Missing Feminist Revolution in Sociology («Әлеуметтанудағы жоғалған фе ми-
нистік революция») эссесінде үстіртін классикалық тұжырымдама жасап, ке-
йін оны қайта қарады (Alway, 1995b; Chafetz, 1997; Stacey and Thorne, 1996,
Thistle, 2000; Wharton, 2006; C. Williams, 2006). «Әлеуметтанудағы жоғалған
фе министік революция» дегеніміз әйелдер тәжірибесі мен перспективасын
ес кере отырып, әлеуметтанудың мазмұнын, тұжырымдамаларын және әдіс-
терін қайта өңдеуді білдіреді. Бұл жұмыс жүйелі және бұқаралық сипатта
болмады. Мысалы, әлеуметтану теориясы қоғамындағы феминистер – тео-
риялары мезгілімен мойындалған, бірақ ассимиляцияланбаған, идеялары
осы пәннің басым тұжырымдамалық негіздеріне түбегейлі әсер етпеген, ай-
қын және белсенді теориялық топ.
Гендер мәселесінде әлеуметтанудағы феминистік мектепке баса назар ау-
дарылады. Бірақ бұл феминизм теориясының бастапқы екі не гізгі мәселесінен
басталды: яғни ол – әйелдің бостандығы мен осы мақсатқа жетудің құралы ре-
тінде әйелдер тәжірибесі арқылы қалыптасқан әлемнің артикуляциясы. Гендер-
ді зерттеу, әрине, бұл жобаларға қарсы емес, бірақ олармен бірдей бол май ды.
Бұл тарау гендерлік тұжырымдамалардың айнала сындағы үлкен оқиғаларды
есепке алуға тырысады, сонымен бірге феминистік теория гендерлік әлеуметта-
нумен бірдей емес екенін есте сақтай отырып, қиы лысу теориясының өсуі және
жыныстық айырмашылық теориясының қайта өрлеуі, сондай-ақ материалистік
немесе социалистік феминизмнің сақталуы сияқты феминистік теорияның соң-
ғы оқиғаларын түсіндіруге көмектеседі.
Қазіргі феминистік теориялар Бұл бөлімде біз қазіргі феминистік әлеуметтану тұрғысынан талдауды бас шы-
лыққа ала отырып, қазіргі феминистік теориялардың типологиясын ұсы намыз.
3
Біздің типологиямыз феминистердің «Әйелдердің жағдайы қандай болмақ?» де-
ген ең басты сұрақ төңірегіндегі жауаптарды қамтыды. Негізінен, бұл сұраққа
бес жауап бар (12.1-кестені қараңыз). Біріншісі, гендерлік айырмашылық тұрғы-
сынан тұжырымдалуы мүмкін: көптеген жағдайдағы әйелдердің орны мен тә-
жірибесі сол жағдайдағы ерлердің орны мен тәжірибесінен ерек шеленеді. Екін-
шісі, гендерлік теңсіздік, көптеген жағдайдағы әйелдердің орны өзгеше ғана
емес, сонымен қатар ерлермен салыстырғанда, тең емес. Үшінші, гендерлік қы-
сым – әйелдердің өзін ұстауы, бағынуы, қалыптасуы, ер адамдардың қанап, пай-
далануы және зорлық-зомбылық арқылы қалыптасқан әйелдер мен еркектер
арасындағы тікелей бағыныштылық қарым-қатынасы. Төртіншісі, әйелдердің
айырмашылық, теңсіздік және қысым қарым-қаты насындағы тәжірибесі олар-
дың құрылымдық қысымының әлеуметтік орнына – табына, нәсіліне, ұлтына,
жасына, талғамына, отбасылық мәртебесіне және жаһандық орналасуына бай-
ланысты өзгеріп отырады. Бесіншіден, үшінші тол қын феминизмінде басқа тео-
риялық ұстанымдар үшін аса маңызды болып саналатын әйел тұжырымдамасы
мәселесіне баса назар аударады және әлеуметтік талдауда «әйел» тұжырымда-
масы туралы пікірлерден қандай нәтиже шығатыны туралы мәселені көтереді.