«алаш мәдениеті» ҚОҒамдық Қоры



Pdf көрінісі
бет43/64
Дата15.08.2023
өлшемі1,01 Mb.
#105323
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   64
Мазасыз күй
Беймаза солқылдап ми, бұрқырап бас,
Шырқыраған отқа да шырпы жақтас.
Шыжғытып бара жатыр тар шеңберді,
Шыққа тұнып тұр міне шылқып-ақ тас.
Шекеден шер толқыны қазір ұшты,
Бір түйір бас болса да назы күшті.
Маңғазданып тұр ме екен көтере алмай,
Маңдайыма жазылған жазымышты...
Басымның қолыма ұстап сақинасын,
Еске алып көрсем бе екен уақиғасын.
Әттең, бірақ өткен күн бір қайрылмай,
Аттанып бара жатыр бақиға сұм.
Қара түнек басқанда көз алдыңды,
Қара аспан да көрінбес тозаң құрлы.
Қозғатып көңілдегі мұң мен шерді,
Боздатып жүректегі бозаң жырды.
Тұмсығы тиген сынды тоты құстың,
Титықтатып барады шоқып үш күн.
Орайдың орта тұсы өртке оранды,
Орайы болды ме екен өкініштің.
Қайқы қылыш тигендей қайнап, тасып,
Қайрат қашып барады, қайрат қашып,
Жарты әлемнің естілер жаңғырығы,
Қалғандай бәз біреумен ғайбаттасып.
Шөлмегін шер көңілдің шайқап үрген,
Қайран басым – қайғыңды байқадым, мен,
Осыншалық мазасыз күйге енердей,
Жүрегіме жалғандың қай тамырмен?..


106
107
БАҚЫТЖАН ӨТЕГЕНОВ
Аңдатпа:
Қазіргі таңда жастарға жігерлілік пен асқақ рух же-
тіспейді. Өйткені кешегі тарихына қанықпаған. Он-
дағы тегеурінді тұлғаларды да толық танымайды. 
Мен өз жырым арқылы жастарға өткенінен өнеге 
алып, бүгінгісі мен болашағына бағыт беруді көз-
деп отырмын. Алдағы алтын уақыттар олардың 
меншігінде, әрі мойнында екенін нақтыладым. 
Жастарға деген жырымыз – жарқын болашақтың 
жалауы болғай!
Аннотация: 
В наше время молодежи не хватает силы воли и 
духа. Потому что не до конца познали истину исто-
рии. Не знает историю своих героев. В этой связи 
намериваю направить молодежь в будущее путем 
созидания прошлого. Напоминаю им, что бесцен-
ное время будущего их бремя. Да будет знаменем 
для молодежи мое стихотворение, посвященное 
им!
Abstract:
Nowadays, young people lack the willpower and 
spirit. Because they did not fully understand the truth 
of history. Doesn’t know the story of his heroes. In 
this regard, I intend to direct young people into the 
future by creating the past. I remind them that the 
priceless time of the future is their burden. May my 
poem dedicated to them be a banner for youth!
* * *
Көшіне еріп келеміз мынау жалғанның,
Бабамның жолы осы деп талай алдандың.
Біріккен кезде бүкіл ел жүріп ала алмас,
Абылай құрған абадан жұрттан қалғанмын.
Тұлғаңды баба бүгінгі жасқа сөз етем,
Жастық шақ деген батырлық қылар кез екен.
Кейінге тартқан жастардың жаман кеселін,
Тарихтан толғап айбарлы жырмен түзетем.
Жас болсаң-дағы жауыңның жырттың жағасын,
Қиындық туса шығатын жолды табасың.
Елімнің ұлы боламын деген әр жасың,
Абылай ханның бейнесін барып қарасын.
Қарудан қармап қорғадың жаудан ел ішін,
Өзіңдей ердің табылмас бәлкім теңі шын.
Қарыштап кеткен ғаламда қазір жастарым,
Қылыштан емес білімнен көрер жеңісін.
Қадамы айқын, іс қылар ойлап, саралап,
Келешек әркез жастарға болар аманат.
Қаны мен жаны құрбан боп келген бабамның,
Еліме байтақ келтіре көрме жаман ат.


108
109


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет