«алаш мәдениеті» ҚОҒамдық Қоры



Pdf көрінісі
бет44/64
Дата15.08.2023
өлшемі1,01 Mb.
#105323
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   64
Байланысты:
aқyndar-zhinaғy-2019-1

АЙНҰР ПОЛАТОВА
Аңдатпа:
«Мемлекеттік рәміздер – мақтанышым» өлеңі 
Қазақстан Республикасының рәміздерін дәріптеу-
ге арналған. Еліміздің әрбір тұрғыны мемлекеттік 
рәміздерді біліп, олармен мақтануы тиіс. Әсіресе, 
елдің болашағы –жастар бұл ретте қарап қалмау-
лары керек. Өйткені жат елде көк туды желбіре-
тіп, әнұранды шырқап, елтаңбаны насихаттайтын 
бірден-бір патриоттар – жастар. Өлеңімде әсіресе 
жастардың патриоттық сезімін оятуға тырысып, 
басты кейіпкер ретінде тек атасы емес, бүкіл ел 
сенім артқан кішкентай баланы көрсетуге тырыс-
тым. 
Аннотация:
Стихотворение «Государственные символы – моя 
гордость!» предназначено для популяризации 
символов Республики Казахстан. Каждый гражда-
нин страны должен знать государственные сим-
волы и гордиться ими. Особенно будущее страны 
– молодежь не должна забывать. Так за предела-
ми страны наш флаг развеять, гимн исполнят, о 
гербе расскажут наши патриоты – молодежь. В 
стихотворении, пытаясь разбудить патриотичес-
кие чувства молодежи, я создал образ маленького 
ребенка, в которого верить не только его отец, но 
и вся страна.
Abstract:
The poem «State Symbols – My Pride» is intended to 
popularize the symbols of the Republic of Kazakhstan. 
Every citizen of the country should know the state 
symbols and be proud of them. Especially the future 
of the country – youth should not forget. So, outside 
the country, our flag will be dispelled, the anthem will 
be performed, our patriots – youth will tell about the 
coat of arms. In a poem, trying to wake up the patriotic 
feelings of youth, I created the image of a small child 
in whom not only his father, but the whole country to 
believe.
Мемлекеттік рәміздер – мақтанышым!
Аппақ түске ораныпты қара бақ,
Жапалақтап тұрғаннан соң ақша қар.
Ақтөбенің саябағын аралап,
Немересін қыдыртып жүр ақсақал.
Бәрі қызық бес жастағы өренге,
Әр нәрсеге келе жатыр таң қалып.
Қарт кенеттен еңкейеді төменге,
Жерде жатқан бір теңгені аңғарып.
«Ата, ол не?» – деді бала қол созып,
«Бір теңге ғой, түсіп қалған шығар да.
«Бірақ қазір қалған жоқ па, ол тозып?
Сағыз тіпті келмейді ғой сұрарға».
«Арманжан-ау, енді мені ал тыңда!
Бұл ақшаға бере алмаспын тәтті алып.
Бірақ осы бір теңгенің артында
Елтаңбамыз жатпау керек тапталып!
Қымбат емес құны бізге тиынның,
Қымбат емес бізге қалай келгені,
Тәуелсіздік жолындағы қиын мұң –
Талай жанның Отан үшін өлгені...»
«Айтыңызшы, сонда не, ол Елтаңба?» –
Деп жас бала атасына қарады,
«Жақсы сұрақ, бұл бетіңнен сен танба,
Ақ немерем осы жолы жарады!
Елтаңбамыз – үш рәміздің біреуі,
Қалғандары – көк байрақ пен әнұран.
Олар барда еліміздің күйреуі
Мүмкін емес, біліп жүрші, бақ ұлан!» –
Деп үйретіп жүргенінде ұлын шақ,
Көкшіл туға көзі бірден түседі.


110
111
«Жақсы болды-ау, қуана бер, құлынщақ!
Атаң қандай аңғарымпаз кісі еді!
Әне, Арман, анау туды көрдің бе?»,
«Иә, ата, аспан түстес төртбұрыш».
«Балам, қыран – иесі ылғи төрдің де,
Күн нұрында жатыр елдік көп ырыс.
Ашық көк түс – еркіндіктің белгісі,
Ал өрнектер – қазағымның нақышы.
Ұлтын дәйім сүю керек ер кісі,
Керек емес бізге Қытай, АҚШ-ы.
Әнұранға келер болсақ, ол өзің,
Күнде ішіп тоймай жүрген сумен тең.
Ұмытпауың керек оның әр сөзін,
Ал ұмытсаң, өзің ішкен умен тең.
Үш жақұтты білмей қалсаң кенеттен,
Опасызсың, жатсаң-дағы ақталып.
Бабаңның ел деп көз жұмғаны бейнеттен,
Жүрегіңде тұрсын мәңгі сақталып!
Бұл рәміздер – Қазақстанның тірегі,
Есте сақта, жадыңа қой желімдеп.
Сендей барлық жас өркеннің жүрегі, 
Соғу керек туған елім, жерім деп!
Қарыздармыз туған жерге мәңгіге,
Тәуелсіз боп атқан ақ таң үшін».
«Ұқтым, ата, шырқап жүрем әнді де,
Мемлекеттік рәміздер – мақтанышым!».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет