, мезгілді һәм төтенше болады.
Жылдық жиылысты басқарма сентябрь айында шақырады. Мезгілді
жиылыстарды, әдеби баяндамалар һәм мәселелер молайғанда немесе
басқарма өз алдындағы мәселелердің жалпы жиналысында тексеріп
192
өтуін тиіс деп тапса, шақырылады. Төтенше жалпы жиылыс не тексеру
комиссиясының тілеуімен, яки шын мүшелердің оннан кем болмаған бір
табының өтінуімен жиылады.
Ескерту: мезгілді жиылыстарда басқарманың төбе ағасы, яки оның
орынбасары төбе ағалық етеді, жылық һәм төтенше жиылыстарда
жиылыстың төбе ағасы жалпы жиылыстың сайлауымен қойылады.
17) Қауымның жолын өзгерту һәм қауымды жабу туралы мәселелерді
қарауға жалпы жиылыстарда қауым мүшелерінің үштен екі есесінің
болуы шарт. Басқа мекемелерді тексеру қауымның Ташкенде тұратын
мүшелерінің жартысы жиналса да, бола бермекші. Жалпы жиылыстарда
мәселелер көпшілік дауыспен шешіледі. Дауыс тең болса, жиылыстың
төбе ағасының қосылған жағының айтқаны қабыл алынады.
18) қауымның ісін жүргізу үшін, жалпы жиылыс қауымының шын
мүшелерінен басқарма мүшелігіне адамдар сайлайды. Олардың ішінен
біреуі басқарма бастығы. Қалған алтауы басқарма мүшесі болады.
19) басқарма жалпы жиылыстың сайлап шығарған қауымының атқару
орны болғандықтан, ешбір сенім белгісін алмай-ақ, һәм орындарда қауым
атынан кезектегі істерді жүргізіп қауымның ісін атқара береді.
20) басқарма өз мүшелері арасынан төбе ағасына орынбасар, хатшы
һәм басқа қызметкерлер сайлап, оларға тиісті жұмыстарын бөліп береді.
21) басқарманың төбе ағасы, орынбасары һәм хатшысы басқарманың
бастықтары болып саналады. Бастықтар басқарманың кезектегі істерін
жүргізіп, жеңіл мәселелерді шешіп тұрады.
22) басқарма мүшелері 3 жылға сайланады. Бірақ, жыл сайын ескі
мүшелерден екеуі шығып, олардың орнына жаңадан екі адам сайланып
отырады.
Ескерту: 1) бірінші басқарманың тұңғыш сайлануынан 1-2 жыл өткен
соң, басқарманың мүшелері мүшелігінен шығарылады.
Ескерту: 2) әр шыққан басқарма мүшесінің қайтадан сайлануы мүмкін.
23) айрықша қиын мәселелерді қарап шешу үшін, басқарма қауым
мүшелерінен уақытша комиссиялар түзеуге ерікті.
24) айында бір реттен, сирек болмау шартымен басқарма өзі керекті
мезгілде басқарманың мәжілісі болып отырады.
Жыл сайын басқарама мен жалпы жиылысын ақша, яки бұйым есебін
тексеру үшін, жалпы жиылыста қауымның мүшелері арасынан тексеру
комиссиясын сайлайды. Басқарманың жылдық есеп-қисабы қаралып, жал-
пы жиылыспен бекітілгеннен кейін, тексеру комиссиясы жаңғырылады.
25) қауым хүкіметтің бұйрығымен яки жалпы жиылыстың қаулысы-
мен ғана жабылады.
26) қауым жабыла қалса, оның барлық мүлкі, негізгі мақсаты
қазақ-қырғыз халқын мәдени ағарту болған бір мекемеге яки ұйымға
тапсырылады. Талаптың осы жолы 1922 жыл 4 декабрьде Түркістан
193
мемлекет білім кеңесі бекітіп тағайындады һәм 822 нөмірімен дәптерге
тіркеді.
1922 жылы 1 декабрьде Талап қауымының бірінші жалпы жиылысы
болып басқармаға мына адамдар сайланды.
Басқарманың төбе ағасы: Халел Досмұхамедұлы.
Басқарманың мүшелері:
Профессор Александр Едуардұлы Шмидт,
Иса Тоқтыбайұлы, Мырзағазы Есполұлы,
Мұхамеджан Тынышпайұлы, Мұхтар Әуезұлы,
Қасым Тыныстанұлы.
Басқарманың тұратын орны Ташкент, Карл Маркс көшесі 41 үй
(қазақ-қырғыз институты), 32 нөмірлі бөлме.
11-ші кеңестер сиезінің халық ағарту комиссариаты баяндамасы
тақырыпты шығарған қаулысы
Халық ағарту комиссариаты баяндамасын тыңдап, 2-ші кеңестер сиезі
Түркістан республикасының қостайды:
1 төңкерістің алғашқы кезде жергілікті халықтар арасында оқу
жұрттарының орасан күшейіп кеткендігі, жергілікті халқының білімге
ықыласты мезгіліне душар келмегендігінен, мәдени күштің һәм
қаражаттың кемдігінен амалсыз тоқтап қалуға тура келді.
2 халық ағарту жұмысы жергілікті халықтар арасында өте нашар
қойылған, ол да болса, мәдени күштің жетімсіздігінен һәм мемлекет
беріп тұратын қаражаттың жоқтығынан, соның үшін жаңа түрде де,
кеңес мектептері өзін-өзі ақтай алмады һәм халықты да қанағаттандыра
алмады.
3 халық ағарту комиссариатының мекемелері балалардың қамқоры
болғандықтан һәм сауатсыздарға да сол көзбен қарағандықтан, халық
қарауына берілген школдар көп болғаны себепті, бәріне бірдей азық-
түлік жеткізіп бере алмай, осы күні еңбекшіл һәм кедей дихандар
балалары оқудан бос қалып отыр. Жоғарғы айтылғандарды еске алып,
сиез мынадай қаулы қылады:
1 істің маңызды һәм орнықты болуы үшін тіршілікке керек нәрселерді
ойға алып, мектеп саңдарын азайту керек, һәм үкіметтің қуатына лайықтап,
тіршілікке ең керекті ғана мекемелерді қалдыру керек. Сөйтіп, халық
ағарту комиссариатына ағарту орындарының санын тағайындау керек,
мемлекеттің 1922-23 жылдардағы қаражатына шағындап, мектептердің
азаюы, көбеюі мемлекеттің шамасына қарай болмақшы
2 өзі шамасы кәсіпшілдер мектептерін қалай да болса, аман сақтап
қалу керек, қызметкерлерінің ақыларын мемлекетке қарату керек, таза
шаруаларын тиісті шаруа мекемелеріне міндетті қылу керек.
194
3 халық ағарту ісіне жұмсалатын мемлекет расходының бекітілген 14
процент аз деп табамыз. Сол үшін Түркістан расходының жалпы саны-
нан 20 процентіне шейін халық ағарту жұмысына жұмсау керек.
4 халық ағарту комиссариатының өзіне тағайындалған мектептерін
дұрыс қарап тұруы үшін һәм іс жүзінде көздеген мақсатына жету
үшін сиез төмендегі нәрселерді лайық табады: жергілікті қаражатқа
лайықталған ақшадан белгілі соманы халық ағарту комиссариатына
арнауды, школдарға арналған мемлекет қаражатына қосымша секілді.
5 ішкі қарыздарға белгіленген ақшаны жергілікті қаражаттың кем-
тігін толықтыру үшін халыққа ағарту комиссариатына шамасын бөліп
беру керек.
6 кеңес мектептерінің аз да болса ілгері басып бара жатқан дәуірі деп
тану керек, ескі мектептердің көбеюіне бөгет болу үшін жаңа жобалы
мектептерді қалай да болса, аман сақтап қалу керек, шаруа жағынан
болсын, азық жағынан болсын, сүйемелдеп оқу жолына шығару керек,
солармен қатар, орта дәрежелі ілім оқыту ісіне лайықты білім жобасын
үйрете беру керек.
7 қала школдарының төлеулі болуын уақытынша барады деп есептеп,
кедей еңбекшіл дихаңдардың балаларын тегін оқытуға жол ашық болсын.
8 Түркістандық халық ағарту жұмысына лайықталған заттың көбеюі
үшін сиез мыналарды өте керек деп табады: әркім өз мектептерін
өздері үстау үшін көңілді салыққа халықты үғындыру керек. Сондай-ақ
мектептерді белгілі қауымның асырап тұруы үшін шарттасу жұмысын
кеңейту керек. Бұл көрсетілген ауыл-қыстақтарда қандай болса,
ұйымдасқан еңбекшілдердің арасында сондай болуға тиіс.
9 жергілікті халықтың тілінде мектеп қызметкерлерін де молайту
үшін тиісті назар салып арттыру керек, алдымен қазіргі институттарды
сүйемелдеу керек.
10 жергілікті халықтың тіліндегі баспасөздер мәдени тіршіліктен
мықты орын алатындығын сезіп, сиез төмендегілерді керек деп табады,
кеңес һәм ортақшылдардың ретті баспасөздердің күшейту үшін һәм
даңқын жаю үшін көздің қиығын сала жүру еді.(жалғасы бар)
Достарыңызбен бөлісу: |