АлғАШҚы махаббат (комедия) Кейіпкерлер: Қанат


Қанат: Шаршасаңыз сәл тыныға тұрыңыз. Мен сізге өлеңімді оқып берейін. Көптен бері ойымда жүр еді. Гүлзат



бет15/25
Дата18.11.2023
өлшемі43,27 Kb.
#124544
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Байланысты:
Алғашқы махаббат

Қанат: Шаршасаңыз сәл тыныға тұрыңыз. Мен сізге өлеңімді оқып берейін. Көптен бері ойымда жүр еді.
Гүлзат: Жарайды. Оқысаң оқы. Дем ала тұрайын.
Қанат: Сұлусың қандай, сұлусың қандай жайнаған,
Көрген сайын көркіңе көзім тоймаған.
Алыстасың, қанша жақын жүрсекте,
Тіл қата алмай іштен тынып ойланам.
Аймен, Күнмен, жұлдыздармен тең бе едің,
Қол жетпейтін махаббатым сен менің.
Жаутаң қағып жанарыңа қараймын,
Жан сырымды қалай ғана сезбедің?
Гүлзат: Тамаша. Өзің әртістер секілді жан жүрегіңді беріп оқиды екенсің. Театр институтына барсаңшы. Байқаймын, бұл өлеңің «К» деген қызға арналған секілді.
Қанат: Қайдан біліп қойдыңыз?
Гүлзат: Айтгүл айтты емес пе. Ол қыз бақытты екен.
Қанат: Ол өзінің бақытты екенін әлі білмейді.
Гүлзат: Қанша айтқанмен азамат болып қалдыңдар. Білдіру керек, ретін тауып айту керек.
Қанат: Айтайын десем, ұрсады ма деп қорқамын.
Гүлзат: Қанат, сен қандай жаны нәзік адамсың. Өзің қалаған гүлді үзіп алуға қимайсың. Жалпы біреуді шынайы жақсы көру асыл қасиет. Менің де сен сияқты ақынжанды сіңілім бар. Ол да өлең жазады. Мінезі саған ұқсайды. Жақында келеді, таныстырайын ба?
Қанат: Жоқ! Маған «К» ғана ұнайды.
Гүлзат: Сен дұрыс түсінбедің. Мейлі өзің біл.
Қанат: Неге екенін білмеймін, оған жан сырымды айтайын десем, жүрегім тарсылдап, көзім қарауытып, дауысым дірілдеп, тілім байланып...
Гүлзат: Қанат, сен бір түрлі мазасызданып тұрсың. Бір жерің ауырып тұрған жоқ па?
Қанат: Жүрегім ауырып тұр.
Гүлзат: Қой ендеше кетейік. Міне, бізді күтіп тұрғандай жарық та сөніп қалды.
Қанат: Апай жарық жанғанша күте тұрайықшы.
Гүлзат: Неге?
Қанат: Қараңғыдан қорқамын.
Гүлзат: А, қорықсаң мен бармын.
Қанат: Апай сіз білмейсіз бе? Қараңғыда дәлізге шығуға болмайды. Рас айтамын. Себебі, біздің мектеп бейіттің үстіне салынған дейді. Бұрын осы маңның барлығында бейіттер болыпты. Қараңғыда дәлізге шықса қорқынышты бірдеңелер көрінеді екен. Жын‑шайтандар бар болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет