Алеуметтану тероиясы indb


Өткен шақ, қазіргі кез, болашақ



Pdf көрінісі
бет61/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Өткен шақ, қазіргі кез, болашақ
Диалектиктер әлеуметтік құбылыстардың қазіргі әлемдегі қарым-қатынасын 
ғана емес, сонымен қатар осы заманауи шындықтың өткен шақтағы (Bauman, 
1976:81) және болашақтағы әлеуметтік құбылыстарға қатынасын қарасты-
рады. Диалектикалық әлеуметтану үшін екі ерекше мағына бар. Біріншіден, 
Маркс ([1857–1858] 1964) қазіргі заманғы капитализмнің бастау көзі жай-
лы зерттеуінде атап айтқандай, диалектикалық әлеуметтанушылар заманауи 
әлемнің тарихи тамырларын зерттеумен айналысатынын білді ре ді. Шын мә-
нінде, диалектикалық ойшылдар көптен тарихи зерттеулер жүр гізілмеген соң 
қазіргі заманғы әлеуметтануды қатаң сынға алады. Маркстің осы ған қатысты 
ойларының жақсы үлгісін The Eighteenth Brumaire of Louis Bonaparte («Луи
Бонапарттың он сегізінші брюмеріндегі») белгілі дәйексөзінен табуға болады:
«Ер адамдар өз тарихын жасайды, бірақ олар мұны өздері қалағандай 
жасамайды, олар оны өздері таңдаған жағдайлардың ықпалымен емес
өткен заманнан бері тікелей жалғасып келе жатқан жағдайлардың ық па-
лымен жасайды. Барлық өлі ұрпақтың дәстүрі тірілердің миында қорқы-
нышты түс сияқты анталап тұр».
(Marx, [1852] 1970:15)
Екіншіден, көптеген диалектикалық ойшылдар қоғамның болашақ бағыт та-
рын түсіну үшін қазіргі әлеуметтік үрдістерге жүгінді. Болашақ мүмкіндік терге 
қызығушылықтың негізгі себептерінің бірі – диалектикалық әлеу мет танудың 
саясилығы. Ол жаңа мүмкіндіктер тудыратын тәжірибелік қызметті ынталан-
дыруға мүдделі. Дегенмен, диалектиктердің пікірінше, болашақ әлем нің таби-
ғатын көріп-тану қазіргі әлемді мұқият зерделеу арқылы ғана мүмкін болады. 
Олардың пікірінше, болашақтың қайнар көзі қазіргі кезде тіршілік етеді.
Шарасыздыққа мойынсұнбау
Қазіргі және келешектегі қарым-қатынастың диалектикалық көзқарасы – бола-
шақты қазіргі таңда анықтайды дегенді білдірмейді. Теренс Бал (1991) Марксті 
«тарихи шарасыздықты ұстанушы» емес, «саяси мүмкіндіктерді көруші» деп 
сипаттайды. Әлеуметтік құбылыстар үнемі әрекет үстінде және қозғалыста 
болғандықтан, әлеуметтік әлем қарапайым, детерминистік үлгіге қарсы тұрады. 
Болашақ қазіргі заманғы модельге негізделуі мүмкін, бірақ ол міндетті емес.
3


52
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Маркстің тарихи зерттеулері адамдардың таңдау жасайтынын, бірақ бұл таң-
даулардың шектеулі екенін көрсетті. Мысалы, Маркс қоғам таптық күреспен 
айналысатынына және адамдар «қоғамның революциялық қайта қалпына кел-
тірілуіне немесе қарсылас таптардың жалпы күйреуіне» қатыса алатынына 
сенді (Marx and Engels [1848] 1948). Маркс болашақты коммунизмнен табу ке-
рек деп үміттенді, бірақ оның келуін жұмысшылардың енжар қалыпта күте ала-
тынына сенбеді. Коммунизм олардың таңдауы мен күрес жолы арқылы ғана келеді.
Детерминистикалық ойлауды қабылдамау – диалектикалық тезистің, анти-
тезистің, синтездің ең танымал үлгісін әлеуметтану үшін пайдалануға жеткі лік-
сіз. Бұл қарапайым модель әлеуметтік құбылыстың қарама-қарсы формасын 
тудыратынын және екеуінің арасындағы қақтығыс жаңа, синтетикалық әлеу меттік 
формаға әкеліп соғатынын білдіреді. Бірақ нақты әлемде ешқандай шарасыз-
дықтар болмайды. Сонымен қатар әлеуметтік құбылыстарды қарапайым тезис-
ке, антитезиске және кейбір марксистер қабылдаған жалпыландырылған кате-
горияларға бөлу оңай емес. Диалектика үлкен абстракцияларды емес, шы найы 
қарым-қатынастарды зерттеуге қызығушылық танытады. Марксті Гегель ден 
алыстатқан дәл осы үлкен абстракциялармен айналысуға қарсылығы – оны 
бүгінгі күні тезис, антитезис, синтез сияқты диалектиканың қарапайымдануы-
нан бас тартқызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет