АлғАШҚы махаббат (комедия) Кейіпкерлер: Қанат


Сайра: Апай мен басқа біреумен билейінші. Мына Қабыланбеков түк билей алмайды. Қайыржан



бет13/25
Дата18.11.2023
өлшемі43,27 Kb.
#124544
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
Алғашқы махаббат

Сайра: Апай мен басқа біреумен билейінші. Мына Қабыланбеков түк билей алмайды.
Қайыржан: Өзіңе қара. Кеуіп қалған ағаш секілді майыса алмайсың.
Қанат: Осы «атқыш» пен «сатқыштан» биші шықса мұрынымды кесіп берейін.
Сайра: Апай мыналар бізді мазақтап жатыр.
Айтгүл: Мерқұрманов менімен емес, өзінің «К»‑сы мен билегісі келіп жүр.
Гүлзат: Қойыңдар енді. Әр қайсыңа жеке‑ жеке үйретемін.
Қанат: Қайыржан, маған бір ой келіп тұр. Апайдан би үйрену үшін ең соңында мен қалайын. Өтірік үйрене алмаған болып біраз қасында жүре тұрамын.
Қайыржан: Сырттарыңнан білдірмей жауып кетейін бе?
Қанат: Қой‑ ей, ұяламын.
Гүлзат: Алғашқы нәтежие жаман емес. Үйренгендер біртіндеп үйлеріңе қайта беріңдер. Айтгүл, Сайра, екеуің берірек келіңдер. Қыздар, өздеріңе қараңдаршы. Қандай әдемісіңдер. Жақсы оқисыңдар. Бірақ қылықтарың мен мінездерің өздеріңе жараспайды. Байқайсыңдар ма, қыз балалар ұлдарға қарағанда ертерек есейеді. Сыныптас құрбыларыңның барлығының бойынан бойжеткенге тән белгілер байқалады. Тек екеуің ғана жастарыңа сай келмейтін мінез көрсетесіңдер. Өздеріңді бойжеткен қыз сезінетін уақыт келді. Ол табиғаттың заңы. Он жеті жастың өз сұлулығы бар.
Сайра: Сонда қалай, майы‑сы‑ып жүрейік пе?
Гүлзат: Қыз болу деген қылымсу деген сөз емес. Арлы инабатты болыңдар, әрі өмірге бойжеткен көзімен қараңдар. Сырт көз сыншы.
Қанат: Апаймен оңаша қалсам деп едім, мына екеуі тағы келіп килікті. Тезірек кетіп қалмай не істеп тұр.
Қайыржан: «Атқыш», мал келетін уақыт болды бұзауың еміп қоймасын.
Айтгүл: Жігіттер, ауылдың оқымаған қараңғы адамы емеспіз ғой. Сыпайы, мәдениетті әзілдесейік.
Сайра: Жігіттер, көріскенше сау болыңдар. Бізді шығарып салуға көңілдерің соқпай ма? Әй бірақ екеуің әлі күнге жас бала секілдісіңдер.
Қайыржан: Мыналарға не көрінген ей? Қалай‑қалай майысады.
Қанат: Би әсер еткен шығар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет