Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет60/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   596
Диалектикалық әдіс
Маркстің нақты, шынайы қайшылықтарға назар аударуы әлеуметтік диалог-
ті зерттеудің ерекше әдісіне жол ашты, ол да «диалектикалық» деп аталады
(T. Ball, 1991; Friedrichs, 1972; Ollman, 1976; L. Schneider, 1971; Starosta, 2008).
Факт және құндылық
Диалектикалық талдауда әлеуметтік құндылықтар әлеуметтік фактілерден 
ажыратылмайды. Көп әлеуметтанушы өздерінің құндылықтары әлеуметтік 
тіршілік туралы фактілерді зерттеуден дербес және солай болуы ке рек деп 
сенеді. Диалектикалық ойшылдың әлеуметтік әлем туралы зерттеуде «құн-
дылықтарды ескермеуі мүмкін емес, сонымен қатар қажетсіз» деп санады. 
Өйткені мұндай әрекет қоғам мәселелерінің шешу жолдарын іздеуде ұсына-
ры аз, адам болмысына жат әлеуметтану пайда болады
. Фактілер мен құнды-
лықтар, сөзсіз, бір-бірімен тығыз байланысты, сол арқылы әлеуметтік құбы-
лыстарды зерттеу құндылықтарға бағытталған. Мысалы, Маркс үшін капи-
талистік қо ғамды талдауда бейтарап болу мүмкін емес және мүмкін болса да 
қажетсіз еді. Бірақ Маркстің өзі зерттеген дүниесіне эмоциялы түрде арала-
суы оның ба қы лауларының дәл емес екенін білдірмейді. Маркстің бұл мәсе-
лелерге қатысты қызықты көзқарастарынан оның капиталистік қоғамның та-
биғатын барынша терең түсінгенін аңғарамыз. Аз ғана қызығушылық таныт-
қан студент жүйенің динамикасына оншалық терең бойлай алмауы мүмкін. 
Шын мәнінде, ғалымдардың еңбектерін зерттеумен айналысатын ғалымның 
идеясы көбінесе қиял және ең жақсы ғалымдар – өздерінің идеяларына аса 
ынталы адамдар (Mitroff, 1974).
Өзара қарым-қатынас
Диалектикалық талдау әдісі әлеуметтік әлемнің түрлі бөліктерінің ара сын-
дағы қарапайым, біржақты, себеп-салдарлық қатынастарды көрмейді. Диа-
лектикалық ойшыл үшін, себеп-салдарлы ойшылдармен салыстырғанда, әлеу-


51
2-тарау

Карл Маркс
меттік әсерлер бір бағытта ғана жүрмейді. Диалектик үшін бір фактор екін-
шісіне әсер етуі мүмкін, сондай-ақ соңғысы алдыңғысына бір мезетте әсер 
ете алады. Мысалы, капиталистердің жұмысшыларды қанай түсуі олардың 
наразылығын өршітіп, күрескер болуға итермелейді, бірақ пролетариаттың 
күрескерлік рухының өсуі олардың қарсылығын басу үшін капиталистерді
одан да әрі қанай түсуге мәжбүрлеуі мүмкін. Мұндай ойлау дегеніміз – диа-
лектик ешқашан әлеуметтік әлемдегі себеп-салдарлық қатынастарды қарас-
тырмайды деген сөзді білдірмейді. Бұл диалектикалық ойшылдардың себепті-
лік туралы айтқан кезде, әлеуметтік факторлардың арасындағы өзара қарым-
қатынастарға, сондай-ақ өздері сөз еткен әлеуметтік өмірдің диалектикалық 
жиынтығына баса назар аударғанын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет