Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет59/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   596
Диалектика
Владимир Ленин (1972:180) «неміс философы Г.В. Гегельді түсініп алмас 
бұрын, ешкім де Маркстің жұмысын толық түсіне алмайтынын» мәлім де-
ген. Біз тек оның растығына күдікпен қарай аламыз, себебі Гегель – түсі-
нуге ең қиын философтардың бірі. Дегенмен Маркстің басты тұжырымда-
масы – диалектиканы қабылдау үшін Гегельдің кейбір тұжырымдамаларын 
түсінуіміз қажет.
Диалектикалық философия идеясы ғасырлар бойы қалыптасты (Gadamer, 
1989). Оның негізгі идеясы – қарама-қайшылықтардың бірлігі. Көптеген фи ло-
софиялар, шын мәнінде ақылға қонымды мағынада, қайшылықтарды қате лік-
тер ретінде қарастырса, диалектикалық философия қайшылықтар шын өмірде 
бар және шындықты түсінудің ең дұрыс әдісі осы қарама-қайшылық тардың 
дамуын зерттеу деп сенеді. Гегель тарихи өзгерістерді түсіну үшін қарама-қай-
шылық идеясын қолданды. Гегельдің пікірінше, шын өмірдің мәні қарама-қай-
шылықты түсініктемелерінен, біздің қарама-қайшылықтарды шешу әрекетте-
рімізден және дамып келе жатқан жаңа қарама-қайшылықтардан тарихи өзге-
ріс туындады.
Сондай-ақ Маркс тарихи өзгерістерге қайшылықтардың ортақтығын мо-
йын дады. Біз оны «капитализмнің қарама-қайшылықтары» және «таптық қа-
рама-қайшылықтар» сияқты танымал тұжырымдардан көріп отырмыз. Алайда 
Гегельден өзгешелігі – Маркс бұл қарама-қайшылықтардың біздің түсінігіміз-
де, яғни ойымызда іске асатынына сенбеді. Керісінше, Маркс үшін бұлар – нақ-
ты, бар қайшылықтар (Wilde, 1991:277). Маркс үшін мұндай қарама-қайшы-
лықтар жайлы орындықта отырған философтың ой-түсінігімен емес, әлеумет-
тік әлемді өзгертетін қан төгісті күреспен шешіледі. Бұл өте маңызды өзгеріс 
болды, себебі ол Маркске өз диалектикасын философия саласынан шығарып, 
материалдық әлемге негізделген әлеуметтік қатынастарды зерттеу саласына 
енгізуге мүмкіндік берді. Диалектикалық көзқарастың көптеген әлеуметта-
нушылардың ойлау әдісінен үлкен айырмашылығы болса да, бұл – Маркстің 
еңбегін әлеу меттану үшін соншалықты маңызды ететін тәсіл. Диалектика әр-
түрлі дең гейлердің біртұтас бүтіндікке ұқыпты түрде бейімделуіне қатысты 
дәстүрлі әлеуметтануға деген қызығушылықтан гөрі, әлеуметтік шындықтың 
әртүрлі деңгейлері арасындағы қақтығыстар мен қарама-қайшылықтарға қы-
зығушылық тудырады. 


50
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Мысалы, капитализмдегі қайшылықтардың бірі – жұмысшылар, зауыттар 
және жұмыс істейтін басқа өндіріс құралдарына иелік ететін капиталистер 
арасындағы қарым-қатынас. Капиталист жұмысшылардың еңбегінен пайда 
табу үшін оларды қанайды. Жұмысшылар капиталистерге қарсы, еңбегіне 
қарай өз үлесін алғысы келеді. Маркс мұны «капитализмнің табиғатындағы 
бітіс пес қарама-қайшылық» дейді. Капитализм кеңейіп құлаш жайған сайын 
жұмысшылардың саны өсіп, қанаушылық күшейген үстіне күшейеді. Ол үшін 
капита лизм кішігірім фирмалардың бизнеспен айналысуын шектеп, көп адам-
дарды жұмысшыларға айналуға мәжбүрлейді. Капиталистер пайда табу үшін 
өзара бәсекелесіп, жұмысшыларды одан әрі қанауға салады, сөйтіп олардың 
арасын дағы шиеленіс бірте-бірте асқына түспек. Бұл қайшылықты философия 
арқылы емес, тек әлеуметтік өзгерістермен шешуге болады. Қанау деңгейінің 
артуы жұмысшылар қарсылығын одан сайын күшейтеді. Ал қарсыласу одан 
да қатал қанау мен қысым көрсетуді тудырады және бұл екі тап арасын дағы 
бітіспес қарама-қайшылыққа алып келеді (Boswell and Dixon, 1993).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет