Қанат: Құрыдым.
Айтгүл: Өткенде қолымызға Қанаттың қойын дәптері тиді. Байқауымызша ол «К» деген біреуді жақсы көреді, шамасы қыз болуы керек. Өйткені оған арнап, мынандай өлең жазған:.
«К»- ға
«Саған қолым жетер ме,
Жалынсамда тәңірге.
Қандай дауа айтарсың,
Жүрек берген әмірге.
О махаббат, махаббат,
Ессіз еріп келемін,
Ерте оянған сезімге».
Гүлзат: Жетер. Айтгүл! Бұл Мерқұрмановтың жеке шаруасы. Ол жағына араласуға ешкімнің құқығы жоқ. Және біреудің қойын дәптерін рұқсатсыз оқу үлкен қателік. Балалар, Қанат ақынжанды бала, сондықтан әсершіл, арманшыл болар. Өз басым Қанатты түсінемін. Мұқағали ақын бір сөзінде «поэзия махабаттан басталып, парасатпен аяқталады» деген екен. Бәлкім ол болашақта үлкен ақын болар. Алайда дәл қазіргі уақытта Қанатқа оқу жайын ойлау керек. Ақындықтың өзі білім болмаса, биік деңгейге ұласпайды. Менің айтарым, бір‑біріңе сын айта біліңдер тек тырнақ астынан кір іздемегендерің абзал.
Айтгүл, орныңа отыр. Уақыт аз қалды. Енді соңғы қоңырауда болатын би кешіне дайындаламыз. Кәсіпқой биші болмасам да би үйірмесіне қатысқанмын. Білгенімше сендерге үйретейін. Сондықтан бір қыз бір ұлдан жұп-жұпқа бөлінесіңдер. Қайыржан, сен Сайрамен билейсің. Қанат сенің Айтгүлмен билегенің дұрыс. Сен екеуің бірге.
Қайыржан: Мына «атқыш» пен «сатқыштан» құтылмайтың болдық‑ ау.
Қанат: Құдай мен мұғалімнің маңдайымызға жазғаны осылар болар.
Қайыржан: Қой, жаман сөз айтпа. Осылардың аттарын әке‑шешелері дұрыс қоймаған. Біреуі бірдеңе айтпаса, біреуі сайрамаса тұра алмайды.
(Би басталады. Гүлзат вальстің қимылдарын көрсетеді. Қанат үйрене алмаған сыңай танытып Айтгүлдің аяғын қайта‑ қайта басып кетеді. Қатты айналдырып құлата жаздайды.)
Айтгүл: Мұғалім, мен Мерқұрмановпен билегім келмейді.
Қанат: Мен де Айтгүлмен билегім келмейді.
Гүлзат: Қателесесіңдер, екуің жақсы жарасып тұрсыңдар, әлі‑ ақ үйреніп кетесіңдер. Қане, былай, былай..
(Қайыржан да билей алмаған болып Сайраны әуреге салады.)
Достарыңызбен бөлісу: |