Алаш көсемсөЗІ: тіл мәселесі көптомдық 2 том Қайрат сақ


Оқу жұмыстары жұртшылықтан туып



Pdf көрінісі
бет21/38
Дата30.01.2017
өлшемі1,66 Mb.
#3031
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38

Оқу жұмыстары жұртшылықтан туып
жұртшылыққа құрал болуы тиіс
Алдымыздағы осы феварльдің 15-де оқу жетісі басталмақ. Сол жетінің 
ішінде Түркістан мемлекетінде халық ағарту жұмысы қолға алынып һәм 
оның мұнан бұлай алаңсыз уайымсыз ілгері басып кетуіне жол салсақ, 
бұл  жеті  хүкімет  кеңселерінің,  әлеумет  ұйымдарының  және  жалпы 
жұрттың  да  назарын  оқу  жұмысына  салып,  халық  ағарту  майданына 
күш  аударуға  бас  болмақ.  Бұл  жетілік  жаңадан  халық  ағарту  жөнін 
іздеп,  мектептерді  қандай  қылып  жасаймыз  деп,  кеңесу  үшін  істеліп 
отырған  жоқ.  Халық  ағарту  жұмысының  қаражат  жағынан  кемшілігін 
жою  үшін,  бұрын  салынған  жолдардың  ашылған  мектептердің  салық 
алдында ықтиярын күшейту үшін істеліп отыр. Бұл айтылғандар халық 
ағарту жұмысы бұрыннан бастаулы оқу үйлері, мектептері бар жұрттарға 
дұрыс келеді. Қырғыз-қазақ арасынан басқа һәм ауылда істелмесе, бұл 
айтылғандардың  іске  асатын,  жұмсалатын  өзі  болмай  қалатын,  мектеп 
салу жөніндегі міндеттер көлденең тұр.

207
Екінші  түрде  айтқанда,  қырғыз-қазақтың  алдында  тұрғандар  бар. 
Мектептерге  жәрдем  ғана  жию  емес,  көбейтіп,  керегіне  мектеп  ашып, 
мектептердің жол-жобасын дайындап, қырғыз-қазақ жұртында осындай 
бар деп айтарлық әрі орнаған бір мектеп жоқ деп, қоймай естіп келеміз.
Ояздық  жерлерде  қалқайып,  қырғыз-қазақ  мектебі  аталып  тұрған  оқу 
орындары көп болса да, дұрыс бір мектебі жоқ. Мектеп керек дегеннен 
тана алмаймыз.
Мектеп  деген  жалпы  жұрттың  керек  қылуымен,  көпшіліктің  жалпы 
халіне  керекті  түрде,  жұртшылықтың  жалпы  талабының  екпіні  болуы 
керек. Мектепте оқу жұмысы, тіршілік шарқы шаруа талабының қамына 
лайық  болуы  керек.  Мектептің  негізі  бастауыш  мектеп  ана  тілінде 
оқытылуы керек һәм тәрбие жолының түрлі әдістері ана тілінде түсінікті 
түрде іске асырылуы керек.
һәм  бұл  айтылғандар  іске  асу  үшін  жарамды,  міндетін  білетін 
мұғалімдер  керек,  жеткілікті  оқу  құралдары,  тәрбие  аспаптары  керек. 
Осы айтылғандар бар болғанда ғана, мектеп бар деуге болады. Қырғыз-
қазақ арасында бұл айтылғаңдар түгел жоқ.
Сондықтан,  мектеп  деп  жүргеніміз  басқаларға  еліктеп,  бізде  де  бар 
деп көңіл жұбатуға ашылған құр орындар. Әлі жұрттың шаруа талабы 
анықталып, тұрмыс түрі орныққан жоқ. Жұртшылық жоқ, жұртшылық-
тың қажеті айқындалған жоқ, мектеп жоқ һәм ауыл мектебі болуға жұрт 
жатыққан жоқ. Сондықтан, оқу жұмысында жүргендер де, жұрт атынан 
сөйлеуші жұрт адамымыз дегендер де, оқу туралы әркім ойына келгенін 
айтып жүр.
Біреулер  ұлт  мектебі  керек  дейді,  біреулер  орыс  тілінде  оқытатын 
мектеп керек дейді. Біреулер ешнәрсе деп үн шығармастан, сарт тілінде 
мектеп  ашып,  «шондақ»  деп  іс  білдіріп  жатыр.  Барлығына  көніп, 
барлығының тәртібіне төтеп беріп, жетегіне желе басып еріп, өз талабы 
жоқ болса да, онысын әлі анық сезіп жеткен жұрт жоқ.
Көбінесе  оқу  туралы  ойлаушылардың,  сөйлеушілердің  осы  күнде 
айнала айтып жоқтайтыны, ескі қалып болып бара атыр. Орысша мұсыл-
манша  мектептерді  қайта  ашу,  орыс  тілінде  оқытуға  қайта  түсу  керек. 
Бұрынғымыздан  айырылып  қалдық  деген  сөзді  екінің  бірінен  естиміз. 
Қырғыз-қазақта орысша оқығандар көбірек, орыс тілінде оқытатын орыс 
мектептері  бір  заманда  жұрттың  оқуы  керек  қылған  талабының  барып 
тұрғаны болған. Бір ай орысша оқығандар қанша көп болса да, жұрт емес 
һәм орыс тілін керек қылған заман сазы, ел билеу қажеті болған жалпы 
жұрттың  талабы  емес  һәм  осы  күнге  дейін  анықталмаған.  Ол  күнде 
ұстағанның  қолында,  тістегеннің  аузында  жүрген  қырғыз-қазақ  жұрты 
тілмаштардың жетегінде сөз бұйда болып, әуреленген, патша хүкіметіне 
тілмаш  керек  болған.  Ел  билеу  үшін  тілмаштарға  орысша  білу  керек. 
Шен  алу  үшін,  мал  табу  үшін,  басқа  түк  талап  болмаған.  Сондықтан, 

208
оқу  жолында  ескіні  жоқтау  иә  аңғырт  надандық,  иә  жұртты  ұмытып, 
ескі қалыппен адасқандық, иә әдейі қара басымшылықты сақтағандық, 
қырғыз-қазақ арасына мектеп мәдениеті, кітап мәдениеті әлі орнаған жоқ. 
Орнаған жерлерде (әсіресе Сырдария облысында) иә сартша, иә орысша, 
қырғыз-қазақтың  ұлттық  бет  аузы  жоқ.  Сондықтан  қара  сөзін  қазақ  иә 
қырғызша айтып отырып, көп мырзалар қолына қалам ұстаса болғаны, 
«шондақа» жыны ұстайды.
Ең  әуелі  жұртшылық  жағынан,  жалпы  жұрттың  көңілі  ағарып,  көзі 
ашылу жағына келсек, қырғыз-қазақ халқы бірден сарт, иә бірден орыс 
болып  кете  алмайды  һәм  болуының  да  ешкімге  керегі  жоқ.  Қырғыз-
қазақтың өзіне ұлтшылығын, жұртшылығын сақтау әр жағынан керек.
Сондықтан,  жалпы  оқу,  жақсы  тәрбие,  жұрт  мектебі  жұртшылық 
талабы  ұлт  мектебі  болу  керек  һәм  ұлт  тілінде,  қырғыз-қазақтың  ана 
тілінде болуы керек.
Екінші,  тіл  мәселесінің  түп  мәнісін  тексерсек,  жат  тіл  жолдан 
қалдырмақ.  Тәрбие  толық  болу  үшін  бір  тілде  жөндеп  ойлап,  жөндеп 
сөйлей білу жекілікті. Тілді көп білу оқымыстылықтың, тәрбиеліліктің, 
ақылдылықтың  белгісі  емес.  Тілді  мәдениет  құралы  қыла  алып,  тіл 
арқылы тәрбие тауып, ойы тереңдеп, көңілі ағарып, көзі ашылған есепке 
алынады.
Ондай  тәрбие  тілі  қырғыз-қазақтың  жалпысына  өз  ана  тілі.  Ондай 
орын қырғыз-қазақ халқының ұлт мектептері. Жат тілге құмарлық, жат 
жұрттың  бастауыш  мектебін  өзіндікі  деп  санай  беру,  бірінші,  жұрттың 
көпшілігін оқудан, көңілі ағарудан қалдырмақ, екінші көп жұртшылық-
тың жойылуына һәм еш уақытта болмауына себеп болмақ, үшінші, тәрбие 
жолына  оқуды  жеңіл  қылу  ережелеріне  қарсы.  Сондықтан,  кезектегі 
жұмыстың үлкені ұлт тілінде жұрт меткептерін жасау жұртшылыққа жол 
салу, жұртшылық талабына жарасты қылып оқу жұмысын жүргізу.
Тоқтыбаев.
Кеңсе ісі жергілікті халық тілінде болады
Болыс, қыстақтарда кеңсе ісін жергілікті халық тілінде жүргізу үшін 
үйез атқару комитеті мұсылмандардан хатшы тағайындады. Мұнан бұлай 
үйез  атқару  комитетіне  келетін  арыздар  һәм  басқа  түрлі  қағаздар  кіл 
жергілікті халықтың тілінде жазылуы тиіс.

209
«САнА» журнАЛЫ 
(1923–1924)
«Сана»  журналының  1923  жылдың  қаңтар  айынан  1924  жылдың 
қарашасына дейін небәрі 3 нөмірі жарық көреді. Түркістан қазақ білім 
комиссиясының  «екі  айда  бір  шығып  тұратын  тәрбие,  білім,  әдеби 
мақалалар жинағы» болған «Сана» Ташкент қаласында шығып тұрды. 
Бас  редакторы  –  қазақ-қырғыз  білім  комиссиясының  төрағасы  Халел 
Досмұхамедов. «Сананың» бағыты мен мақсаты жайында: «Заманы-
мыз  мәдениет  заманы,  мәдениетке  білім  жеткізеді:  Білім  оңайлық-
пен  қолға  түспейді.  Білім  алуға  көп  еңбек,  асқан  сабырлылық  керек. 
«Сананы»  шығарғандағы  мақсатымыз  аз  да  болса,  кемшіліктерімізді 
жойып, елге, мұғалімдерге, жасөспірім шәкірттерге түсінікті сөз беру. 
Бұл өте ауыр жұмыс. Дегенмен, кіріспеске амал жоқ», – деп жазады 
журналдың алғашқы нөмерінде бас редактор.
Оқу-ағарту,  білім  беру  саласына  бағытталған  журналды  шығару-
ға  І.Жансүгіров,  М.Әуезов,  Ж.Аймауытов,  Ә.Диваев,  М.Тынышпаев, 
Қ.Кемеңгеров, М.Жұмабаев секілді алаштың азаматтары қатысты.
«Сана»  журналының  беттерінде  халықты  білім  мен  мәдениетке 
жетелейтін мақалалар, ғылымның түрлі салаларына арналған таным-
дық дүниелер жарияланып тұрды. Жалпы білім беретін мектептерге 
енетін  пәндер  мен  олардың  жоспарлары  басылды,  арнайы  оқу  бағ-
дарламалары  мен  ұрпақ  тәрбиесі,  білім  берудің  ұлттық  сипаты 
сөз  болды.  Сондай-ақ,  қазақ  халқының  тарихындағы  хандар  мен  би-
шешендер, сал-серілердің өмірінен сыр шертетін жазбалар мен халық 
ауыз әдебиетінің озық үлгілерін де көруге болады. 
Қазақ халқын озық мәдениетке жетелеу жолында ізденген «Сана-
ның» басты ұстанымы – елді оқу оқып, білім-ғылым мен өнер үйренуге 
шақыру.  Білім беру саласын бір тәртіпке келтіріп, жүйелеуге ұмтылды.
Кеңестік  билік  тарапынан  «Саясат»  бөлімі  болмағандықтан,  сол 
күннің, сол таңның көкейкесті әлеуметтік, саяси мәселелерін көтеріп, 
жаңаны насихаттамағаны және ескіні, өткенді сөз еткені үшін» деген 
айып тағылып, журнал 1924 жылдың қараша айында жабылады.

210
Қазақ-қырғыз білім комиссиясынан
 
Заманымыз  мәдениет  заманы.  Мәдениетке  білім  жеткізеді.  Білім 
оңайлықпен  қолға  түспейді.  Білім  алуға  көп  еңбек,  аса  сабыр  керек. 
«Сарғайған жетер мұратқа» деп атамыз айтқан. Білім мысқалдап кіреді. 
Білімді  болу  үшін  көп  сарғаю  керек.  «Еңбек  етсең  емерсің».  Еңбек 
қылмай  білім  жоқ.  Еңбексіз  ағартып,  тезден  елді  мәдениетті  қыламын 
деген ой – ауысқандық. 
Мәдениетті боламыз десек, жолымызды дұрыстап түзеп алып, беті-
мізді  бір  бағытқа  салып,  азық-түлігімізді  түгендеп,  ұзақ  сапарға  шығу 
керек. Асықпаған арбамен қоянға жетеді. Анау бәлен болды, мынау түген 
болды деген күншілдікті де қою керек. Күншілдік мұрат емес. Тайлының 
аттыға еріп, таңы айырылады. «Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды білді» 
естен  шығармай,  айқайламай,  шуламай,  білімді  болып,  мәдениетке 
жетудің жолына анық белді байлау керек. 
Білім  алудың  жолы  көп.  Жолдың  ішінде  ең  төтесі  –  жақсы  мектеп, 
білімді мұғалім. Мұнан қалса, ел ішіне көпке түсінікті болып жазылған 
білім кітаптары. Мектеп жақсы болу үшін құралдары түгел, саймандары 
жеткілікті  болуы  шарт.  Құралды-сайманды  түгіл,  құралсыз  да  бізде 
мектеп жоқ. Сондықтан мектеп түзеу – біздің бірінші жұмысымыз. 
Білімді мұғалім бізде тағы жоқ. Мұғалімдеріміздің шала-шарпы білімі 
бар. 
Бұлардың  көбі  ел  ішінде  бір-екі  жыл  тұрса  осы  шала-шарпысынан 
да айырылып қалады. Себебі, оқитын кітабы жоқ, қасында сөз айтатын 
білімді кісі жоқ, алыстан барып білімін толтыруға өзінің және халы жоқ. 
Ауруын  жасырған  жазылмайды.  Мектеп  пен  мұғаліміміздің  нашар 
екендігін ашық айтып, анық түсіну керек. Нашарға жәрдем беріп, жоқты 
бар қылу бәріміздің міндетіміз. Мұны ұмытпасқа керек. 
Жұртымыздың сөзге әуестігі бәрімізге мәлім. Біздің жұрт сөз айтпай, 
сөз  тыңдамай  отыра  алмайды.  Бұрынғы  заманда  жұрттың  айтатыны, 
тыңдайтыны өзінің ата сөздері еді. Ертегі, жұмбақ, өлең, толғау, терме, 
жыр,  тақпақ,  айтыс,  жылау,  жоқтау,  түрлі  тарихи  әңгімелерді  бұрынғы 
уақытта  екі  кісінің  бірі  сөйлейтін.  Елдің  салты,  тіршіліктің  қалпы 
өзгерген сайын сөз айтушылардың саны азайып, сапасы кеміді. 
Ел ішіне молдалар мен жерге жазу-сызу білетіндер пайда болды. Ел 
жазба сөзге мұқтаждана бастады. Бұл мұқтаждық дін кітабын оқу, ағайын 
түріктердің кітаптарын оқуды туғызды. Пайдакүнем саудагерлерге жұрт-
тың өз сөзін түрлі шатастырып бастырып, кітап қылып сатуға жол берді. 
Қазанда басылған қиссалар шықты. Арабтың «Мың бір түн» секілді ми 
кептіретін ертегілерінен алынған сөздер жайыла бастады. 
Елдің  мұндай  мұқтаждығы  ескерілмеді.  Ой  жағынан,  ел  жағынан 
пайда беретін кітаптар тарату саналының қолынан келмеді. Санасыздың 

211
ойына  келмеді.  Сонымен  төңкеріске  жеттік.  Бұл  туралы  төңкеріс  те 
айтарлық  ештеңе  бермеді.  Түрлі  себептерден  ауыз  сөз  айтушылар  ел 
ішінде құрыды, дін кітаптары да, қазірде қиссалар да бітті. Бірақ бұлар-
дың орнына лайықты нәрселер тумады. 
Төңкерістің  алғашқы  кезінде  баспасөздің  төтенше  екпінді  жұмыс-
тары болды, бұрылуға еркі болмады. 
Осы күні жұмысты нықтап, негізді қылып істейтін заман туды. Халық 
ағарту жұмысы алға қойылды. Баспасөз надандықпен күреске салынды. 
Жайымыз  бұлай  болған  соң  баспасөзді  елге  жақындату,  түсінікті  қылу 
мәдениет жолындағы ауыр жұмыстың бірі болып шығып тұр. 
«Сананы» шығарғандағы мақсатымыз – аз да болса жоғарғы айтылған 
кемшіліктерді жойып, аңсаған елге, алақтаған мұғалімдерге, жасөспірім 
шәкірттерге  түсінікті  сөз  беру.  Бұл  өте  ауыр  жұмыс.  Дегенмен  де 
кіріспеске амал жоқ. Заман тоқтамайды, гулеп өтіп барады. 
Журнал шығарғанда біздің ұстайтын жолымыз мынау: 
1. Ең негізінен бастап әр пәндерден түсінікті қылып жалпы білім беру: 
1) ғылым-қисап (математика); 2) физика, химия туралы түрлі мағлұматтар 
беру; 3) дүниенің жаралу түзілісімен, аспандағы жұлдыздармен, жердегі 
болатын  жауын-шашын  секілді  өзгерістермен  таныстыру;  4)  жануарлар-
мен,  жер  жүзіндегі  ағаш-шөп  секілді  өсімдіктермен,  тас-топырақпен  та-
ныстыру, жердің қалай жаралғанын, неден түзілгенін білдіру; 5) бұрынғы 
өткен халықтармен, олардың мәдениетімен, салтымен таныстыру. 
Бұрынғыдан  қалған  тамтықтарды  қалай  іздеу  жайында,  қалай  пай-
далану туралы баяндама беру; 6) қай жұртта қандай шаруа бар, қандай заң 
бар, қандай тұрмыс-тіршілік бар – сонымен таныстыру; 7) жер жүзіндегі 
елдермен,  жерлермен  таныстыру,  8)  санақ  туралы  баяндама  беру,  жер 
жүзіндегі елдердің түсінің, өлімінің, оқу үйінің, сауатсыздығының, түрлі 
қажетіне жұмсайтын бұйымдарының санағын беру; 9) адамның, малдың 
аурулары, саулық сақтау туралы мағлұмат беру; 10) қаріп тізу, баспахана 
түзу, кітап бастыру, сурет туралы мағлұмат беру. 
2. Қазақ-қырғыз жұртының тарихымен, салт-әдетімен, тұрған жерімен 
таныстыру. «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген мақал бар. 
Өз еліміздің өткен-кеткені, басынан кешкен дәуірлері, бұрынғы осы 
күнгі  мекендері  туралы  қолдан  келгенінше  толық  мағлұмат  беру.  Ата-
бабаларымыздың  істерімен  танысып,  еткен  жаңылыстарына  күйініп, 
жақсылықтарына сүйініп, ғибрат алмақ адамға сана береді. 
3.  Қазақ-қырғыз  жұртының  тілімен,  әдебиетімен  жақсы  таныстыру. 
Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды. Мәдениетке 
ұмтылған жұрттың алдымен тілі өзгермекші, тілі бұзылмақшы. Тілінен 
айырылған жұрт – жойылған жұрт. Тамырды бұзбай ұстарту шарттарын 
қарастыру, жұрт әдебиетінен, көркем әдебиеттен үлгілер көрсетіп, өрнекті 
түрлерімен таныстыру. 

212
4.  Білім  таратып,  елдің  қолын  мәдениетке  жеткізетін  –  мектеп. 
Сондықтан  мектептің  тарихы,  түрлері,  түзілісі,  оқу-оқыту  реттері,  мұ-
ғалімдердің, шәкірттердің күй-жайы туралы, оқу құралдары, кітаптары 
туралы толық баяндама беріп тұру. 
5. Адамның табиғатындағы бір мінезі – ойын-сауық қылып, қызықтар 
көру. Ойнамайтын адам жоқ, күлмеген адам – адам емес. Ойын-сауықтың 
пайдалысы  да,  зияндысы  да  көп.  Салтымызға,  тұрмысымызға  қарай 
түзелген елімізде көп ойындар бар. Бұларды менсінбей ұмытып барамыз. 
Бұл жарамайды. Біздің кейбір ойындарымызға Еуропа таңданарлық. 
«Сананың»  бір  міндеті  –  өз  еліміздегі  және  бөтен  елдердегі 
ойындармен оқушыларды таныстыру. 
6. Бұл дүниеде адам баласы таңданатын іс қылып өткен адамдар бар. 
Бұл  адамдардың  аттары  атадан  балаға  ұмытылмай  келе  жатыр.  Түрлі 
данышпандар,  шешендер,  шеберлер,  батырлар,  ақындар,  билер  тағы 
басқалар көп өткен. 
Осындай адамдар өзіміздің қазақ-қырғыз арасында аз болмаған. 
Өз  жұртына  жұмыс  қылып,  еңбек  сіңірген  адамдарды  қадірлеу  ел-
діктің белгісі. Сондықтан ең алдымен өз жұртымызда болған, сонан соң 
шет елдерде болған адамдармен таныстыру. 
7. «Санада» «Мәдениет майданы» деген бір бөлім бар. Бұл бөлімде 
елдің мәдениеті, бұл туралы істелінген істі, үлгілі мектеп-медреселердің 
күй-жайын,  мәдениет,  білім  ұйымдарының  тіршілігін,  үкіметтің  мәде-
ниет,  білім  туралы  бұйрық-жарлықтары,  тағы  сондай  басқа  нәрселер 
жазылып тұрмақшы. 
8.  Қазақ-қырғыз  тілінде,  я  қазақ-қырғыз  туралы  бөтен  тілде  шық-
қан  кітаптарды  тізіп  тұрмақшымыз.  Және  де  бұлар  туралы  сын  беріп 
тұрмақшымыз. 
Жоғарғы  көрсетілген  жолмен  «Сананың»  әрбір  санында  сыйғанын-
ша,  қолдан  келгенінше  мағлұмат  беріліп  тұрмақшы.  Көңіл  шабады, 
жүрек талпынады. Бірақ қолда қуат кем, жәрдем беретін, көмек қылатын 
кісі  аз.  Қанат-құйрық  болмай,  сүйеуші  біреу  болмай  жұмыс  көркей-
мейді. Сондықтан білімі бар саналы азаматтарға, әсіресе, мұғалімдерге 
жәрдемші  болып  сүйеңдер  деген  өтініш  айтамыз.  Ақшамен  болсын, 
жазумен болсын жәрдем беріңіз. 
Жазушыларға ескертетін нәрсе мынау: әрі болса қара халық үшін, бері 
болса ауыл мектептеріндегі мұғалімдер түсінетін сөздер жазуға, жазған 
сөздерің қойыртпақ болмай, таза татымды болсын. Сырты бар, іші жоқ 
құр тізілген қаріптің керегі жоқ. Әрбір жазылған сөздің журналымызға 
лайық  мағынасы  болсын.  Кем  мағынаға  өза  жайылып,  кең  сөйлеудің 
керегі жоқ. 
«Сана»  шындығында  журнал  емес,  бөлек  басылып  шықпайтын  уақ 
білім  сөздерінің  жиынтығы.  Оқу  кітабын  жазу  ұзаққа  созылатын  қиын 

213
жұмыс.  Оны  жиі  шығарып  тұру  қолымыздан  келмегендіктен  білім 
беретін  уақ  сөздерді  жиып,  журнал  ретінде  шығарып  тұруды  ойладық. 
Журналымыз  екі  айда  бір  шығып,  жылына  алты  кітап  болып  шығып 
тұрмақшы. 
«Сананың» бірінші саны нағыз ойлағандай болмады. Біраз кемдіктері 
бар. Бұған бірінші себеп – істің жаңалығы, бұрынғыдан үлгі болмаған-
дығы. Екінші себеп мынау болды – көп адам сөз жазбақшы болып уәде 
берсе де бірқатары уәдесінде тұрмады, бірқатары журналға лайықты сөз 
жаза алмады. Журналымызға сөз жазған кісілердің бірен-сараны болмаса 
ақы  алғаны  жоқ.  Білім  кеңесінің  берген  ақшасы  журналдың  техника 
жұмыстарынан артқан жоқ. Халық ағарту комиссарлығының жарлығын 
ойға алсақ болашақта ақша мол болады деген үміт аз. Бұл оқушы мен 
жазушының  есінде  болсын.  Еңбегін  сатпай,  халық  үшін  бос  қызмет 
қылған азаматтарға жарылқасын айтамыз. 
Қазақ-қырғыз білім комиссиясының төрағасы
Халел Досмұхамедов 
Емле туралы 
 
Мәдениет қалай ілгері басады һәм мәдениет ілгері басу үшін не керек? 
Бұған жауап 1) ең әуелі бір білгіш кісі білімнің бір тарауын тудырады. 
Бірақ  ол  кісі  білімнің  ол  тарауын  біржолата  түпкілікті  түзететіні  жоқ. 
Дұрыс қылып һәм енді қосатын ештеңе қалдырмай толық қылып шығара 
алмайды.  Ол  тек  бастайды.  Оның  бастағанын  одан  соңғылар  әркім 
шамасына қарай түзетеді һәм өсіреді. Сөйтіп, білімнің әрбір тарауы бір 
кісінің күшімен ғана емес, көп кісінің күшімен көп ғасырлар бойынша 
істеліп,  алға  басады.  Мәдениет  баратын  жеріне  бір  аттағанда  барып 
жетпейді.  Мәдениет  көп  ғасырлар  бойынша  жұмсалған  көп  кісінің 
күшімен  бірте-бірте  ғана  ілгері  басады.  2)  Мәдениет  ілгері  басу  үшін 
керек  болған  шарттардың  бірі  –  ғылым  жолында  әркімнің  тапқанын 
ескерусіз  қалдырмай,  тексеріп  табылған  нәрсе  аз  да  болса,  азсынбай 
қабыл алып жүзеге шығарып, іске асыруға жұрт қам қылу керек. 
Бұл  айтылғанды  дұрыс  десек,  енді  қазақ  емлесіне  келелік.  Қазақ 
емлесін  тудырған  Ахмет  Байтұрсынов  деген  кісі  білімсіз  кісі  емес, 
білімді  кісі.  Осы  уақытқа  шейін  ескерілмей  келген  емле  мәселесін 
алдымен қолға алған кісі. Қазақ тілін білетін кісі. Бірақ сонда да Ахмет 
Байтұрсынов шығарған қазақ емлесінде мін жоқ деп айтуға болмайды. 
Бұл емленің түзететін де жері жоқ, бұл емлеге қосатын да ештеме жоқ 
деп айтуға болмайды. Бұл емленің аз-мұз міні һәм ол міндерді қалайша 
жоюға  болатындығы  тіл  мәселесін  ілтипатсыз  тастамайтын  қазақ 

214
зиялыларының  бастары  қосыла  кеткен  жерлерде  де  әңгіме  болып  жүр 
һәм бірлі-жарымды рет матбуғат жүзінде де болды. Мұндай емле түзету 
туралы  айтылған  һәм  жазылған  сөздерді  кейбіреулер  дұрыс  тауып, 
қолдана бастады. Оқытқан балаларына үйретіп жүр. Жазған кітаптарын 
түзетілген  емлемен  бастырып  жатыр.  Кейбіреулер  бұл  түзетулерді 
«Ахмет Байтұрсынов мақұлдап, матбуғат жүзінде жарияламай тұрып біз 
қабыл алмаймыз. Әрқайсысымыз әр жерде жүріп, бет-бетімізбен емлені 
өзгерте  берсек  қазақтың  қолданатын  емлесі  түрлі-түрлі  болып  кетеді» 
деп жүр. Сөйтіп осы күні қазақтың емлесі түрлі-түрлі болуы ол жұрттың 
ілтипатсыздығын,  құнтсыздығын,  ауыз  бірлігі  жоқтығын  көрсетеді. 
Ілтипатсыздық, құнтсыздық, ауыз бірлігі жоқтық жұрттың ілгері басқан 
аяғын  кейін  жіберетін  нәрселер.  Сондықтан  мұндай  мінездерді  тастау 
керек. 
Әркім  әр  жерде  жүріп  үндемей-түндемей  өз  бетімен  емлені  өзгерте 
беруге де болмайды. Және олай деп емленің міндерін түзетпей, ескерусіз 
қалдыра беруге де болмайды. Емленің мінін тапқан кісі, емлені түзету 
керек  дейтін  кісі  пікірін  матбуғат  жүзіне  шығарып,  жұрттың  сынына 
салу керек. Онан соң әрбір емле мәселесін керек қылған кісі ол матбуғат 
жүзіне шыққан пікірді әбден тексеріп, қатесі болса көрсетіп жазу керек. 
Егерде емле түзету туралы жазылған пікірге қарсы жазушы болмаса, ол 
пікірді қабыл алып әркім жүзеге шығара беру керек. 
Ал  енді  қазақ  емлесінің  түзететін  қандай  жерлері  бар  һәм  оларды 
қалай  түзету  керек,  соған  келелік.  Екі  дыбысты  Ахмет  Байтұрсынов 
таңбасыз (қаріпсіз) қалдырды. Ол таңбасыз қалған екі дыбыс «тау» деген 
сөздегі соңғы жарты дыбысты «у» һәм «тай» деген сөздегі соңғы жарты 
дауысты «й». Жарты дауысты «у» келетін жерде дауысты «ұ»-ның қарпі 
жазылады.  Бұл  дұрыс  емес.  Себебі,  әрбір  дыбыстың  өз  алдына  бөлек 
таңбасы  боларға  тиіс.  «Ауыл»  деген  сөздің  басында  естілетін  дыбыс 
(дауысты  у)  пен  «тау»  деген  сөздің  аяғында  естілетін  дыбыс  (жарты 
дауысты у) бір емес һәм «тары» деген сөздің аяғында естілетін дауысты 
дыбыс пен «тай» деген сөздің аяғында жарты дауысты дыбыс бір емес. 
Бұл дыбыстар әрқайсысы басқа. Басқа дыбыстар болатын болса, олардың 
таңбалары  да  басқа  боларға  тиіс.  Егерде  екі  дыбысқа  бір  таңба  жарай 
береді десек, Б мен П-ның бірін тастау керек, Ж мен Ч-ның бірін тастау 
керек,  Д  мен  Т-ның  бірін  тастау  керек.  Мұндай  тастайтын  қаріптер 
көбейеді.  Егерде  бұл  дыбыстарға  екеуара  бір  таңбадан  десек,  дауысты 
«у» мен жарты дауысты «у»-ға да һәм дауысты «ы» мен жарты дауысты 
«и»-ға  да  екеуара  бір  таңбадан  арнауымыз  ақылға  сыймайды.  Бүгінге 
шейін таңбасыз келген Бұл екі дыбысқа беріп «тау» деген сөздің аяғында 
келетін дыбысқа «у» қарпін беру керек. «У» қарпі басқа түрік тілдерінде 
һәм  осы  күнге  шейін  қазақ  тілінде  де  «в»  орнында  жүретін  еді.  Қазақ 
тілінде «в» дыбысы жоқ. Басқа тілдерде «в» келетін жерде қазақ орнына 

215
қарай һәм әркім өзінің тілінің икемділігіне қарай я жарты дауысты «у» 
айтады, я «ф», я «б» айтады. Мәселен, «товар», «Василий», «автомобиль» 
деген сөздерді қазақ «тауар», «афтомобил», яки «абтомобил», «Бәселей» 
дейді.  Бұл  қазақ  тілінде  «в»  дыбысы  жоқ  екендігін  көрсетеді,  қазақ 
тілінде  «в»  дыбысы  жоқ  болса,  ол  жоқ  дыбысқа  қаріп  арнаудың  да 
қажеті жоқ. Егерде бөтен тілдерде бар дыбыстарға да қаріп арнау керек 
десек, онда қазақ тілінде жоқ болса да, басқа тілдерде бар дыбыстардың 
бәріне де қаріп арнау керек. Өз тілімізде болмаса да, басқа тілдерде бар 
дыбыстарға  қаріп  арнау  керек  деп  ешкім  айта  қоймас.  Олай  болатын 
болса,  бұрын  «в»-ның  орнында  босқа  тұрған  «у»  қарпін  алып,  басқа 
керекті орынға қою керек. Ол керекті орын жарты дауысты «у». Бұрын 
«в» орнында жүретін «у» қарпін қазақ тіліндегі жарты дауысты «у»-ға 
арнауымыздың бір себебі – қарпі жоқ дыбысқа бос тұрған қаріпті алып 
беру болса, екінші себебі – «В» мен жарты дауысты «у» бір-біріне өте 
жақын  дыбыстар.  Бұл  дыбыстар  бір-біріне  өте  жақын  болғандықтан 
басқа тілдерде жарты дауысты «у» келетін жерлерде өз тілдерінде ондай 
дыбыс болмағандықтан орыстар «в» айтады. Мәселен, Валиев, Көкшетау, 
Ауғуст,  Аустралия,  Аутономия,  Аутор  деген  сөздерді  орыс  Валеев, 
Кокчетов, Август, Австралия, Автономия деп жазады һәм айтады. Осы 
себептен басқа тілдерде в келетін жерлерде қазақ кейде жарты дауысты 
«у»  айтады.  Мәселен,  Товар,  Самовар,  Первый,  Васька  деген  сөздерді 
қазақ Тауар, Самауар, Пируай, Уэске дейді. Сондықтан (Бұл екі дыбыс 
бір-біріне өте жақын болғандықтан) басқа тілдерде «в» келетін жерлерде 
көбіне «у» қарпін жазуға болады. Оны «в» қылып оқыған кісі «в» қылып 
оқыр, «в» қылып оқымаған кісі жарты дауысты «у» қылып оқыр, одан 
келер  көп  зиян  жоқ.  Қай  тілді  алсақ  та  өзінде  жоқ  дыбыстарды  сәл 
өзгертіп  айтады.  Мәселен,  орыстар  өз  тілінде  жоқ  болғандықтан  «һ» 
дыбысын «г» қылып, «ң» дыбысын «к» қылып, жарты дауысты «у»-ды 
«в» қылып айтады. 
Енді  «тай»  деген  сөздің  аяғында  естілетін  жарты  дауысты  «й»-ға 
қаріп табу керек. Оған бұрынғы «ы» қарпін беріп, «тары» деген сөздің 
аяғында  естілетін  дауысты  дыбысқа  үтір  қойып  «й»  қарпін  алу  керек. 
Сонда бұрын былай жазылатын «таы», «тары» деген сөздер енді былай 
жазылады:  «тай»,  «тары».  Дауысты  «й»-дің  үстіне  үтір  қоюымыздың 
бірінші себебі – таңбасы жоқ дыбысқа таңба тауып беру, екінші себебі 
–  бұл  дыбыс  кейде  «у»-ға  жақындайды.  «Ы»  дыбысы  кейде  «у»-ға 
жақындайды деуге екі түрлі дәлел бар: 1) бір сөздің әуелгі буындарының 
бірінде «у», яки «у» келіп, онан соңғы буындарының бірінде «ы» келсе, 
ол «й» мен «у»-ға ұқсап кетеді. Мәселен, «тұрсын», «көрсін», «дұрыс». 
«құрық», «торсық». Сондықтан жұрттың көбі бұл сөздерді былай жазады: 
«тұрсұн», «көрсүн», «дұрұс», «құрұқ», «торсұқ»; 2) жуан сөздерде келетін 
«ы» дыбысы орыстың «ы»-сы секілді естіледі. Орыстың «ы»-сы академик 

216
Гроттың айтуынша, «и» мен «у»-дың арасындағы ортақ дыбыс. Егерде 
бұл қаріп ұнамаса, жарты дауысты «й»-дың төрт түрін де қос ноқатты 
қылып, дауысты «й»- дың төрт түрін де ноқатсыз қылып алу керек. 
Қазақ емлесінің тағы бір түзететін жері – «ы» қарпінің қандай орында 
жазылып,  қандай  орында  жазылмайтыны  туралы  қағида.  Бұл  қағида 
бойынша  ұлт  (жұрт),  құрт  (тамақ),  көрік  (кісінің  көркі),  (от  жылт  ете 
түсті), сылт (аяғым сылт ете қалды), жорт (жүгір) деген сөздердің естілуі 
ұлт (итті ұлт), құрт (жоқ қыл), көрік (ұстаның көрігі), жылт (суды жылт), 
сылт (майын сылт), жорт (түсті жорт) деген сөздердің естілуінен басқа 
болса да, жазылуы бір. Бұл да емлеге үлкен мін. Бұл мінді де мінеу керек. 
Соның үшін «й» дыбысы қай жерде естілсе, сол жерде қалмай жазылатын 
қылу  керек.  Бұрын  «мысық»  деп  жазылатын  сөзді  енді  ерінбей  һәм 
қағазды да өте аямай «мисық» деп жазу керек. Бұл қағиданың қалуының 
тағы бір пайдасы – емле үйрену жұрттың көбіне аз да болса оңайланады. 
Қандай кемшілігі болса да, бұл қағиданы өзгертуге болмайды десек 
сийыр, қийын, кийім, бийік, тийын секілді сөздерді жазуды түзету керек. 
Мұндай сөздерді Ахмет Байтұрсынов өзі ылғи екі «и» мен жазады. «И» 
қарпінің қандай орында жазылып, қандай орында жазылмайтыны туралы 
қағидаға қарасақ мұндай сөздер бір ғана «и»мен жазыларға тиіс. Оның 
бір  ғана  «и»мен  жазылуға  тиіс  екендігін  көрсету  үшін  осы  сөздердің 
ішінен біреуін, мәселен, сийыр деген сөзді алып тексеріп қарайық. Сийыр 
деген  сөзде  екі  буын  бар:  әуелгі  буын  «си»,  екінші  буын  «йыр».  «Си» 
деген буында екі дыбыс бар: «с» һәм дауысты «и». Бұл буын бас буын 
болғандықтан  Бұл  буында  дауысты  «и»  жазылмасқа  тиіс.  Сөйтіп,  бас 
буында  жазылатын  қаріп  жалғыз  «с».  Енді  екінші  буынға  келсек,  онда 
үш дыбыс бар: жарты дауысты «й», дауысты «ы» һәм «р». Бұл буынның 
бас дыбысы жарты дауысты, соңғы дыбысы дауыссыз. Сондықтан Бұл 
буын бітеу буын. Бітеу буында дауысты «и» жазылмайды. Олай болса, 
Бұл  буында  қалатын  (жазылатын)  қаріптер:  жарты  дауысты  «й»  һәм 
«р». Бұл буынның естілуі де һәм жазылуы да «ир» деген сөздің соңғы 
буынының естілуі һәм жазылуы секілді. Енді бұл сөздің бас буынында 
жазылатын «с»-ны һәм екінші буынында жазылатын жарты дауысты «и» 
мен «р»-ды бір жерге қоссақ, «сир» болып шығады. Яғни екі «и» емес, 
бір-ақ «и» болып шығады. Қин, ким, бик, тин, жирма, эил, тилді һәм тағы 
бірсыпыра сөздер бәрі де осы секілді. Сондықтан мұндай сөздердің бәрін 
де екі «и»мен емес, бір «и» мен жазу керек. 
 Соңғы жылдары көп жерлерде арабтың «

», «
ش
», «

», «

», «

», 
«

»,  «

»,  «

»,  «

»  қаріптерін  қолдануды  мүлде  қойып,  араб,  парсы 
һәм басқа шет тілдерден алынған сөздердің бәрін де Ахмет Байтұрсынов 
шығарған  қазақ  әліппесіне  кірген  қаріптермен  қазақ  емлесі  бойынша 
жазып жүр. Мәселен, бұрын шарт, мұғалім, сабыр, хажыт, сылтан, hip, 
қазза, аззан, залым, мисал болып жазылатын сөздер енді шарт, мұғалім, 

217
сабыр, әжет, султан, һәр, қаза, азан, залым, мысал болып жазылып жүр. 
Және «қаріп», «һәм» секілді сөздер қазақ әліппесіне кірген қаріптермен 
жазуға  келіңкіремейтіндіктен  һәм  мұндай  сөздерді  жазғанда  керек 
болатындықтан араб әріптерінен үш қаріп алынып қолданылып жүр. Ол 
үш әріп: «х», «ф», «һ». Көп жерлерде істеліп жүрген Бұл істі дұрыс деп 
тану керек. Мұны дұрыс деп тану керек дейтініміз – жұрттың көбі араб, 
парсы тілдерін білмейді һәм сондықтан араб, парсы тілдерінен алынған 
сөздер  ол  тілдердің  емлесі  бойынша  қалай  жазылатынын  да  білмейді. 
Сол  себепті  жұрттың  көбіне  араб,  парсы  тілдерінен  алынған  сөздерді 
дұрыс жазып үйрену өте қиын іс. 
Ф.Ғ. 
Басқармадан: Ахмет Байтұрсыновтың зор еңбегімен емлеміз дұрыс бір бет алса да, 
қозғалмайтын берік негізге ие болды деуге болмайды. Сондықтан мынау көтерілген емле 
мәселесі  туралы  емлемізді  тексеріп  жүрген  азаматтар,  мұғалімдер,  әсіресе,  тілімізге 
негіз салған Ахмет Байтұрсынов өз пікірлерін жазып, журналымызға жіберсе екен

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет