Алаш көсемсөЗІ: тіл мәселесі көптомдық 2 том Қайрат сақ


Тілге шорқақтық халыққа жат



Pdf көрінісі
бет20/38
Дата30.01.2017
өлшемі1,66 Mb.
#3031
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38

Тілге шорқақтық халыққа жат
болғандықтың белгісі емес
Ташкент азаматтарының арасында соңғы кезде көп айтылып жүрген 
сөздердің  бірі:  Қазақ  оқығандары  мен  қалың  қара  бұқара  халықтан 
адасып, оқшау кетіп барады деген.
Мұны айтушы жолдастардың бұл сөзді дәлелдеу үшін айтып жүрген 
дәлелі қазақ оқығандарының қазақ тіліне шорқақтығы. Басқа дәлелі жоқ. 

195
Бар дәлелі осы ғана. Сондықтан, бұл дәлелді тексеріп өту артық болмас 
деп түсінемін.
Орысша оқыған қазақ азаматтарының қазақ тіліне шорқақ екендігі рас. 
Шынын айтқанда, қазақ жігіттерінің ішінде мұнан жаман сорақылар бар. 
Орыс тілін, сарт тілін жақсы біліп, қазақша екі ауыз сөздің басын қосып 
айта  алмайтын  сабаздар  Ташкенде  аз  емес.  Бірақ,  бір  шүкірлік  ететін 
жеріміз, олардың бір жақсы қасиеті, сарт болып кеткен сабаздардың аз да 
болса, қазақ иісі сақталған қазақ азаматтарына әсері жоқ.
Ташкенде жаңа ашылған «Талап» атты жас ұйымның 3-4 жиылысы 
болып өтті. Бұл жиылыстардың бірінде де әлгі сабаздар болған жоқ. «Ақ-
жолдың» өткен сандарының бірінде Тана жолдас бір сыпырасын басын-
дағы  азаматтарды  «Талапты»  менсінбейді,  өнер  білімге  әуестігі  жоқ 
деп  сөгіп  өтті.  «Талапты»  менсінбейді  бұл  қате  айтылған  сөз.  Өйткені 
«Талапты»  менсінбеуші  жолдастардың  «Талаптан»  артық  болуы  керек. 
«Өнер  білімге  әуестігі  жоқ»  сабаздардың  биіктігін,  ондай  көсемдігін 
біз көре алмадық. Олар талапты менсінбейді емес, менсінеді, сөйтседе 
«Талаптың»  жиылысына  келіп  жүруге  қаймығады,  себеп  олар  қазақша 
білмейді. Қазақ азаматтарының ішіне келіп, өздері қазақ азаматтарының 
бірі бола тұрып, қазақша түсінбей отыру аз ұят емес. Қазақша түк біл-
мейтіндерді қойып, қазақша сөйлегенде тоқталып тоқталып, аңыранып, 
тамсанып  сөйлейтін  қазақ  азаматтарын  алсақ,  бұлардың  айыбы  көп 
көрінбейді.  Олардың  қазақ  тіліне  шорқақтығы  қазақтың  өзінің  қазақ 
тіліне шорқақтығынан. Қазақ ішінде тап осы кезде өткен замандағыдай 
алыстан орағытып, тақпақтап сөйлетін ұзын тілді билер жоқ. Қазақтың 
басынан  ерік  кеткелі,  қазақты  тұрмыс  басқаға  телмірткені,  қазақ  ше-
шендері  кемуге  айңалды.  Өйткені  қазақ  ішінде,  қазақтың  тіршілігінде, 
қазақтың  саяси  жолында,  тілге  жүйрік  шешен  билер  тұратын  шарт 
қалған жоқ. Сол уақыттан бастап, қазақ шешендері я сәлделі молдалар, я 
тілмаштар бола бастады. Қазақ шариғат сұрап, молдаға баратын болды, 
я дауласып, жүгініп, сөзімді айтып бер деп тілмашқа жалынатын болды. 
Қазақ тілін кім көркейтсін? Молда мен тілмаш көркейтсін ба? Сондықтан, 
қазақ тілі баюдың орнына азуға айналды. Баспасөз болмаған соң, қазақ 
ақындарының сөзі ауылынан ұзап, алысқа артық жайылмайтын болды. 
Осы кезде Ақтөбе, Қостанай, Ақмола қазақтары сияқты орыспен аралас 
қостас  тұратын  қазақтарды  алса,  орысқа  түсінікті  болуы  үшін,  қазақ 
тілін бұрап, бұзып сөйлеуге тырысады. Қазақ тіліне көп жат сөздер кіріп 
кеткен. Қазақтың ауылына бір жалғыз орыс келсе, орыс қазақша сөйлесем 
екен  демейді,  қазақ  орысша  сөйлесем  екен  дейді.  Орыс-қазақ  аралас 
тұрған жерде, қазақша білетін орыстардан, орысша білетін қазақтар көп: 
мұнан  көрінеді  қазақтың  орыс  тіліне  назары  ауып  кеткендігі.  Ташкент 
төңірегінде  тұратын  қазақтардың  сөзіне  қарағанда,  сартпен  аралас 
тұрған қазақтардың жайында осы секілді болса керек, кілең қазақ болып 

196
біріңғай тұрған жерлерде қазақ тілі тазарақ сақталса ғажап емес: бірақ, 
ондай  жерлердің  қазағының  тілі  де  баюдан  тоқтап,  жат  сөздерді  бірте-
бірте сіңіре бастаған болса керек.
Оқымаған шикі қазақ тілін дұрыс күте алмаған болса, оқыған қазақ 
тілін қалай таза оқымақшы. Оқығандарда басқа ұлттардың әсері болмай 
тұрмайды. Тілге шорқақтық жалғыз оқығандарда емес, қазақ тіліне шор-
қақтық  қазақтың  өзінде  бар.  Оқығандардың  тілге  шорқақтығын  елдің 
тілді  қадірсіз  ұстағандығынан.  Сондықтан,  қазақ  тіліне  шорқақтығына 
қарап,  оқығандарды  халықтан  қол  үзіп,  халыққа  жат  болып  кетті  деу 
бекер.
Қ-И.
Қырғыз-Қазақ мектептері жасалуы керек
Соңғы  уақытта  Кеңес  үкіметі  де,  коммунист  партиясы  да  жұртшы-
лық ұйымдарда халық ағарту істерін сөз қылып, оқу жұмысын күшейту 
шарасына жалпы кірісіп келе жатыр.
Бұрынғы  жалаң  айқай,  жалпы  оқу  өзінің  орнына  оқу  жұмысының 
тұрған  қалыбы  тексеріліп,  оқу  жағынан  жалпы  жұртқа  бүгінгі  керекті 
мұқтаждары анықталып, соған қарап істі жүргізуге қам қылынып жатыр.
Кедейленіп  кеткен  мемлекет  қазынасының  есебіне  барлық  оқу 
ұйымдарын,  түрлі  мектептерді  сақтау  мүмкін  болмағандықтан,  ел  іші 
мектептері  жұрттың  өз  есебіне,  қала  мектептерінің  көбісі  жергілікті 
қазына  есебіне  өткізіліп,  мектептерді  сақтап  қалып,  халық  ағарту 
жұмысын өршітпесе, өшірмейтін шаралардың бәрі істеліп жатыр.
Айрықша артта қалған, халқы жалпы надан, көр бала қалыбында тұр-
ған  Түркістан  республикасы  оқу  жұмысын  көбірек  ескеруі  керек  екені 
анық.
Түркістан  Кеңестерінің  бас  үкіметі  барлық  мемлекет  қазынасының 
5\1 (20 процент) һәм жергілікті қазнасының 3\1 (30 процент) оқу қаража-
тына арнап, қаулы қылып отыр.
Алдымыздағы  февраль  ішінде  «оқу  жетісі»  деген  жүргізіліп,  сол 
жетінің ішінде үкіметтің де, партияның, жұрттың да барлық күшін оқу 
жолына  жұмсалып,  күн  санап  сүйіліп,  азып  бара  жатқан  мектептер 
аяқтандырылмақ;  оқу  жұмысы  орнықты  бір  қалыпқа  жеткізіліп,  ілгері 
басып, үдеуге барлық күш қаражат жұмсалмақ. Күні бұрын мектептерге 
керекті  оқу  құралдары  жіберіліп,  ел  ішінде  үндеу  сөзі  үндеушілер 
жіберіліп,  үкімет  қазынасынан  бастап,  кедейлер  союзының  ішінен  һәм 
жұрт  арасынан  оқу  жұмысына  жалпы  дүние  жәрдемі  жиналмақ.  Оқу 
қазынасы молаймақ, оқу істері күшеймек, ел ішінде мектептерге ең азына 
алты десятинадан егістік, жұрттың көлігі, жұрттың тұқымы, жұршылық 

197
еңбек  пен  мұғалімдердің  пайдалануына  берілмек.  Жергілікті  жұрттың 
мектептерінің  барлығы  салықтардан  һәм  басқа  міндеттерден  босанып, 
белгі басып, үкімет қабыл алса, әскер қызметінен босанбақ.
Тағы оқу жұмысын көтермелеу үшін, оқушылардың күнін жеңілдету 
үшін, мектептерді сақтау үшін, оңдау үшін көп шаралар үкімет жағынан 
белгіленіп, жарыққа шыға бастайын деп тұр.
Түркістан  Кеңестерінің  бас  үкіметі  есептен  тысқары,  оқу  жолына 
жәрдем ретінде, бірден 50000 пұт бидай беріп отыр, тағы дүние жәрдемін 
көп қылмақ. Үкімет бүйтіп отырғанда, халық өз пайдасы үшін, өз мектебі 
үшін  көпшілік  қылып,  жалпы  қимылдап  жіберсе  ақ  түйенің  қарны 
жарылғандай болып, мектептер қаражатқа қарқ болып қалатыны анық.
Ел  ішінде  оқу  істерін  көтермелеу,  мектептерге  жәрдем  беру,  оқу 
жетісін жөндеп өткізу қалай жүргізілуі керек деген мәселені кейінге қоя 
тұрып,  бір  оқу  жұмысының  қырғыз-қазақ  арасында  осы  күнгі  құрған 
қалпына зер салып өтпектеміз. Өйткені, әлгі айтылған жәрдемдестердің 
барлығы барлық мектептерге жәрдем болмақ.
Өзгерістен ілгері қырғыз қазақ жұртының ұлт мектебі болмаған, оқу 
құралдары  болмаған,  мектептерінің  бет  аузы  белгіленбеген  һәм  оны 
белгілеп, оқу істерін бір жөнімен алып барарлық мұғалімдерде болмаған. 
Оқымақшы  болған  қырғыз  қазақ  балалары,  я  Бұқар  мектептеріне,  я 
қазақ мектептеріне, я орыс мектептеріне, кіріп оқыған. Сондықтан, оқып 
шыққандары, я сартша, я татарша, я орысша мойынсұнған қалып алған 
бір  жаңдар  болып,  ұлт  мектебі  жасарлық  керекті  шарттардың  еш  бірі 
болмаған.
Өзгеріс дәуірінде қатардан қалмай, сырттан қарағанда көзге көрінерлік 
көп жұмыстар істелді.
Мұғалімдер даярлайтын курстар ашылды, Ташкентте институт, Алма-
ата  мен  Шымкентте  мұғалімдік  техникумдер  ашылды.  Оқу  құралдары 
көбейіп жатыр, оқу кітаптары басылып жатыр.
Саны  толып  жатқан  мектептер  ашылып,  оқу  қазақша,  қырғызша 
жүргізілді.
Мектептердің  көбейгені  сонша,  бір  замаңдарда  сайлауда  үкіметке 
өте алмай, қара бейнетті аз көріп, қарап жүруге қорыққан тілмаштардың 
барлығына мұғалімдік жетіп артты.
Бірақ  мұның  барлығы  бұрын  болған  һәм  көбісі  кейін  жаңа  шаруа 
саясатының, қазына қаражаты жетімсіздігінің, халық арасы жұртшылығы 
нашарлығының  һәм  әсіресе,  мектеп  деген  аты  болмаса,  мектептердің 
шын  мектеп  болмағандығының  арқасында  жойылып  кетті.  Осы  күнде 
қырғыз қазақ арасында мектеп тіпті жоқ емес, бар бірақ, жолы, белгілі 
жобасы, дайын жөнделіп жасалған сайманы түгел, мұғалімдері жарамды, 
жалғыз  да  мектеп  жоқ.  Мектептерден  сақталғанда,  барар  жер,  басар 
тауы жоқ, 16-19 жылдардағы ашаршылық әлекшіліктердің жемісі жетім 

198
балалар  интернаттары  сақталып  отыр.  Басқа  мектептердің  барлығы 
да  аты  барда  өзі  жоқ,  көбісі  бүгін  бар  болса  ертең  жоқ  тұрғылықсыз 
мектептер.  Бұрынғы  басқа  ұлттар  мектептерінде  оқып  әзірленген  һәм 
өзгеріс  дәуірінде  курстарда  әзірленген  мұғалімдердің,  іске  жарарының 
барлығы мектепті тастап, басқа тіршілікке айланып кетіп отыр. Сөйтіп, 
жұрт  қатары  жұмысын  жөндеп,  мектебін  жәрдемге  алып,  үкімет  жол 
басшылығымен,  халық  ағарту  жұмысына  күш  салмақ  болған  кезінде, 
қырғыз-қазақ жұртының орнықты мектебі жоқ есебінде, жәрдемдерінің 
сүйемелдерлік ауруы да мектептері жоқ есебінде болып отыр.
Мұнан жоқ екен деп, е арзымайды екен деп, жұбата қою шықпайды. 
Мектебі  жоқ  жұрт  қатардағы  жұрт  болып  жасай  алмайды,  мектебі 
жойылған жұрттың, жұртшылығы да жойылмақ.
Сондықтан  қайткенде  де,  қаза-қырғыз  жұртының  ұлт  мектептері 
жасалуы  керек.  Оқу  жалпы  жұртқа  қол  жетерлік  болып,  халық  ағарту 
жұмысы  өршу  үшін,  надандық,  жабайылықты  жою  үшін,  ұлт  мектебі 
жасалу  керек,  саны  көбеюі  керек,  орнықты  болып,  уайымсыз  жасап, 
мектеп жұртшылықтың тірегі, үкіметтің арқа сүйері шын еңбек негізіне 
құрылған кеңес мектебі болуға керек.
Алдымыздағы оқу жетісінде басқа жұрт бәрін көтермелесе, қырғыз-
қазақ жоғын жоқтап, қолға кіргізіп алу керек. Қырғыз-қазақ арасындағы 
оқу істеріне үкімет те осы назармен қарап, осы күнге дейін оқу жолында 
өзгерістен, жөндеп пайдалана алмаған жұртқа айрықша жәрдемдес болу 
керек.
Өзінің орасан кемшілігін жоюға жұрт болып, қатардан қалмай жасауға 
адам болып, ақысына ие болуға өзгеріске кірісіп, үкіметті қолына алып, 
Кеңестерден  тапқан  кемшіліктерден  пайдалануына  негізгі  тірек,  шын 
құрал оқу жұмысы, мектеп екенін жұрт түсінуі тиіс.
Т.Қ
КПТ-ның барлық облыстық һәм уез 
қалалық комитеттеріне
Жергілікті  тілдерде  һәм  Еуропа  тілінде  шығып  тұрған  газеталарды 
алдырып тұру туралы. Газеталар жұмысы нақ осы күні жақсы қойылған 
емес. Газеталар жақсы тарқалып, кенттен шетте отырған кісілерге барып 
тұрмайды.  Сондықтан,  газеталарымыздың  тираждары  өте  аз.  Әсіресе, 
көп  таралмай  келмек  те.  Халі  нашар  болып  келе  жатқаңдар  жергілікті 
тілдерде шығып тұрған газеталар.
Мәселен:  «Ақ  жол»,  «Түркістан»  газеталары  партиядағы  жергілік-
ті  азаматтар  араларында  көп  таралмай  жатыр.  Партия  комитеттері 
һәм  партияда  болған  жергілікті  азаматтар  газета  алдырып  тұруы  көп 

199
аса  міндетті  жұмыстарынан  танымайды.  Бұлай  болғандығы,  оларға 
айтарымыз әлі де болса, бос саңдар, кезекті мәселеге суық қарайсың-
дар  дейміз.  Қыстаққа  һәм  ауылдарға  газеталар,  әсіресе  «Түркістан» 
бармайды.
Осындай көрнекті кемдіктердің болып тұрғандығынан газеталар де-
ген мақсатына жете алмай, мемлекет тарапынан қаншама жәрдем бері-
ліп тұрса да, оларды керегіне жеткізе алмай, қалт-құлт етіп күн көруде. 
Өйткені, елден оқушылар кем, жәрдем жоқ.
Елден  оқушылар  болмағандықтан,  һәм  елдің  хабарын  төтеннен  жа-
зып  тұратындардың  тағы  да  болмағандығынан,  газетаның  маңызы  да 
азайды, ойдағыдай болып шығып тұрмайды.
Қандай  болса  да  ондай  болсын,  мейлі,  менің  жұмысым  жоқ  деп 
осы  уақытқа  дейін  келген  партия  мүшелерінің,  партия  комитеттерінің 
көрнекті жалқаулығын жою керек.
Партия кезекті жұмыстарында кезекті үгіт, насихаттар жүргізу үшін, 
халықпен өте байланысты болуы үшін партияға, партия қызметкерлері-
нің  ең  керекті  құралы  газеталар.  Әсіресе,  Түркістан  халықтарының  өз 
тілдерінде  шығып  тұрған.  Сондықтан,  Түркістан  коммунистер  партия-
сының комитеті жарлық етті:
Барлық  партия  комитеттері  һәм  қыстақтық,  ауылдық  партия  ячей-
келері,  һәм  жергілікті  азаматтардан  партияда  болғаңдары  газеталар 
жаздырып алып отырсын. Әр қайсысы жеке-жеке жаздырып, я топтасып 
жаздырып алуға ерікті. Бірақ алулары керек.
Партия  комитеттері  партия  заңын  қолданып,  әр  қыстақтық  ячейке-
лерге  «сіздер  топтасып  мұнша  сан  газета  алдыруға  міндеттісің»  деп 
тақсымдап, бөліп беруі керек. һәм ауылдық ячейкелерге де бөліп беруі 
керек.  Бәрінен  өткен  пұлдарын  облыстық  бөлім  аймақтық  бөлімге 
жібереді.
Партия  комитеттері  кезекті  жарлықтарында  һәм  басқа  ретте  қай 
ячейке нақ осы туралы жұмыс қылғанын білдіріп отыруы керек. Жөнді 
іс  істеменге  нұсқау  беріп,  жол  көрсетіп  отырсын.  Осы  іске  жергілікті 
жердегі  болыстық,  ауылдық  атқару  комиттетердің  бастықтары,  һәм 
ақсақалдарды  жегу  керек.  Осы  сияқты  істерді  Еуропа  тілдерінде  шы-
ғып  тұрған  газеталар  үшін  де  істеу  керек.  «Түрік  правда»-ға  жәрдем 
беру ләзім. Партия мүшелері партияда еместердің де газета алдырудың 
әрекетінде болсын. Осы жұмыстарды тездікпен орындау керек.
ЦК партияның жауапкер хатшысы: Энштейн.
Үгіт, насихат бөлім бастығы: Сихер.

200
Ақаңның юбилейі туралы
«Ақ жолдың» осы санында Ахмет Байтұрсыновтың 50 жасқа толған 
тойына арналып, мақала басылып отыр. Қырғыз-қазақ баласында 50 түгіл 
60-қа да, онан да көп жастарға жеткен жасы үлкендер жатқанмен, ішінен 
еленіп, Ақаңның еске алынып отырғандығында үлкен айырмашылық бар.
Қазақ халық болғаннан бері өз бетінше ой-күйімен дәуір сүрген. Көбі 
болмай,  қоңсы  халықтармен  қол  астында  кезекпен  қарай-қарай  келіп, 
бастаған хаңдарының өз ара келісе алмаған кесірінен, орысқа бағынып, 
300 жылдай үзілместен келген Романовтар үкіметінің зұлым саясатының 
кесірінен жері мен салтынан, тілінен айырылуға айналып бара жатқанын 
алдымен сезіп, оянған Ақаң еді.
Орысқа  жақындасып,  Еуропа  тәрбиесін  алған  қазақ  оқығаңдары  өз 
халқына  қарамай  жатқандығын  жеңіл  көріп,  шын  қорқытып,  кеңсеге 
кіріп,  хүкіметке  жағынып,  адам  атанып  жүргенде,  оқудан  шығысымен 
қырдағы  қалың  қазақтың  ішіне  барып,  бар  білгенін  қазақ  балаларына 
үйретуге ынта қылып, қазақтың қара тілін сақтап, қайта түзей беруге қам 
қылған Ақаң еді.
Ақаң  ұлт  матбұғатының  көзін  ашпағанда,  ескі  елдігімізден  ерініп, 
қоңсы  кент  «ағайындардың»  біріне  табынып,  табиғи  таңбадан  атанып 
кететін  едік.  Қазақтың  дыбысына,  сөзіне  арнап,  әліппе  шығарып,  тіл 
һәм оқу құралдарын шығарып, қазақтың жалпақ тілін қаламға үйреткен 
Ақаң еді. Ұлт ісі дегенді ескерген адам болмай, қазақ қиыншылыққа кез 
болғанда, бостандыққа жол көрсеткен Ақаң еді.
Ақаң шығарып тұрған «Қазақ» газетінің қазақтың тілегіне дұрыстап, 
тілін,  жазуын  жөндеп  кеткенін  күндеп,  тіл  бұлінді  деп,  түрткісіне 
төзіп,  сол  үшін,  рулы  елдің  орнына  тайфун  ұясы  болса  да  өз  мойнына 
арқалаған, ұлттың игілігі үшін ол кездегі аюдай анталағаңдардың азуы-
нан айбынбаған.
«Мен  мейман  бір  бөлмеде  жатыр  десек,  өтпеймін  тамағыңнан  әуре 
болма»  деп,  қазақты  қомсынғандардың  қолтығын  керген  Ақаң  еді. 
Ақаңның әр жасының қазақтың көңіліне қуаныш кіргізетіндігі Ақаңның 
50 жасқа келгендігіне той істеткізбейтұғындар осылар.
Аразды  ұлттар  Ақаңдай  адамдарының  туған  күндерін,  көп  жасаған 
қуаныштарын,  бұл  сықылды  газетке  жазған  бірлі-жарымды  мақаламен 
білдірмей, жер-жерде жасалған үлкен сыйлармен өткереді.
Ақаңның 50 жасқа толғанын түрлі қазақтың көп жері білмегендіктен 
көңілдегідей болмай өтіп отыр. Олай болуға себепкер болған, Ақаңның 
тұрған  жері  Орынбордағы  қазақ  азаматтарының  жер-жерді  күні  ілгері 
құлақтандыра  алмағандығы.  Тойдың  болатұғын  күнін  бұрын  сөйлесіп 
қойғанда,  Ақаңның  атын  білген  екі  республикадағы  қазақ  өмірде  есте 
қаларлық  қылып,  бірге  тойлайтұғын  еді.  Ақаңның  халыққа  қылған 

201
қызметтерін  көрсетіп,  тәржімә  хәлін  айтып,  туған  күніне  арнап  кітап 
шығару қажет еді. Осы айтылғандар Ташкенттегі «Талап» басқармасының 
ойында  бар  еді.  Сондықтан,  бұл  тойды  тегіс  дайындалып  алған  соң, 
жайырақ  істелсе  деп,  ұйғарылып  еді.  Орынбор  азаматтарының  кеш 
қабыл алып қалғандығынан, көңілге алғаңдар істелмей отыр. Тойды тек 
телеграммамен  құттықтауға  мұршамыз  келді.  Құттықтап,  телеграмм 
бергендер: «Ақ жол», «Шолпан» басқармалары. Түркістан халық ағарту 
комиссарлығы,  қазақ-қырғыз  білім  комиссиясы,  «Талап»  ұйымы  һәм 
қазақ студенттері.
Қазақ-қырғыз студенттері жеке телеграмм берді.
Басқарма.
Ақаңның 50 жылдық тойы (юбилейі)
Қазақ жұртының өткен күндеріне көз салғанда, оқыған азаматтары-
ның артынан ерген күндері аз да болса, мағыналырақ, тәуір күндерінің 
бірі  деп  саналады.  Сол  оқыған  азаматтың  тұңғышы,  алғашқы  шыққан 
көсемі болған Ақаңа арналған тұңғыш той. Ой ойлаған қазақ баласының 
жүрегіне жылы тиетін қуанышты істің бірі. Әркімнің қалқыған жырмен 
оятып, өткен күндерін есіне түсіретін көп істің ішіндегі істің ірісі.
Ақаңның майданға алғаш жыры шығып, әдебиет, саясат жолында жол 
бастаған күндері бәріміздің де есімізде, кешегі күні оқушы болып, соның 
тәрбиесінде  жүрген  күндерімізді  көз  алдымызға  елестетеді.  Ақаңның 
қазақ  оқушысының  ойы  мен  пікірін  тәрбиелеген  заманынан  бір  ай 
ұзағанымыз жоқ. Кешегі күндерге шейін, бәріміз де жетегінде келгенбіз.
Қаламнан туған өсиеті, үлгісі әлі есімізден кеткен жоқ.
Патша  заманындағы  хүкімет  ауыр  зорлыққа  қарсы  салған  ұраны, 
ойымызға сіңірген пікірі, әлі күнге үйреніп қалған бесігіміздей, көзімізге 
жылы  ұшырайды.  Құлағымызға  жайлы  тиеді.  «Қазақ»  газетінің  сүтін 
еміп өскен бір буын осы күнде пікір білім жолында бұғанасы бекіп, іс 
майданына шығып отырса, кейінгі жас буын Ақаң салған өрнекті біліп, 
Ақаң ашқан мектепті оқып шыққалы, табалдырығынан жаңа аттап, ішіне 
жаңа  кіріп  жатыр.  Ақаңның  бұл  істеген  қызметі  қазақтың  ұзынырға 
тарихымен  жалғасып  кететін  қызмет.  Істеген  ісімен  өзіне  орнатқан 
ескерткіші, мәңгілік ескерткіш.
Қазақ жастарының ардақты тәрбиешісі Ақаң сөйлегенде, менің есіме 
«Қазақ» газетінің әуендері түседі. Біз ол күнде мектеп ішінде жүрген бала 
едік. Бірақ, патша саясаты темір бұғаудай, мойынға батып, қазақ жұртын 
әлсіретіп,  «кедейді  шалапқа  мас  қылып,  байды  қымызға  мас  қылып», 
елдігін  жоғалтып  бара  жатқанын,  тұманды  оймен  сезуші  едік.  Көмескі 
жауы қазақтың бесіктегі баласының көзіне де елестегендей еді.

202
Сол уақыттарда «Қазақ» газетінің бетінен анда-санда оқып отырған 
әсерлі  анық  сөздер,  қауіптің  пішінің  айқын  қылып  көрсетіп,  мекептегі 
жас  балалардың  сезімін  түзу  жолға  беттеткендей  болушы  еді.  Жас 
буынның  жаңа  туып  келе  жатқан  әлсіз  ойын  «жол  мұндалап»  жетегіне 
алып бара жатқандығы байқалушы еді. Мектептегі сабағын оқымайтын 
бала «Қазақ» газетін көрген жерде қадалып тұрып қалатын. Бөтен қалада 
қыр ісіне түсіп, елін ойлап жүрген балаға «Қазақ» газеті ауылынан келген 
сәлемдемедей  болатын.  Ел  басына  келген  бәленің  атын  білмей,  түсін 
танымаса да, елі мінген еспесі жоқ қайықты теңіздің ішінде жылжытып 
бара жатқан жел мен қүйынның бар екенін, оқып жүрген бала да сезетұғын. 
Қазақтың  еңкейген  кәрі,  еңбектеген  жасына  түгелімен  ой  түсіріп,  өлім 
ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын 
желіндей, жер ширықтырған, етек жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болған. 
Ол газеттің жаны кім еді? Ішіндегі қажымайтын қайрат, кемімейтін екпін 
кімнің екпіні еді? Ол екпін: ұйықтаған қазақты айқайлатып оятуға заман 
ерік бермеген соң, маса болып, қалай ызыңдап оятамын деп, ұзақ бейнет-
ті мойнына міндет қылып алған Ақаңның екпіні болатын.
«Қазақ» газетінің сол заманнан бері қарай талай өмір өткен сияқты. 
Бұл  уақыттың  жылдай,  саусақпен  санағандай,  аз  жыл  болса  да,  болып 
өткен  оқиғаларына  қарағанда,  көп  заманға  жауап  ұратын  толқынды 
заманның бірі.
Өзге дүниеде болып жатқан ұлы өзгерісті қоя тұрып, қазақтың өзін 
алғанда,  әлі  де  неше  тарихшыға  ермек  болатын  тарихи  оқиғалар  өтіп 
жатыр.  Бұрынғы  уақытта  қазақ  баласының  есіне  келмеген,  мағынасы 
үлкен уақиғаның бірі, қазіргі жасалып отырған Ақаңның 50 жылдығы.
Саясат талқысына түсіп, ойы ашылған, мәдениет жолында аз да болса, 
ілгері басып, беті ашылған қазақ жұрты, бұрынғы ауыр күнде басшысы 
болған  азаматының  атын  құрметпенен  атағысы  келеді.  Еркін  ойды 
ойлатпай, ауыздан шыққан сөзді баққан патша заманында, қазақ жұрты 
қайрат қылған еріне арнаулы сөзін айта алмаса, бүгінгі күнде азаматы 50 
жасқа келіп сақал, шашы ағарған күнде, кезекті сөзін айта алады.
Ақаңның атын қазақ баласының естімегені аз шығар. Бірақ, Ақаңды 
туғызған елі жалаң атын естіп қоймай, басынан кешірген өмірін білуге 
де ынтық болғандықтан, білгенімізше бала күннен бергі өмірін қысқаша 
қылып айтып өтпекшіміз.
Ақаң  1873  жылы  Торғай  үйезінде  Тосын  болысында  туған.  Сүйегі 
Арғын,  оның  ішінде  Үмбетей  болады.  Бергідегі  аталары  Шошақ, 
Түбек. Ақаң Шошақтың немересі, өз әкесінің аты Байтұрсын. Ақаңның 
туып  өскен  ауылы,  қыр  қазағының  ұғымынша,  ол  кездегі  Үмбетейдегі 
іргелі  аталы  ауылдың  бірі  болған.  Оның  үстіне  белгілі  батырдың 
тұқымы  болғандықтан,  Ақаңның  жақындарының  ішінен  батырлықты, 
мықтылықты салт қылған ірі мінезді адамдар көбірек шыққан.

203
Ақаңның  әкесі  Байтұрсын  баласын  өзге  ағайындары  түскен  жолға 
түсірмей  өнер,  білім  үйретбекші  болып,  жас  күнін  де  Торғайдағы  екі 
сыныптық  орыс-қазақ  школына  берген.  Сол  школда  оқып  жүріп,  13-
ке  келгенде,  әкесі  Байтұрсын  хүкімет  алдында  «жазықты»  кісі  болып, 
Сібірге айдалып кеткен.
Мұның  себебі,  Тосын  болысының  сайлауына  шыққан  Торғайдың 
Торғай  үйезі  начальнигі  «Кәрі  ояз»  (Яковлев)  Үмбетейге  бұрыннан 
көптігін  көрсетіп,  зорлық  қылып  жүрген  Дәуітбай  тобына  болысып, 
соның  сөзін  қостап,  бұларға  қиянат  қылғандықтан,  Байтұрсын  Кәрі 
оязды  сабап,  басын  жарған.  Байтұрсынның  айдалған  себебі  осы.  Бұл 
оқиға Ақаңның соңғы кездегі «Анама хат» деген өлеңінде бала күніндегі 
жүрегіне қандай әсер бергендігін көрсетеді.
Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам
- дегені сол күндегі әкесі көрген бейнеттен қалған белгісі.
Торғайда  алғашқы  түскен  школын  жастай  бітірген  соң,  тағы  ілгері 
оқуды  талап  қылып,  Ахмет  Орынбордағы  учительдік  школына  түскен. 
Әуелгі  школында  да  һәм  соңғы  Орынбор  школында  да,  сабақтас 
балаларының  ішінде  алды  болып,  сабақты  жақсы  оқыған.  Учительдік 
школды 4 жыл оқып, 19-ға келгенде, 1892 жылы оны бітірген. Ақаңның 
тәртіпті мектептен алған барлық оқуы осы. Оқу бітірген соң, әуелде мақсат 
қылған жолмен ел ортасына барып, қазақ балаларын оқытпақ ниетімен, 
Ақтөбе  үйезі  Батпақты  болысындағы  Ахметкерей  Қопсыбақовтардың 
ауылынай  школға  барып,  оқытушы  болған.  Мұнда  біраз  уақыт  болған 
соң,  Қостанай  үйезінде  Әулие  көл  деген  жерде  болыстық  школында 
екінші  рет  оқытушы  болған.  Әулие  көлден  үшінші  рет  ауысып  барған 
школы  Қостанай  қаласының  үйездік  екі  сыныптық  орыс-қазақ  школы. 
Бұл айтылған үш школда неше жылдап тұрғаны бізге белгісіз. Жиыны 
үшеуінде 4 жыл тұрып, 1896 жылы Омбыда Ақмола, Семей школдарын 
басқарып тұрған Алекторовпен хабарласып, Омбыға барған.
Ақаңның  Қостанайдан  кетуіндегі  себептерінің  көбі  бізге  белгісіз. 
Кетуінің  бір  себебі,  қазақтың  басқа  жерлердегі  хал-жайын  көруі  болса 
керек.  Омбыға  барып,  Алекторовпен  көрісуі  Ақаңның  кейінгі  күндері 
адамшылығы мен ісіне екі түрлі әсер берген. Біреуі Алекторовтың қазақ 
турасындағы  отаршылдық  саясатының  басын  біліп,  көздеп  жүрген 
мақсатын сезген болар. Атақты Ильминскийдің жолымен қазақтың көзін 
ашу үшін, осы оқу керек деген саясатты ұсынып жүргендігін сөздерімен 
білдірген.  Алекторовтың  ниетімен  жақын  келіп  танысқан  соң,  Ахмет 
қазақ халқының халінің ауырлығын ұғып, ел турасындағы түкпірлі ойы 
сол кезде ояна бастанған.
Алекторовпен танысудың екінші әсері Ақаңның жолы ашылып, пікірі 
ашылып, бұрынғы білім, өнер жүзіндегі шала бүлініп, көмесілеу түсініп 

204
жүрген  нәрселерін  таза  білуіне  себеп  болған.  Омбыдан  соң,  аз  уақыт 
тұрған  жері  Қарқаралы.  Онда  1896  жылдан  бастап  1907  жылға  дейін 
тұрған.  Қарқаралыда  әуелде  сыныптық  орыс-қазақ  школында  болып, 
артынан городской училищесінің оқытушысы болған.
Қарақаралыда  тұрғандағы  соңғы  4  жыл  Ақаңның  саясат  іс  ісіне 
белсеніп кірісіп, жазуымен де, ісімен де бой көрсеткен кезі. Сол мезгілде 
1905  жылдың  өзгерісі  болған.  Қазақтың  Мәскеуден  келген  бірен-саран 
студенті,  басқа  қалаларда  оқып  жүрген  жастары  һәм  ескіліктен  келе 
жатқан пікірі түзу үлкендерінің арасына өзгеріс рухы жайылып, қазақтың 
елдігін сөйлей бастаған кездері сол мезгіл болатын.
1905 жылы Қарқаралыда Ақаңмен басқа біраз оқығаңдар бас қосып, 
тілдік хүкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілек) жіберілген. 
Ол  петицияда  аталған  үлкен  сөздер:  1)  Жер  мәселесі.  Қазақтың  жерін 
алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. 2) Қазақ жұртына 
земство  сұраған.  3)  Отаршылдардан  орыс  қылмақ  саясатынан  құтылу 
үшін,  ол  күннің  құралы  барлық  мұсылман  қосылуына  болғандықтан, 
қазақ  жұртын  муфтиге  қарату  сұраған.  Петициядағы  тілек  қылған  ірі 
мәселелер осы. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мәселесі 
осылар  болғандықтан,  Ақаңның  бастаған  іске  қыр  қазағының  тілеулес 
кісілері көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған.
Сол жылдардан кейін бас қосқан жиында, жазысқан хатта, оңашада 
болған әңгімеде ел қамы, ел мұңы деген сөздер Ақаңның аузынан кетпей-
тін сөз болған. Елшілдік ұранын салып, агитацияның ауданын кеңейтіп, 
ел ішіне арманды сөздерін жая бастаған. Сол жылдардың ішінде белгілі 
«Қырық  мысал»  жазылған.  Қалың  қазақ  жұртының  алғашқы  естіген 
төңкеріс рухындағы сөз «Қырық мысал» болатын. Бұдан кейін Ақаңның 
атағы  жайылып,  елдің  шын  қамқоры  екендігі  екінің  біріне  мәлім  бола 
бастаған. Бірақ, сол кезде төңкерістің күні бітіп, патшаның жауыз хүкіметі 
қайта күшейіп, елшілдерге қуғын жасап, қысымшылық жасайтын қанды 
күндер қайта туған. Қазақ ежелден елді ұмытып, адамшылық қарызын 
шенді-шекпенге сатқан, құзғын сияқты өзімшіл, надан болыстары бірең-
сараңдап  бас  көтерген.  Қараңғы  үйде  бейнәт  қылған  сабаздарға  жем 
айыратын  жер  табылған.  Олар  «Қырық  мысалдың»  өлеңдерін  перевод 
қылып,  1905  жылдары  петиция  берген  адамның  бәрінің  атын  жиып, 
үстерінен белгілі даностарын жүргізе бастаған. Бұлардың бейнеті көпке 
созылмай-ақ,  аз  күнде  еңбегі  жанған.  Қазақтың  өзгеріс  уақытында 
түзелуді  ойлап,  тура  бетпен  жүрген  азаматтарының  бәрі  де  хүкіметтің 
қырын қабағына ілініп, абақтыға түсе бастаған.
Сол доностың арқасында 1907 жылы Қарқаралы қаласында Ақаңды 
алты  жолдасымен  абақтыға  салған.  Қарқаралы  тұтқынында  аз  уақыт 
отырған соң, жазалыларды Семейге айдаған. 12 жыл өмірін өткізіп, еңбегі 
жанбай,  айдалып  бара  жатқанда,  Ақаңның  қайғылы  көңілінен  шыққан 
ауыр сөзінің бірі:

205
Хош сау бол, Қарқаралы жуылмаған,
Айдай бер, қалса адамың қуылмаған –
деген  өлеңінен  анық  көрінеді.  Семейде  8  ай  абақтыда  отырған  соң, 
бір  жарым  жылға  айдалу  ретінде  Орынборға  келген.  Орынборда  сол 
тұрған жылдарында әуелгі ниет қылған бетінен тайынбай, бұрынғыдан 
ашығырақ,  күштірек  түрімен  «Масаны»  жазған.  Қазақ  оқушысына 
естілген екінші елшілдік ұраны «Маса» болатын.
Бұл  кітабы  шыққан  кезде  Уфадағы  «Ғалияда»  оқып  жүрген  қазақ 
шәкірттері тырбанып, талап қылып, қазақша газет шығармақшы болған. 
Керекті  қаржыны  елден  жиып,  өз  орталарынан  бастырушы  қылып 
Мұстафа Оразаевты, газеттеріне шығарушы болуға Ақаңды белгілеген.
Қазақтың ол кездегі ерте оянған тобының бірі «Ғалия» шәкірттері еді. 
Солардың  талабымен,  кейінгі  уақытта  атақты  болған  «Қазақ»  газетіне 
алғашқы  негіз  салынған.  Ақаң  шығарушы  болып,  «Ғалия»  шәкірттері 
көмекші  жазушылары  болып,  Орынбордағы  орыс  школында  оқып 
жүрген  барлық  қазақ  баласы  басқарманың  қара  жұмысшылары  болып, 
көптеп-көмектеп алғашқы саңдарын шығара бастады. Артынан «Қазақ» 
нығайып, өзін-өзі алып жүріп кетті.
Он жетіншінің төңкерісіне дейін Ақаңның уақыты «Қазақ» газетімен 
бірге өтті. Бұнда да қазақтың сатылған тілмаштары жасаған доностары 
аз болған жоқ. Әлденеше рет «Қазақты» жаппақ болған, штраф төлеткен, 
Ақаңды  абақтыға  салмақ  болған  күндер  бізге  белгілі.  Бірақ,  Ақаңның 
денсаулығын  ойлап,  хәлін  ұққан  жолдастары  абақтыға  жатқызған  жоқ. 
Үкіметтің тілеген штрафын беріп босатып алды.
1917 жылдың төңкерісінен бері Ақаңның істеп жүрген қызметі, жазып 
жүрген  кітаптары,  жұрттың  көбіне  белгілі  болғандықтан,  одан  бергі 
жайларын көп жазбақшы емеспін.
Осы күнде Ақаң Орынборда.
Басынан кешкен толқынды күндер сақал шашына ерте күннен-ақ ақ 
кіргізіп, бетіне әжім түсірсе де, әзірше дені сау, жас күнінен көңілі сүйген 
қызметі  болғандықтан,  Орынбордағы  қазақ  институтының  һәм  басқа 
қазақ  баласы  оқыған  мектептердің  оқытушысы  болып  жүр.  Мектептен 
босаған уақытта қазақ мектептеріне керекті кітаптар жазады.
Бұрынғы  оқушыларға  белгілі  «Тіл  құралы»,  «Оқу  құралдарынан» 
басқа, соңғы жылдарда «Әліппе астарын» һәм қазақша жазған, бұл соңғы 
кітабы  осы  күнде  Орынборда  басылып  жатыр.  Жаңадан  алған  хабарға 
қарағанда, былтырдан жазып жүрген «Мәдениет тарихы» деген кітабын 
осы күнде бітіріпті. Жақында ол да басылып шықса керек. Ақаң соңғы 
жылдардағы уақытының бәрін қазақтың мектебіне сарп қылып, істеген 
ісі  де,  жазған  жазуы  да  жалғыз  соған  арналған.  Сондықтан,  бұрынғы 
уақыттағы  жас  буынның  әлсіз  ойын  тербеткен,  жүрекке  жылы,  тәтті 
өлеңдерін соңғы жылдарда есіте алмай жүрміз.

206
Бірақ, Ақаңның бұрынғы айтқан сөзін әлі қазақ баласы ұмытқан жоқ, 
өлеңіндегі белгілі сарын әлі ұмытылған жоқ. Әлі күнге қазақ даласының 
күшті сарыны болып, Арқаның қоңыр желімен бірге есіп шалқып жатыр. 
Бұдан он-он бес жыл бұрын:
Алаштың үмбетінің бәрі мәлім,
Кім қалды таразыда тартылмаған, -
деп Ақаң айтса, біз де осы күнде соны айтамыз. Айналып келіп таразыға 
тартылған, сыннан өткен деп, Ақаңның ғана ардақты атын айтамыз. Одан 
басқа жалпақ елдің сынына толып, мейірін қаңдырған кісілер санаулы.
Ақаң  ашқан  қазақ  мектебі,  Ақаң  түрлеген  ана  тілі,  Ақаң  салған 
елшілдік ұран «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы 
қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім саясат жолындағы 
қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын.
Оны жұрттың бәрі де біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды.
Сондықтан, 50 жылдық тойын істеп отырған қуанышты күнде Ақаңа 
біздің  айтатын  сөзіміз:  Ақаң-еңбегі  жанған  жанның  бірі.  Істеген  ісінің 
жемісі-артынан келе жатқан жастар. Оның арты Ақаң мектебіне тізіліп 
кіріп  жатқан  жас  буын.  Жаңа  өсіп  келе  жатқан  қазақ  әдебиеті  Ақаңды 
өзінің басшысы деп санайды.
Қаламынан тамған бал ем болудан айнымайды. Әліде болса, өмірінің 
ұзақ болып, еңбегінің өнімді болуын тілеуден қазақ баласы қайтпайды.
Мұхтар Әуезов.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет